
- •Қазақстан Білім және Ғылым Министірлігі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық Қатынастар және әлем тілдері университеті
- •1 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі
- •Қазақстандық компанияларының зерттеушілік қызметі*
- •1.1 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері
- •2 Кондитерлік өнімдерінің нарықтағы алатын орны мен жалпы жағдайы
- •2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы
- •2.2 Қазақстан нарығындағы кондитерлік өнімге жалпы шолу
- •Қазақстан нарығындағы кондитер өнімдерінің анализі
- •3 Аақ «Рахат» кондитер фабрикасы және маркетинг қызметі.
- •3.1 Аақ «Рахат» кондитер фабрикасының кондитерлік саясаты.
Қазақстан Білім және Ғылым Министірлігі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық Қатынастар және әлем тілдері университеті
«Маркетинг» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырып: Қазақстандағы кондитерлік
өнімдерінің нарықтық жағдайын маркетингтік зерттеу
Орындаған: Манапова А.
Тексерген: э.ғ.д. Нысанбаев С.
Алматы 2008
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................3-4
1 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі........5-8
1.1 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері........9-10
2 Кондитерлік өнімдерінің нарықтағы алатын орны мен жалпы жағдайы..................................................................................................
2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы .......................11-12
2.2 Қазақстан нарығындағы кондитерлік өнімге жалпы шолу...13-18
2.3 Қазақстан нарығындағы кондитер өнімдерінің анализі...... 19-20
3 ААҚ «Рахат» кондитер фабрикасы және маркетингтік қызметі.....
3.1 ААҚ «Рахат» фабрикасының кондитер саясаты....................21-28
Қорытынды.........................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................30
Кіріспе
Маркетинг- іскерлік кәсіпкерлік,
тапқырлық, дарындылық, икемділік,
сезімталдық және білімділік мектебі.
Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы орамдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингнті алып келіп отыр.
Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірбиеге, қуатты экономикалық әлеуетке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Ал менің курстық жұмысыма арқау болып отырған тақырып «Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарық жағдайын маркетингтік зерттеу».
Қазіргі ХХІ ғасыр заманында тұтынушы талғамы әр қилы болып келеді. Олардың кондитерлік өнімге деген сұранысы мен талабы, қалауы мен қанағаттану дәрежесі сан түрлі және ұдайы өзгеріске ұшырауда. Осыған байланысты таяуда жүргізілген зерттеулерге келсек, олар келесі ақпараттарды беруде.
Еуромонитор Интернейшнл мәліметтері бойынша кондитер өнімдерінің әлемдік нарық сыйымдылығы 2002 ж. 154 млн. тоннаны құрайды және жалпы тауарайналым 95 млрд. АҚШ долларын құрайды. Болжамдар бойынша 2002 ж. салыстырғанда кондитер өнімдері 2007 ж. әлемдік нарық сыйылымдылығы 16.6 млн.т тоннаға жетуі мүмкін немесе 10.7% өсуі мүмкін және тауарайналымы 117 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Кондитер өнімдерін өндіру жер шарының көптеген мелекеттерінде зор дамыған. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия мемлекеттерінде аты шыққан тауар маркалары нарықта өз орындарын тауып, дамыған және әлемге әйгілі. Ал дамушы елдерде кондитер өнімдерін өндіру енді қолданысқа, айналымға алынуда. Болжамдар бойынша кондитер өнімдерін өндіру процесі күрт ұлғаятын аймақтар мыналар: Қытай, Латын Америка елдері, Шығыс Еуропа елдері.
Қазақстан Республикасы да кондитер саласын дамытуға өз жігерін қосып, елеулі даму үстінде. Оған мысал ретіде отандық кондитер өндірушілер Рахат, Баян-Сұлу, Қарағанды конфеттерінің жеткен жетістіктерін айтуға болады.
Осы курстық жұмыста кондитер саласының жалпы нарықтық жағдайы мен оның даму процестері туралы, отандық өндіруші Рахат кондитер фабрикасының Қазақстандағы алатын нишасы мен қазіргі даму тенденциясы жайында мәліметтер жазылған.