Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ акушерство на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
303.1 Кб
Скачать

7 Кезара

Критериялар:босанғаннан кейінгі ерте кезеңде босанған әйелді бақылау ( босанған әйелдің жалпы жағдайын, жыныс жолдарының бөлінділерін және жатыр түбінің биіктігін, сүт бездерін бақылау), босанған әйелге емшекпен емізу бойынша кеңес беру (емшекпен емізу принциптері).

Қадамдарды бағалау критериялары

1

Босанған әйелдің жалпы жағдайына баға береді, тері және шырышты қабаттардың түсін суреттейді, дене температурасын, артериальді қысымды өлшеп, пульсті санайды.

2

Сүт бездерін қарап, пальпация жасайды.

3

Жатыр түбінің биіктігін анықтап, босанғаннан кейінгі тәуліктерге сәйкес қорытынды береді.

4

Жыныс жолдарының бөлінділерін және аралықтағы тігістерді қарау.

5

Босанған әйелге жеке гигиена және диета жөнінде кеңес береді.

6

Босанған әйелге емшекпен емізу сұрақтары бойынша кеңес береді:

- емшекпен емізу принциптері туралы мәлімет береді,

- емшекпен емізудің анасына қажет екендігі туралы мәлімет береді,

- емшекпен емізудің нәрестеге қажет екендігі туралы мәлімет береді,

- нәрестені емшекпен емізудің ережелері туралы мәлімет береді.

- ДЖДСҰ және ЮНИСЕФ құрастырған (1989, Женева) «емшекпен емізудің 10 сәтті принципі» туралы мәлімет береді:

1. Емшекпен емізудің қойылған ережелерін қатаң түрде ұстанып, тұрақты түрде медициналық персоналдың және босанған әйелдерге жеткізіп тұру.

2. Медициналық персоналдарға емшекпен емізу ережелерін жетілдіру әдістерін оқыту.

3. Барлық жүкті әйелдерге емшекпен емізудің техникасы және жетістіктері туралы мәлімет беру.

4. Аналарға босанғаннан кейін алғашқы жарты сағат ішінде емшекпен емізуді бастап үйрету.

5. Аналарға емшекпен емізуді көрсетіп және балаларынан уақытша алшақтаған кезінде лактацияны сақтап қалуды үйрету.

6. Жаңа туылған нәрестеге ана сүтінен басқа ешқандай тағам бермеу керек. Тек қана медициналық көрсеткіштерден басқа.

7. Тәулік бойы ана мен нәрестенің палатада бірге болуын тәжірибелеу.

8. Емшекпен емізуді кесте бойынша емес, нәрестенің сұруы бойынша емізу.

9. Емшекпен емізу кезінде нәрестеге ешқандай тыныштандыратын заттар және дәрі-дәрмектерді, емізіктерді т.б. беруге болмайды.

10. Емшекпен емізуді қолдайтын топтар ұйымын құрметтеп, аналарды босану үйінен немесе ауруханадан шығарғаннан кейін осы топтарға бағыттау.

8 Кезара

Критериялар: сыртқы жыныс мүшелерін қарауды, жатыр мойнын айнамен қарауды, қынаптық жүргізуді білу.

Қадамдарды бағалау критериялары

1

Креслоға жаялық төсеп, науқасты креслоға жатуын сұрайды. Қолын жуады, кептіреді, содан кейін биялайларды (қолғаптарды) киеді.

2

Сыртқы жыныс мүшелерін қарап, түктену типін, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылысын, аралықтың жағдайын, жыныс саңылауының ашылуын бағалайды.

3

Екі қолдың үлкен және сұқ саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашып, қынаптың кіреберісін, қынаптың және жатырдың төмендеуі мен түсуін, шырышты қабаттың түсін, бөліндінің сипаттамасын, зәр шығару каналының сыртқы өзегінің жағдайын, үлкен кіреберіс және парауретральді бездерінің шығу өзектерін қарайды.

4

Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарайды: қасық тәрізді айнаны енгізеді, алдымен қырымен кіргізіп, төмен қарай бұрады, содан кейін сол тәртіппен алдыңғы айнаны енгізіп, жоғары қарай бұрады. Айнамен қарау кезінде жатыр мойнының формасын (конус тәрізді, цилиндр тәрізді, деформацияланған), шырышты қабаттың түсін бағалайды. Жатыр мойнындағы патологиялық үрдістерді анықтайды: жыртылулар, эрозияны, қабыну үрдістерін. Сыртқы жыныс ернеуінің жағдайын («қарашық» симптомы), қынаптық шырышты қабатын (қыртыстылығы, бөлінді) бағалайды.

5

Қынаптық зерттеу жүргізеді. Ол үшін сол қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен үлкен жыныс еріндерін ашады. Қынапқа екі саусақты енгізеді, алдымен қынаптың артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақ, содан кейін сұқ саусақ.

6

Жатырды зерттейді: оның консистенциясын, қозғалғыштығын, ауру сезімінің бар жоқтығын анықтайды. Жатыр қосалқыларын сау жағынан бастап зерттейді. Сонымен қатар оның орналасуын, көлемін, консистенциясын, пішінін, қозғалғыштығын, ауру сезімінің бар жоқтығын және т.б. анықтайды. Қынап күмбездерінің ерекшеліктерін (жазылуы, тығыздалуы, томпаюын, ауру сезімін, флюктуациясын) анықтайды.

7

Қынаптан саусақтарды шығарып, бөліндінің сипатын қарап және бағалайды (қанды, іріңді,шырышты).

8

Айнаны дезинфицирлеуші ерітіндіге салады. Биялайларды (қолғаптарды) шешіп, арнайы контейнерге тастайды. Қолды сабынмен жуып, сүлгімен сүртеді.

9

Амбулаторлы картаға және ауру тарихына мәліметтерді жазу.

10

Процедураларды жүргізіп жатқан кезде науқасқа өзінің іс-әрекеттерін шыдамды және жай тонмен түсіндіріп, науқасқа сұрақ қою мүмкіндігін береді.