
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Акушерия және гинекологиядағы дағдыларды меңгеру Этап 1
Емтихан қабылдаушы үшiн хабарлама: өтiнемiз, жүкті және босанушы әйелден анамнез жинауы кезiнде (шағымдарын, anamnesis morbi, anamnesis vitae), жүкті әйелді жалпы қарап тексеруін, жүктілік мерзімі мен босану мерзімін анықтау бойынша (етеккірдің соңғы күн, овуляция, нәрестенің алғаш қимылы, әйелдер кеңесіне алғаш келуі, УДЗ мәліметтері бойынша ) бiтiрушiнiң тәжiрибелiк дағдыларын бағалаңыз
№ |
Қадамдарды бағалау критериялары
|
1
|
Аты-жөнін, жасын, тұратын жерiн, мамандығын, жұмыс орнын анықтап, шағымдарын сұрайды. Негізгі шағымдарына назар аударады. Шағымдардың болуын, шағымдардың болуын дәлелдейтiн себептерiн, оны күшейтетiн және бәсеңдететiн себептерiн қосымша сұрақтар қою арқылы айқындау. |
2 |
Өмiр анамнезiнде, хронологиялық тәртiпте балалық шақтан бастап ауырған аурулары, операцияларын анықтайды. Егер жүктi әйел қандай да бiр созылмалы аурумен ауыратын болса, оның ұзақтығын, маманда бақылау кезеңдерiн, соңғы өршуiн анықтайды. Әйел вирусты гепатитпен, туберкулезбен, жыныс жолы арқылы берiлетiн аурулармен ауырмағанын, қоршаған орта тазалығын анықтайды. Күйеуi бар болса, жасы, денсаулығы. |
3 |
Менструалды функциясы туралы мәлiмет, етеккiрдiң басталуы, тұрақталуы, қанша күн келуi, қанша күн сайын қайталануы, ауру сезiмi, көп, орташа немесе аз келуi, соңғы етеккiрдiң күнi. |
4 |
Жыныстық өмiрдiң қай жастан басталғанын анықтау. Басынан өткен гинекологиялық аурулар (қандай, қашан)
|
5 |
Акушерлiк анамнез: хронологиялық тәртiпте бұрынғы болған жүктiлiктер, оның аяқталуы, туылған кездегi нәресте салмағы. Жүктiлiк және босану кезiндегi асқынулар (қандай, қашан) |
6 |
Осы жүктiлiктiң ағымын айқындау: әйелдер кеңесіне бiрiншi келу мерзiмi, жүктiлiктiң I және II жартысындағы ағымы.
|
7 |
Терi жабындылары мен шырышты қабаттарының түсiн қарайды. Перифериялық ісіктердің бар жоқтығын анықтайды, аяқ көктамырларының жағдайын бағалау. Артериалдық қан қысымын өлшеп, пульсты санайды. Жүрек және өкпенiң аускультациясын жасайды, ішпен бауырға пальпация жасайды, қажет жағдайда бауырға перкуссия жасау.
|
8 |
Осы әдістерді жасай отырып, өз әрекеттерін жүкті/босанушы әйелге сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып түсіндіреді. |
9 |
Етеккірдің соңғы күні, овуляция, нәрестенің алғаш қимылы, әйелдер кеңесіне алғаш келуі, УДЗ мәліметтері бойынша жүктіліктің мерзімі мен босану мерзімін анықтау. |
Этап 2
Емтихан қабылдаушы үшiн хабарлама: өтiнемiз төменде келтiрiлген критерияларды есепке ала отырып, ішін қарап тексеруді, iш айналымы мен жатыр түбiнiң биiктiгiн өлшеу, Жордания формуласы бойынша нәрестенің болжам салмағын анықтау, жамбас өлшемдерiн анықтау, Леопольд-Левицкийдің 4 әдісін орныдау, нәрестенің жүрек соғысын тыңдау тәрізді тәжiрибелiк дағдыларын бағалаңыз
№ |
Қадамдарды бағалау критериялары
|
1
|
Iштi қарап тексередi. Сантиметрлiк лентамен iш айналымын (ІА) кiндiк тұсында өлшейдi, алынған мәліметті көрсетеді. Жатыр түбi биiктiгiн өлшейді (ЖТБ), ол үшін сантиметрлiк лентамен қасағаның жоғарғы ортасынан жатырдың түбiне дейiн созып өлшейдi, табылған өлшемдi айтады. Болжамалы жүктілік мерзімі мен нәрестенiң болжама салмағы бойынша ой-пiкiрiн айтады, оны Жордания формуласымен есептеп анықтайды (IА х ЖТБ). |
2 |
Жамбас өлшемдерін өлшейді. Емтихан тапсырушы жүктi әйелдiң оң жағында бетiне қарап тұрады. Тазомердiң түймелерiн екi қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен ұстап, мықын сүйегiнiң жоғарғы-алдыңғы ұштарына қойып, олардың арақашықтығын өлшейдi (d. spinarum), қалыпты жағдайда 25-26 см-ге тең. d. spinarum анықтаған соң тазомердiң түймелерiн мықын сүйектiң қырымен сыртқа қарай жылжытады, осы қырлардың ең алшақ нүктелерiнiң арақашықтығын өлшейдi (d. cristarum), қалыпты жағдайда 28-29 см-ге тең. Жүктi әйелге аяқтарын қозғалтуды сұрап, сан сүйегiнiң үлкен ұршықтарын табады да, тазомердiң түймелерiн екi жақтан сол ұршықтарға қойып, арақашықтығын анықтайды (d. trochanterica), қалыпты жағдайда 30-31 см-ге тең. Емтихан тапсырушы жүктi әйелдiң бiр бүйiрге жатуын сұрайды; төменгi аяғын тiзе буынында бүгiп, жоғарғы аяғын созады. Тазомердiң түймелерiн шат сүйегiнiң жоғарғы ортасына қойып, екiншiсiн сегiзкөз ойығына қояды, арақашықтығы сыртқы коньюгата деп аталады (20-21 см). Шынайы коньюгатаны есептейдi, ол үшiн сыртқы коньюгатадан 9 см-дi алып тастайды. Егер анықталған жамбас өлшемдерi қалыпты болса, босанудың ағымы қалыпты болады деп тұжырым жасайды. |
3 |
Емтихан тапсырушы Леопольд-Левицкийдiң сыртқы акушерлiк тексеруiне кiрiседi. Жүктi әйелдiң оң жағынан бетiне қарап тұрады. Екi қолдың алақанын жатырдың түбiне орналастырады, саусақтардың ұштары бiр-бiрiне бағытталған, бiрақ түйiспейдi, жатыр түбiнiң тұру биiктiгiн анықтайды. Сосын қолдың саусақтары жатыр түбiнен жатырдың бүйiр қабырғасына түсiредi. Саусақтардың алақан бетiмен жатырдың бүйiр бөлiмдерiн пальпациялайды. Нәрестенiң арқасы мен ұсақ бөлiктерiнiң қалай орналасқаны туралы мәлiмет алғаннан кейiн емтихан тапсырушы нәрестенiң орналасуы, позициясы және түрiне қорытынды бередi: нәрестенiң арқасының сол жақта орналасуы I позициясын, оң жақта - II позициясын, нәрестенiң арқасының алда – алдыңғы түрiн, арқасының артта – артқы түрiн көрсетедi. Нәрестенiң жатқан бөлiгiн анықтайды, ол үшiн оң қолдың алақанын қасағаға қояды, ал қолдың саусақтарымен жатқан бөлiктi ұстайды. Қатты және еркiн ығысқан бөлiктi анықтағанда басымен жатуын, ал жұмсақ еркiн ығыспайтын бөлiктi анықтағанда – жамбаспен жатуын айтады. Сосын емтихан тапсырушы нәрестенiң жатқан бөлiгiнiң кiшi жамбастың жазықтықтарына қатынасын анықтайды. Ол үшiн ол бетiмен фантомдың аяқтарына қарай бұрылады. Қолдың саусақтарын қасаға сүйектерiнiң горизонталды тармақтарының үстiнен ортаңғы сызығынан латералды орналастырады. Бiртiндеп қолдарды жатқан бөлiктiң және кiшi жамбастың кiру жазықтығының арасына қарай жылжыта отырып жатқан бөлiктiң және кiшi жамбастың кiру жазықтығының сипатын анықтайды. Босану болжамын нәрестенiң орналасуына негiздей отырып айтады.
|
4 |
Нәрестенiң жатуы мен позициясына байланысты нәрестенiң жүрек соғысын тындайды. |
5 |
Босанушы әйелді қарап тексеру, толғақтардың сипатын анықтау (10 минут ішіндегі жиілігін, интенсивтілігін). |
6 |
Босанудың болжамалы жоспарын құрастырып, босану тарихына тіркейді. |
Этап 3
Критерии: Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру, қынаптық зерттеу жүргізу.
№ |
Қадамдарды бағалау критериялары |
1
|
Ішкі зерттеу әдістерін сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеруден бастайды (түктену, даму түрiн, вульваның ісінуін, үлкен және кiшi жыныс мүшелерiн, көктамырлардың варикозды кеңеюін) аралықты (олардың биіктігі мен тыртықтануы) аймақтарын қарайды. |
2 |
Қынаптық зерттеу. Қынапқа 2 саусақты енгiзедi, басында 3-шi саусақты кiргiзiп, қынаптың артқы қабырғасын басады, сосын – сұқ саусақты енгiзедi. (көлемі мен ұзындығы, қынап қабырғасының қатпарлары мен созылғыштығы, тыртықтардың, ісіктердің, патологиялық жағдайлардың болуы. Одан ары жатыр мойнының формасын, көлемін, консистенциясын, жетілу дәрежесін, қысқаруын, жұмсаруын, жамбастың ұзын осіне сәйкестігін, ернеудің саусақ өткізгіштігін анықтайды. Босану кезінде жатыр мойнының жетілу дәрежесін анықтайды. (сақталған, қысқарған, жетілген), ернеудің ашылу дәрежесі сантиметрмен, ернеудің жиектерінің жағдайы (жұмсақ немесе тығыз, қалың немесе жұқа). Босанушы әйелге қынаптық тексеру жүргізгенде қосымша қағанақ қуығының жағдайын анықтайды (бүтіндігі, бүтіндігінің бұзылуы, алдыңғы судың көлемі). Алда жатқан бөлікті (бөксе, басы, аяқтары), олардың қай жерде орналасқанын анықтайды (кіші жамбас қуысының кіреберісінде, кіші жамбас қуысында үлкен және кіші сегментімен, кіші жамбас қуысында, кіші жамбас қуысының шығаберісінде). Басының анықтаушы нүктелері жіктері, еңбектері болып табылады. Жамбас түбінде – сегізкөз және құйымшақ. |
3 |
Зерттеудің соңында алда жатқан бөлігі жоғары тұрса, онда диагональды конъюгатаны санайды (conjugata diagonalis), мүйіс пен симфиздің төменгі жиегінің арақашықтығы (promontorium) (қалыптыда 13 см). Ол үшін қынапқа енген саусақтарымен мүйіске дейін жетуге тырысады, ортаңғы саусағымен жетеді, екінші қолдың сұқ саусағын симфиздің төменгі жиегіне, ал бірінші саусақты қасаға доғасының төменгі жиегіне орналастырып олардың ара қатынасын анықтайды. Сонан соң саусақтарын қынаптан шығарып қолын жуады. Алынған арақашықтықты сантиметрлі лентамен немесе тазомермен өлшейді. Диагональды конъюгата бойынша шынайы конъюгатаның мәліметін алуға болады. |
4 |
Осы әдістерді жасай отырып, өз әрекеттерін жүкті/босанушы әйелге сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып түсіндіреді. |
Этап 4
Критерииі: босану әрекетінің мәліметтерін партограммаға дұрыс енгізу (босанушы әйел туралы ақпарат, нәрестенің ЖСЖ, қағанақ суы, жатыр мойнының ашылуы, басының түскені туралы мәлімет, толғақтардың күші мен жиілігі, АҚҚ, дене қызуы мен тағайындалған дәрі-дәрмектер).
№ |
Критерии оценки шагов |
1
|
Партограмманың жоғарғы бөлігінде босанушының аты-жөнін, акушерлік мәліметтерді (анамнезіндегі жүктілік пен босану санын), босану тарихының №, босану бөлімшесіне ауысқан күнімен уақытын, сусыз кезеңді (сағат) белгілейді. |
2 |
Жатыр мойнынының ашылуын «Х» әрпімен графикте белгілейді. Латентті фазада – жатыр мойнының ашылуы әлсіз 0-ден 3 см-ге дейін, бірте –бірте жатыр мойнының қысқаруымен жүреді. Активті фаза – жатыр мойнының жылдам 3 см-ден 10-ге дейін ашылуы. Жатыр мойнының 0-3 см-ге ашылуы босанудың латентті фазасында көрсетіледі, ал босанудың активті фазасына ауысқанда жатыр мойнының ашылуы үзікті сызықтан Қырағылық сызығына ауысады.Егер әйел активті фазада жатыр мойнының ашылуын уақыт сызығына енгізсе,ал уақытын уақыт астындағы «Х» сызығына енгізеді. |
3 |
Жатырдың жиырылуын үзіктер түрінде көрсетеді:уақыт осінің астында орналасқан нүктелер, қиғаш үзіктер,тегіс үзіктермен белгіленеді, «Жатырдың жиырылуы 10 минутта» деп белгіленеді.Торшалар 1 ден 5 сандарына сәйкес келеді.Әрбір торша бір жиырылуды көрсетеді, егер 10 мин ішінде 2 жиырылу болса, онда 2 торшаны үзіктер түрінде бояйды және т.б. |
4 |
Нәресте басының жылжуын кестенің сол жағындағы «Нәресте басының жүруі» шкаласында «О» әрпімен 5 тен 0-ге дейінгі белгімен белгілейді (бастың орналасуы жамбас шетінде 5 саусақ көлденең). Бастың жүруіне байланысты жамбас шетінде қалған оның бөлігі саусақтардың кіші санымен өлшенеді (4/5, 3/5 және т.б.). |
5 |
Ұрықтың жүрек соғу жиілігін партограмманың жоғарғы жағында әр жарты сағат сайын тіркейді. |
6 |
Қағанақ суының жағдайын «Қағанақ суы» графасында көрсетеді. Қағанақ суының түсін тіркейді: таза - «С», қан аралас – «В» немесе мекония – «М». Егер қағанақ суының бүтіндігі бұзылмаса – «I». |
7 |
Бас сүйегінің конфигурациясын бағалауды партограммадағы қағанақ суы қатарынан төменгі қатарға белгілейді. Егер сүйектер бір-бірінен алшақ тұрса, тігістер жеңіл ұсталынса, онда «О» белгісін тіркейміз; егер сүйектер кішкене біріксе – «+»; сүйектер бір-бірімен кездессе – «++»; сүйектер бір-бірімен қатты біріксе – «+++». |
8 |
Окситоцинннің Б/л және тамшы/минутына енгізілу дәрежесін анықтайды. Енгiзiлген дәрiлiк заттарды, тамырға енгiзiлген сұйықтықтарды, пульс және дене температурасын белгiлейдi.
|
9 |
Босанушы әйелдің жағдайын партограмманың төменгі жағына жазады: АҚ және тамыр соғысын әрбір сағат сайын өлшейді,ал температурасын әрбір 4 сағат сайын өлшейді. Зәр көлемін, зәрде белоктың, ацетонның бар жоғын тіркейді. |
10 |
Процедураларды жүргізіп жатқан кезде науқасқа өзінің іс-әрекеттерін шыдамды және жай тонмен түсіндіріп ,науқасқа сұрақ қою мүмкіндігін береді. |