Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиолог сабак сурак ОМ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

Сабақ №20

Тақырыбы: Сальмонеллалар. Энтеробактериялардың таза дақылын бөлуінін қорытындысы. Тырысқаққа тексеру материалын егу.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Сальмонеллаларға жалпы сипаттама. Іш сүзегі мен паратифтер қоздырғыштарының морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттері. Іш сүзегімен зақымдалу көздері және таралу жолдары. Іш сүзегінің патогенезі. Аурудың мерзіміне байланысты диагностика әдістері. Гемодақылды зерттеу үшін қанды қалай алады? Гемодақылды зерттеу сызбасы. Аурудың қандай мерзімінде серодиагностика жүргізіледі. Видаль реакциясында неге 4 диагностикум қолданылады? Жұқпалы Видаль реакциясын егілген, анамнестикалық және топтық Видальдан ажырату. Сальмонеллалардың қасиеті – тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштары (ТТҚ) (морфологиялық, тинкториалды, дақылдық және биохимиялық белгілері). Токсинтүзілу. Сальмонеллалардың антигендік құрылысы. Сальмонеллалардың серологиялық жіктелу ұстанымдары. Шыныда қойылған агглютинация реакциясында сальмонелланың антигендік құрылысын зерттеу. Тағамдық токсикоинфекцияның зақымдалу көздері, таралу жолдары, патогенезі. Зерттеу үшін алынатын материал. Сальмонеллездердің зертханалық диагностика әдістері. Капродақылды бөлу сызбасы. Бөлінген сальмонеллалардың идентификациясы. Тағамдық токсикоинфекциялардың этиологиялық құрылымы.

Сабақ №21

Тақырыбы: Патогенді және шартты-патогенді вибриондар. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактер. Хеликобактер. Иерсиниялар. Зертханалық диагноз қою принципі. Арнайы алдын алуы және емдеуі. Аралық бақылау: коллоквиум.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Тырысқақ вибриондарының морфологиялық, тинкториалды, дақылдық, биохимиялық қасиеттері. Тырысқақ вибриондарының жіктелуі. Биоварлар. Хейберг триадасы, антигендік құрылысы. Сероварлар. НАГ – вибриондар. Патогенді факторлары. Холероген. Тырысқақ вибриондарының экологиясы. Тырысқақтың патогенезі. Тырысқақты анықтау әдістері. Тырысқақты классикалық бактериологиялық әдіспен зерттеу. Тырысқақтың жедел диагностика әдістері. Тырысқақты емдеу, одан сақтанудың негізгі принциптері. Кампилобактерлер, сипаттамасы, патогенділік, зертханалық диагностикасы. Хеликобактерлер. Жалпы сипаттамасы. Патогендік факторлары. Зертханалық диагностика ұстанымдары.

«Кокты және ішекті инфекция» бөлімі бойынша коллоквиум сұрақтары

  1. Стафилококтар. Морфологиялық, дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Стафилококтардың түрлері, айырмашылықтары. Экологиясы. Сыртқы орта факторларының әсеріне тұрақтылығы.

  2. Іріңді-қабыну үрдістегі стафилококтардың этиологиялық ролі. Госпитальды стафилококты инфекция. Стафилококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы. Материал, әдістер.

  3. Стафилококтардың патогенді факторлары. Анықтау әдістері.

  4. Стафилококты инфекциялардағы иммунитет. Емдеу және ерекше алдын алу.

  5. Стрептококтар. Патогенді стрептококтардың түрлері. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және антигендік белгілері. Гемолитикалық қасиеттерінің және антигендік құрылысының айырмашылықтары.

  6. Стрептококтардың патогенді факторлары. Патологиядағы ролі.

  7. Стрептококтардың ревматизм патогенезіндегі ролі. Стрептококтардың скарлатинаның этиологиясындағы ролі. Патогендік факторлары. Иммунитет.

  8. Стрептококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы, емдеу және сақтандыру әдістері.

  9. Кокты сепсистің зертханалық диагностикасы.

  10. Пневмонияның стрептококтары. Морфологиялық, дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Патогендік факторлары.

  11. Пневмококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы.

  12. Менингококтар. Биологиялық қасиеттерінің сипаттамасы. Менингококты инфекцияның клиникалық түрлері.

  13. Менингококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы. Ерекше сақтандыру.

  14. Гонококтар. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық қасиеттері. Сыртқы ортада тұрақтылығы. Таралу жолдары.

  15. Жедел және созылмалы гонококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы. Гоновакцина.

  16. Энтеробактериялардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық белгілері. Оларды өсіру үшін қажетті қоректік орталар.

  17. Энтеробактериялардың экологиясы. Тұрақтылығы. Антигендері. Патогендік факторлары. Адам патологиясындағы ролі.

  18. Эшерихиялар. Экологиясы, адам ішегіндегі физиологиялық ролі және санитарлы-көрсеткіштік маңызы. Адам патологиясындағы эшерихияның ролі.

  19. Эшерихиялар. Морфологиясы. Дақылдық және биохимиялық белгілері. Эндо, Левин, Плоскирев орталарында өсуінің сипаттамасы. Антигендік құрылысы.

  20. Адам патологиясындағы эшерихиялардың ролі. Иммунитет.

  21. ЭПІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Энтериттердегі этиопатогенетикалық ролі. Балаларды ішекті коли-инфекциялардан сақтандырудағы иммундыглобулиндердің ролі.

  22. ЭТІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Тырысқаққа ұқсас іштің өтуіндегі олардың этиопатогенетикалық ролі.

  23. ЭИІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Дизентерияға ұқсас колиттердегі этиопатогенетикалық ролі. Зертханалық диагностикасы.

  24. Ішекті коли-инфекцияның зертханалық диагностикасы.

  25. Шигеллалар. Жіктелуі. Морфологиялық, биохимиялық және дақылдық белгілері. Эндо, Левин, Плоскирев орталарында өсуінің сипаттамасы. Патогендік факторлары. Антигендік құрылысы.

  26. Дизентерия қоздырғышының экологиясы. Дезинтериядағы иммунитет. Дизентерияның зертханалық диагностикасы. Бактериялық препараттары.

  27. Сальмонеллалар. Жалпы сипаттамасы.

  28. Сальмонеллалардың антигендік құрылысы. Кауфман-Уайт жіктеуі.

  29. Іш сүзегі мен паратифтердің қоздырғыштары, олардың сипаттамасы. Іш сүзегі мен паратифтердің патогенезі, иммунитет.

  30. Іш сүзегі мен паратифтердің зертханалық диагностикасы. Ерекше сақтандыру.

  31. Іш сүзекті тасымалдаушылықтың зертханалық диагностикасы.

  32. Сальмонеллалар – тағамдық токсикоинфекциялардың қоздырғыштары. Патогенезі. Зертханалық диагностикасы.

  33. Тырысқақ вибриондарының жіктелуі. Морфологиясы, дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Антигендік құрылысы.

  34. Холероген. Тырысқақтың патогенезі.

  35. Тырысқақтың зертханалық диагностика әдістері.

  36. Тырысқақтың классикалық (кезеңдік) диагностикасы.

  37. Тырысқақтың жедел диагностика әдістері.

  38. Тырысқақты емдеудің негізгі принциптері. Тырысқақтан ерекше сақтандыру.

  39. Кампилобактерлер: сипаттамасы, патогенділік, зертханалық диагностикасы.

  40. Хеликобактерлер. Жалпы сипаттамасы. Патогендік факторлары. Зертханалық диагностика ұстанымдары.

Тәжірибелік дағдыларды бақылау

  1. Менингококк, стафилококк, стрептококк, эшерихия таза дақылдарынан жасалған, Грам әдісімен боялған жағындылар.

  2. Соз кезіндегі аяқталмаған фагоцитозы бар жағынды.

  3. Стафилококтың плазмокоагуляция реакциясы.

  4. Стафилококты фаготиптеу.

  5. Қан қосылған және СТА орталарында стафилококтың өсуі.

  6. Видаль реакциясы (6 нұсқа).

  7. Рессель ортасында энтеробактериялардың өсуі.

  8. Ішек инфекцияларында қолданылатын дифференциалды-диагностикалық орталар.

  9. Стафилококтардың ала қатары.

  10. Эшерихиялардың ала қатары.

  11. Іш сүзегі мен паратифтер сальмонеллаларының ала қатары.

  12. Ішек таяқшасының тірі және қыздырылған дақылдарымен жасалған агглютинация реакциясы.

  13. Нәжіс экстрактымен және тырысқақтық антиденелі эритроцитарлы диагностикумымен қойылған ПГАР.

  14. Ермольева әдісі.

  15. Нәжіс экстрактымен және дизентериялық антиденелі эритроцитарлы Флекснер мен Зонне диагностикумдарымен қойылған ПГАР.

  16. Тасымалдаушының қан сарысуымен және іш сүзекті Vi – антигенді эритроцитарлы диагностикумымен қойылған ПГАР.

  17. Ситуациялық есептер.

  18. Талдау нәтижелері бар қағаздар.

  19. Бактериялық препараттар.