Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарықтық...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
782.34 Кб
Скачать

1.1 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері

Маркетингтік зертеулерді бес кезеңмен өткізуге болады:

  1. Зерттеу мәселесі мен мақсаттарын айқындау.

  2. Зерттеу жоспарын құру.

  3. Ақпарат жинау.

  4. Жиналған ақпаратты талдау.

  5. Зерттеу қортындылары туралы есеп.

Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы – зерттеудің міндеттерін, обьектісін және мақсаттарын айқын белгілеу, жұмыс жоспарын жасау.

Маркетингтік зерттеу қалыптасқан пробемалардан

пайда болады, осы мақсаттарға жетуі анықтама алуға қол жеткізеді. Маркетингтік зерттеу Маркетингті зерттеудің мінезінің мақсаты зерттеу түрін алдын- ала анықтайды.

Зерттеу мақсаты, міндетті нақтылау және зерттеу мәселесі туралы бірінші түсінікті қалыптастыру болып саналады.

Маркетингтік зерттеудің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық баяндау – табысты маркетингтің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болдады. Ақпарат жинау - өте қымбатқа түседі сондықтан , мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе, қажетсіз шығындарға ұшыранады. Мәселелерді айқындау процедурасына мәселелер каталогы кіреді.

Әдетте, мәселелер өндірістік- өткізу қызметін талдау нәтижесінде және басшылар мен мамандардан сараптамалық пікір сұрау жүргізу арқылы анықталады.

Мәселелер анықталғаннан кейін мақсаттар қойылады. Егер мәселе (обьект) – бұл міндеттердің жалпы қойылымы болса, онда мақсаттар – зерттеу обьектісінен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылады. Мақсаттар анық құрастырылып, олардың сандық өлшемі болуы қажет. Мысалы, тауар өлшемінің өткізу көлемді төмендей бастады. Осы құбылыстардың себептері мен факторларын анықтау зерттеулердің мәселесі болып табылады. Бұл мәселені шешуде маркетингтік зертеудің алдында мынандай мақсаттар қойылады : Өнімге сатып алушылар көзқарасын айқындау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестерінің тигізетін әсерін талдау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестердің тигізетін әсерін талдау; тауар өніміне нақты сұранысы бар анықтау.

Менің курстық жұмысымның қарастыратын мәселесі « Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің қазіргі нарықтық жағдайына маркетингтік зерттеу жүргізу».

2004 жылы 31 .12 Қазақстан республикасының Премьер- Министр міндетін атқкарушы А. Есимов Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1448 бұйрығына қол қойды. « Кондитерлік өнімнің кейбір түрлерінің импортына уақытша қорғау шараларын енгізуді бастау» бұйрық басылымға шыққан күнінен бастап күшіне енді, яғни 2005ж 8 қаңтар.

Қорғау шараларын енгізу қазақстандық кондитерлерді теңсіз бәсекелестіктен қорғауға және мемлекет нарығында өз орнын сақтап қалуға көмектесуге тиіс болды бірақ бұл жағдайда енгізілген кондитерлік өнімнің қорғау импорт салықтары ішкі нарықта бәсекелестіктің төмендеуіне әкелді, соның нәтижесінде мемлекеттік ішкі нарықта баға көтерілді.

Салықты енгізіуден кейін, тек шет ел өндірушілерінің ғана емес, сонымен қатар отандық өндірушілердің кондитерлік өнімінің ассортименті азайды және бағасы өсті.