Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиолог сабак сурак ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

Сабақ №17

Тақырыбы: Жеке микробиология. Жұқпалы аурулар кезінде тексеру материалын жинау және микробиологиялық зертханаға жеткізу ережелері. Грам оң кокктар.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Жұқпалы аурулар кезінде материалды алу және микробиологиялық зертханаға жеткізу ережелері. Стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар. Жіктелуі. Биологиялық қасиеттері. Патогенді факторлары. Іріңді-қабыну үрдістеріндегі стафилококтар мен стрептококтардың этиологиялық және патогенетикалық ролі. Стафилококты сепсистің микробиологиялық диагностикасы. Госпиталды стафилококты инфекция. Респираторлы инфекцияларда, тілмелік (рожа) қабынуларда, баспада, скарлатинада, пиодермияда, жедел гломерулонефритте, ревматизмде және т.б. стрептококтар мен энтерококтардың ролі. Стафилококты және стрептококты инфекциялар иммунитеттерінің ерекшеліктері. Стафилококты және стрептококты инфекциялардың микробиологиялық диагностикасы, ерекше сақтандыруы және емдеуі. Пептококтар, пептострептококтар. Морфологиясы, физиологиясы. Қабыну үрдістері этиологиясындағы ролі.

Сабақ №18

Тақырыбы: Грам теріс кокктар. Менинго- және гонококктар. Ішек тобына тексеру материалын егу.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Грам теріс коктар. Нейссерияларға жалпы сипаттама. Менингококтар, гонококтар. Биологиялық қасиеттері. Патогенді факторлары. Патогенді және шартты-патогенді нейссериялар. Менингококтардың серологиялық топтары. Менингококты инфекциялардың клиникалық түрлері. Эпидемиялық цереброспиналды менингит пен назофарингиттегі этиологиялық және патогенетикалық ролі. Менингококты тасымалдаушылық. Іріңді уретриттер мен жынысты бездер қабынуында, бленнореяда гонококтардың этиологиялық және патогенетикалық ролі. L-пішінді гонококтар, олардың создың созылмалығындағы ролі. Иммунитет. Микробиологиялық диагностикасы, ерекше сақтандыру және емдеу. Менингококты инфекция мен соз кезіндегі иммунитеттің ерекшеліктері. Микробиологиялық диагностикасы, ерекше сақтандыру және емдеу.

Сабақ №19

Тақырыбы: Ішек таяқша тобы бактерияларының жалпы сипаттамасы. Эшерихиялар. Шигеллалар. Энтеробактериялардың таза дақыл бөлуінің 2-і күні.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Ішек бактериялары тұқымдасына жалпы сипаттамасы, жіктелуі мен адам патологиясындағы ролі. Шигеллалардың жіктелуі. Шигеллалардың морфологиялық және дақылдық қасиеттері. Шигеллалардың биохимиялық және серологиялық қасиеттері. Экологиясы. Дизентерияның патогенезі. Дизентерия кезінде алынатын материал және диагностика әдістері. Негізгі және қосымша әдістердің құндылығы. Дизентерияны сақтандыру және емдеу. Эшерихиялардың сипаттамасы. Экологиясы. Ішек таяқшасының физиологиялық маңызы. Ішек таяқшасының санитарлық-көрсеткішті маңызы. Ішек таяқшасының патогенді сероварлары. ЭПІТ, ЭИІТ, ЭТІТ, ЭГІТ патогендік факторлары. Ішектік коли-инфекцияның зертханалық диагностика ерекшеліктері. Ішекті коли-инфекцияларды емдеу және сақтандыру. Іріңді-қабыну ауруларының дамуындағы ішек таяқшасының ролі. Ішек таяқшасы тудыратын ІҚА зертханалық диагностикасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]