- •Сабақ №1
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Сабақ №4
- •Сабақ №5
- •Сабақ №6
- •Сабақ №7
- •«Бактериялар, вирустардың, саңырауқұлақтардың физиологиясы» коллоквиумның сұрақтары
- •Сабақ №8
- •Сабақ №9
- •Сабақ №10
- •Сабақ №11
- •Тәжірибелік дағдылықты тексеру
- •Сабақ №12
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №15
- •Сабақ №16
- •«Инфекция және иммунитет»бөлімі бойынша коллоквиумның сұрақтары:
- •Сабақ №17
- •Сабақ №18
- •Сабақ №19
- •Сабақ №20
- •Сабақ №21
- •Сабақ №22
- •Сабақ №23
- •Сабақ №24
- •Сабақ №25
- •Сабақ №26
- •Сабақ №27
- •Сабақ №28
- •Сабақ №29
- •Сабақ №30
- •Сабақ №31
- •Сабақ №32
- •Сабақ №33
- •Сабақ №34
- •Сабақ №35
- •Сабақ №36
Сабақ №15
Тақырыбы: Лизис пен комплементті байланыстыру, бактериолизис реакциялары. Токсинді анатоксинмен бейтараптау реакциясы. Радиоиммунды, иммундыферментті анализдер. Бактериялардың қозғалғыштығын тоқтату реакциясы. Полимеразды тізбектелу реакция.
Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:
Иммунологиялық реакцияларды қоздырғыштың түрін ажырату мен жұқпалы аурулардың диагностикасында қолдану. Иммундыферментті талдау: маңызы, құрамы, қою техникасы, нәтижені бағалау. Лизис реакциясы, оның механизмі, құрамы. Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР), оның механизмі, құрамы. Негізгі КБР тәжірибесін қою техникасы, нәтижесін есепке алу. Токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясы, маңызы, мақсаты, қою тәсілі. Тура және жанама нұсқалардағы иммунофлюоресценция реакциясы. Радиоиммунды талдау. Қозғалғыш бактериялардың иммобилизация реакциясы: механизмі, қою жолы, тәжірибеде қолданылуы. ПТР: қою жолы, тәжірибеде қолданылуы. Иммунобиологиялық препараттар. Диагностикумдар мен агглютинациялық сарысуларды алу. Кастеллани бойынша антиденені адсорбциялау әдісі. Эритроцитарлы диагностикумдар. Иммунды статусты бағалау. Серологиялық реакцияларды бағалау критерилері: антидененің диагностикалық титрі, ауру барысында антидене титрінің артуы, иммуноглобулиндер кластарының қарым-қатынасы.
Сабақ №16
Тақырыбы: Жұқпалы ауруларды иммунды сақтандыру және иммунды емдеу. Иммунды патология (Иммундытапшылық жағдайлар, жоғарысезімталдық реакциялар, аутоиммунды үрдістер). Аралық бақлау: коллоквиум.
Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:
Иммунды терапия және иммунды сақтандыру туралы түсінік. «Вакцина» ұғымына анықтама. Вакцинамен сақтандыру. Вакцинаға қойылатын талаптар. Сақтандыру вакциналарының түрлері, оларды дайындау. Әртүрлі вакциналардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Депо принциптері. Адъюванттар. Вакцинамен емдеу. Вакцинадан кейінгі асқынулар. Жұқпалы ауруларды сарысумен сақтандыру және емдеу. Сарысулардың түрлері. Антитоксикалық сарысулар, оларды алу, титрлеу, тәжірибеде қолдану. Сарысулардан кейiнгi асқынулар. Сарысуларды тазарту әдістері. Иммундыглобулиндердің түрлері. Оларды дайындау және қолдану. Гетерогенді сарысулар мен иммундыглобулиндерді енгізу әдістемесі. Аллергия туралы түсінік. ЖСЖТ мен ЖСБТ айырмашылықтары. Анафилактикалық тітіркену. Аллергеннің сенсибилизациялық және шешуші мөлшері. Иммунологиялық механизм. Сарысулық ауру. Жұқпалы аллергия. Аллергиялық зерттеу әдісі. Тері- аллергиялық сынама.
«Инфекция және иммунитет»бөлімі бойынша коллоквиумның сұрақтары:
«Инфекция», «жұқпалы процесс», «жұқпалы ауру» ұғымына анықтама. Жұқпалы аурудың соматикалық аурудан айырмашылығы.
Микробтардың адамдар мен жануарлар макроорганизмімен қарым-қатынасының формалары: комменсализм, мутуализм, паразитизм. Паразитизмнің дәрежесі. Жұқпалы процесс пайда болу үшін қажетті шарттар.
Жұқпалы процесс қоздырғыштарының қасиеттері.
Патогендік және вируленттік. Вируленттіктің өлшемі.
Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер. Микробтар – оппортунистер. Патогенді емес микробтар.
Вируленттікті бағытты жолмен әлсірету әдістері. Аттенуация.
Вируленттіктің факторлары: инвазивтік, аггресивтік, токсигендік, адгезивтік.
Патогендік ферменттер.
Экзо- және эндотоксиндерге сипаттама. Анатоксиндерді дайындау.
Адгезивтік факторлар.
Жұқпалы процестің дамуындағы микроорганизмдер мен қоршаған ортаның ролі.
Жұқпалы процестің кезеңдері. Аурудың нәтижесі.
Қоздырғыштың орналасуына, әсер ету ұзақтығына, таралуына, клиникалық айқындалуына, аурудың табиғатына, пайда болуына, қоздырғыштың санына, жұғу орнына байланысты инфекцияның формасы. Рецидив, реинфекция, суперинфекция, екінші инфекция, инфекцияның көзі және берілу жолына түсініктеме.
Биологиялық зерттеу әдісі, әдістің мақсаты, қолданатын жануарлардың түрі, материалды енгізу әдістері.
Ошақты, кең таралған инфекция, инфекцияның ағзада таралу жолдары.
Иммунитетке түсінік. Иммунитеттің формалары мен түрлері.
Ағзаның ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын ұстап тұратын механизмдердің екі тобы. Айыратын белгілері. Иммунды жауаптың түрлері.
Бейспецификалық тұрақтылық факторлары.
Фагоцитоз. Фагоцитоздың фазалары. Аяқталмаған фагоцитоз. Фагоцитоздың қызметі.
Бейспецификалық тұрақтылығының гуморальдық факторлары. Комплемент, пропердин, лизоцим, қанның бактерицидті заттары. Комплементтің күшею жолы. Комплементтің қызметі.
Антиген жөнінде түсінік. Химиялық табиғаты. Қандай зат антиген бола алады? Антигеннің қасиеттері.
Толық және толық емес антигендер.
Антигендердің талғамдылық қасиеті. Шлеппер және антигеннің детерминанты жөнінде түсінік.
Микроорганизмнің антигендері. Микроб антигендерінің спецификалық түрлері.
Антидене жөнінде түсінік. Антидененің физико-химиялық қасиеті.
Иммундыглобулиндердің құрылысы.
Иммундыглобулиндердің кластары.
Антидененің спецификалық қасиеті, толық және толық емес антидене. Антиген мен антидененің өзара қарым-қатынасының механизмдері.
Иммунды жүйе. Орталық және шеткері мүшелер, олардың қызметі.
Иммундыкомпетентті жасушалар. Қосымша жасушалар.
Антидененің пайда болу механизмі. Антибактериалды және антитоксикалық иммунитет. Қалыпты және иммунды антидене.
Антидененің пайда болу динамикасы, жалпы заңдылығы. Біріншілікті және екіншілікті иммунды жауап. Иммунологиялық есте сақтау.
Жасушалық иммунды жауап.
Иммуногенездің қазіргі заманғы теориясы.
Серологиялық әдіс. Қолдану мақсаты. Серологиялық реакциялардың кезеңдері.
Агглютинация реакциясы, механизмі, мақсаты, қою техникасы.
Преципитация реакциясы, механизмі, қою техникасы, тәжірибеде қолданылуы.
Комплементтің байланысу реакциясы, механизмі, мақсаты, қою техникасы.
Пассивті гемагглютинация реакциясы, маңызы, мақсаты, қою техникасы.
Антитоксинмен токсинді бейтараптау реакциясы, маңызы, мақсаты, қою әдісі.
Иммундыферментті талдау. Радиоиммунды талдау.
Иммундыфлюоресценция реакциясы. Төте және жанама әдісі.
Аллергия, аллергендер жөнінде түсінік. Аллергиялық реакциялардың жедел және баяу түріне жалпы сипаттама.
Жұқпалы аллергия. Жұқпалы аурулар диагностикасындағы аллергиялық әдістер.
Жұқпалы ауруларды ерекше емдеу және сақтандыру жөнінде түсінік.
Вакцинамен сақтандыру. Вакцинаның түрлері. Қосымша әсері. Адъюванттар.
Вакцинамен емдеу. Емдеу вакциналары.
Сарысумен емдеу және сақтандыру. Емдеу-сақтандыру сарысулары мен глобулиндерінің түрлері.
Емдеу-сақтандыру сарысуларын дайындау, қосымша әсері. Анафилактикалық тітіркену. Сарысу ауруы.
Гетерогенді сарысуларды енгізу әдістері. Десенсибилизация жөнінде түсінік.
Иммундыглобулиндер, түрлері, дайындау, қолданылуы.
Тәжірибелік бөлім
Плазмакоагуляция реакциясы.
Қан қосылған агардағы стафилококтың гемолизі.
СТА ортасында лецитиназа сынамасы.
Қан сарысуында лизоцимді анықтау тәжірибесі.
Опсоно-фагоцитарлы көрсеткішті анықтайтын жағынды.
Аяқталмаған фагоцитозды анықтайтын жағынды.
Агглютинация реакциясы.
Преципитация реакциясы.
Комплементті байланыстыру реакциясы.
Пассивті гемагглютинация реакциясы.
Гемагглютинацияны тежеу реакциясы.
Иммундыферментті талдау реакциясы.
Емдеу – сақтандыру және диагностикалық препараттар.
