
- •Сабақ №1
- •Сабақ №2
- •Сабақ №3
- •Сабақ №4
- •Сабақ №5
- •Сабақ №6
- •Сабақ №7
- •«Бактериялар, вирустардың, саңырауқұлақтардың физиологиясы» коллоквиумның сұрақтары
- •Сабақ №8
- •Сабақ №9
- •Сабақ №10
- •Сабақ №11
- •Тәжірибелік дағдылықты тексеру
- •Сабақ №12
- •Сабақ №13
- •Сабақ №14
- •Сабақ №15
- •Сабақ №16
- •«Инфекция және иммунитет»бөлімі бойынша коллоквиумның сұрақтары:
- •Сабақ №17
- •Сабақ №18
- •Сабақ №19
- •Сабақ №20
- •Сабақ №21
- •Сабақ №22
- •Сабақ №23
- •Сабақ №24
- •Сабақ №25
- •Сабақ №26
- •Сабақ №27
- •Сабақ №28
- •Сабақ №29
- •Сабақ №30
- •Сабақ №31
- •Сабақ №32
- •Сабақ №33
- •Сабақ №34
- •Сабақ №35
- •Сабақ №36
Тәжірибелік дағдылықты тексеру
Бухнер тәжірибесі.
Бактерияның антибиотикке сезімталдығын қағаз диск әдісімен анықтау тәжірибесі.
Бактерияның антибиотикке сезімталдығын сериялы сұйылту әдісімен анықтау.
Судың коли-титрін мембранды сүзгі әдісімен анықтау.
Ауадағы жалпы микроб санын анықтау.
Бактериялардың трансформация бойынша тәжірибесі.
Бактериялардың конъюгация бойынша тәжірибесі.
Бактериялардың трансдукция бойынша тәжірибесі.
Сабақ №12
Тақырыбы: Инфекция. Бактериялардың патогендік факторлары.
Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:
Инфекция, жұқпалы үрдіс, жұқпалы ауру жайында түсінік. Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Жұқпалы аурулардың жұқпалы емес аурулардан айырмашылығы. Жұқпалы үрдістің пайда болу шарттары. Жұқпалы үрдістің жасқа байланысты ерекшеліктері. Ену қақпасы. Жұқтыру дозасы. Тропизм. Патогендік және вируленттік. Вируленттіктің бірлігі. Микроорганизмдердің аттенуациясы. Адгезивтік. Инвазивтік. Агрессивтік. Токсигендік. Патогенді ферменттер. Экзо- және эндотоксиндер, олардың сипаттамасы. Анатоксин. Микробтардың ағзада таралу жолы мен орналасуы. Қоздырғыштың орналасуына, ағымының ұзақтығына, таралуына, клиникалық көрінісіне, аурудың табиғатына, шығу тегіне, қоздырғыш санына, жұқтыру орнына байланысты инфекцияның түрлері. Рецидив, реинфекция, суперинфекция, екіншілікті инфекция. Микроорганизмдердің персистенция факторлары. Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері. Биологиялық зерттеу әдісінің мақсаты. Зертханалық жануарларға жұқтыру әдістері. Өлген жануарларды бактериологиялық зерттеу.
Сабақ №13
Тақырыбы: Иммунитет. Бейспецификалық қорғаныш факторлары. Фагоцитоз. Опсониндік индекс. Комплементті, лизоцимді титрлеу.
Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:
«Иммунитет», «иммунды жауап» ұғымына анықтама. Иммунды жауаптың формалары. Иммунитеттің айқындалу формалары мен түрлері. Плацентарлы иммунитет. Вакцинациядан кейінгі иммунитет. Иммуноглобулин енгізгеннен кейінгі пассивті иммунитет. Бейспецификалық қорғаныш факторлары: шырышты қабат пен терінің тосқауылдық қызметі, шырышты қабық пен терінің бактерицидті қасиеті, қалыпты микрофлораның қорғаныш қызметі, ағзаның физиологиялық және патологиялық реакциясы. Фагоцитоз. Фагоцитарлы жасушалар. Фагоцитоздың кезеңдері. Фагоцитоздың қызметі. Аяқталған және аяқталмаған фагоцитоз. Опсониндер мен опсониндік индекс деген не? Фагоцитарлық көрсеткіш. Опсонды-фагоцитарлық сынама. Лизоцимнің бактерияға қарсы әсерінің механизмдері. Комплемент, оның құрылысы және қызметі. Комплементтің күшею жолдары. Комплементті, лизоцимді титрлеу.
Сабақ №14
Тақырыбы: Антигендер, антиденелер. Агглютинация реакциясы және оның түрлері (ГАР,ПГАР,Кумбс реакциясы). Преципитация, иммунофлюоресценция реакциясы.
Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:
«Антиген» ұғымына анықтама беру. Антигеннің химиялық құрамы. Антигеннің негізгі қасиеттері. Антиген талғамдылығының құрылымдық негізі. Толық және толық емес антигендер. Микробтардың антигендері. Бактериялардың топтық, түрлік және типтік антигендері. Сероварлар және серотоптар. Антидененің табиғаты мен құрылысы. Иммундыглобулиндердің кластары. Антидененің түрлері. Толық және толық емес антиденелер. Антиген мен антидененің ерекше байланысу механизмі. Антидененің түзілу механизмдері. Антидененің түзілу динамикасы. Біріншілік және екіншілік иммунды жауап. Антидененің титрінің өсуі. Иммунологиялық ес. Серологиялық зерттеу әдісі, оны қолдану мақсаты. Қалыпты және иммунды антиденелер. Иммунды сарысу жөнінде түсінік. Антидененің титрі. Агглютинация реакциясы, оның механизмі, фазасы. Қою техникасы. Реакцияны бағалау. Агглютинациялық сарысуларды және диагностикумдарды дайындау. О және Н – агглютинация. Пассивті гемагглютинация реакциясы (ПГАР). ПГАР – ын қою техникасы. Реакцияны бағалау: механизмі, қою жолы, тәжірибеде қолданылуы. Преципитация реакциясы, оның маңызы, құрамы, қою техникасы, нәтижесін бағалау.