Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ акушерство на каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
303.1 Кб
Скачать

5 Кезара

Критерииі:Босанғаннан кейінгі кезеңді активті жүргізе білу.

Қадамдарды бағалау критерилері

1

Бала туылғаннан кейінгі 1-ші минутта әйелдің санына 10 Б б/е окситоцин енгізеді.

2

Аралыққа жақын кіндікті қысқышпен қысады.Қысылған кіндікті және қысқыштың соңын бір қолмен ұстап тұрады.Екінші қолын әйелдің қасаға үстіне қояды.Кіндікті тартып ұстап тұрады да жатырдың жиырылуын күтеді.(әрдайым 2-3 минуттан кейін). Жатырдың жиырылуы және кіндіктің ,бауының ұзаруы кезінде бала жолдасының туылуына дейін өте мұқият кіндік бауын өзіне қарай тартады,ал екінші қолмен жатыр айналуын болдырмау үшін кері итереді. Бала жолдасы туылғаннан кейін екі қолмен бала жолдасын абайлап бұрады да, ұрық қабығы туылғанша ұстап тұрады.

3

Бала жолдасы туылғаннан кейін босанған әйелдің алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы жатырдың жиырылуы үшін жатыр түбіне айналма массаж жасайды.

4

Бала жолдасы туылғаннан кейiн оның бүтiндiгiн анықтайды, ол үшiн бала жолдасын кiндiк бауынан жоғары көтерiп барлық қабықтардың барлығын анықтайды. Плацентаны жатырлық бетiн жоғары қаратып, төртбұрыш ыдысқа салады да бөлiктерiн бiрiнен кейiн бiрiн қарайды, плацентаның шетiн мұқият түрде қарайды (бүтiн плацентаның шетi тегiс және одан шығатын жыртылған тамырлар болмайды). Сосын қабықтарды қарауға кiрiседi: плацентаны жатырлық бетiмен төмен аударады, жыртылған қабықтардың шетiн саусақтармен алып оларды түзеп жұмыртқа камерасын қайта құрастыруға ынта жасайды. Бұл үшiн сулы және бүрлi қабықтардың бүтiндiгiне, қабықтардың арасында плацентаның шетiнен шығатын жыртылған тамырлар бар жоқтығын қарайды (жыртылған тамырлардың болуы плацентада қосымша бөлiктiң болуын және оның жатыр қуысында қалуын көрсетедi).Бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жолдама толтырады.

5

Емтихан тапсырушы барлық қанды колбаға құйып, қан шығынының көлемiн анықтайды.

6

Босанатын әйелдiң жалпы жағдайын, пульсiн, АҚ өлшейдi.

7

Процедураларды жүргізіп жатқан кезде науқасқа өзінің іс-әрекеттерін шыдамды және жай тонмен түсіндіріп ,науқасқа сұрақ қою мүмкіндігін береді.

6 Кезара

Критерииі: Апгар шкаласы бойынша жаңа туылған нәрестені бағалау,біріншілік өңдеуді жүргізу.

Қадамдарды бағалау критерилері

1

Бала туылғаннан кейінгі 30 сек аралығында жаңа туылған баланың жағдайын бағалайды.Егер баланың жағдайы ауыр болмаса, нәрестенi құрғақ жаялықпен сүртiп, анасының iшiне жатқызады (дене жылуын сақтау үшiн, анасы мен баласының терiлерi арасында), үстiнен жылы жаялықпен жабады.Басына таза,үйінен әкелінген бас киімін және аяғына нәскиін кигізеді. Үстіндегі дымқыл жаялығын тастап,баланы таза жаялықпен және көрпемен орайды.

2

Баланың кіндігін стерильді құралдармен кеседі. Егер кіндікті әкесі немесе жанындағы адам кескен болса,оған көмектеседі.

3

Жаңа туылған нәрестенің біріншілік өңдеуі:

-босанғаннан кейінгі кезеңнен 2-сағат аралығында 30 минут сайын және әрбір 1-сағат аралығында 15 минут сайын нәрестенің тыныс алуы мен тері жабындыларын бағалайды. Егер нәрестенің тері жабындысы көгеріңкі немесе тыныс алуы қиындаса (≤30 немесе ≥60 минутта),тез арада маска арқылы оттегін беру керек және неонатолог шақыру керек;

-босанғаннан кейінгі 30 минут аралығында және палатаға ауыстырар алдында баланың дене температурасын электронды термометрмен өлшейді.Егер дене температурасы 36,5-тен төмен болса , тез арада жаялығын,бас киімін және нәскиін ауыстырып,жылы көрпемен орап, анасының жанына жылы лампа қосып жатқызады.

- 1 сағаттан кейін жаңа туылған нәрестенің көздеріне мазь жағады (тетрациклин немесе эритромицин мазьдері жеке қораптағы);

-кіндікті стерильді марлілі дәкемен сүртіп, кіндігіне пластикалық қысқыш салады (кіндікке марлілі дәкені қалдырмайды), бұл кезде бала анасымен жанасып жатады;

-жылу қорғанысының ережелерін сақтап 2-сағаттан кейін жаңа туылған нәрестенің салмағын, бойын өлшейді;

- 2- сағаттан кейін неонатолог қарап тексергеннен кейін баланының таза киімдерін кигізіп, жаялықпен орайды. (қатты орауға болмайды).

4

2-сағаттан кейін анасында және жаңа туылған балада ауытқулар болмаса, каталкамен немесе арнайы кресломен ана мен баланы босанғаннан кейінгі бөлімшеге ауыстырады.

5

Біріншілік күтім нәтижесін бақылау парағына енгізеді де сол парақты босанғаннан кейінгі бөлімше медбикесіне және нәрестелер бөлімшесінің медбикесіне береді.. (олар ана мен баланы қабылдайды).

6

Процедураларды жүргізіп жатқан кезде науқасқа өзінің іс-әрекеттерін шыдамды және жай тонмен түсіндіріп ,науқасқа сұрақ қою мүмкіндігін береді.Емшекпен емізу ерекшелігін және омырауға салу ережесін,емізу жиілігі туралы ақпараттар береді.