Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиолог сабак сурак ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

Сабақ №4

Тақырыбы: Бактериологиялық зерттеу әдісінің сызбасы. Аэробтардың таза дақылын бөлу (зерттеудің 1-ші күні).

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микроорганизмдердің зат алмасуы. Микроорганизмдердің қоректенуіне қажетті заттар. Өсіру факторлары. Ауксотрофтар және прототрофтар. Микробтардың қоректенуінің түрлері. Қоректену механизмдері. Бактериологиялық зерттеу әдісі. Штамм және таза дақыл жөнінде түсінік. Бактерияларды өсіруге қолайлы жағдайлар. Микроорганизмдерді өсіруге қолайлы температура: өте жоғары, өте тємен, ең қолайлы. Микроорганизмдерді өсіруге қолайлы температура бойынша бөлу. Дақылдық қасиеттер. Аэробтардың таза дақылдарын бөлу әдістері. Арнайы әдісті таңдау неге байланысты? Аэробтардың таза дақылдарын бөліп шығаруда бірінші күнгі зерттеудің мағынасы.

Сабақ №5

Тақырыбы: Микробтардың тыныс алуы, қоректенуі. Қоректік орталар. Микроб-аэробтардың және анаэробтардың таза дақылын бөліп алу (II күн). Әртүрлі бактериалды дақылдардың сұйық және тығыз орталарда өсу ерекшелігі.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микроорганизмдердің зат алмасуы. Энергетикалық алмасу. Микроорганизмдердің тыныс алу түрлері. Аэробты және анаэробты тыныс алу маңызы. Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік орталарға қойылатын талаптар. Қарапайым қоректік орталарды дайындау кезеңдері. Қан қосылған агарды дайындау техникасы. Арнайы, элективті, дифференциальды – диагностикалық күрделі орталарға мысал келтіру. Бактериялардың дақылдық қасиеттері. R- және S-колониялар. Аэробтардың таза дақылдарын тәулік бойынша бөлу сызбасы. Аэробтардың таза дақылдарын бөліп шығарудағы екінші және үшінші күнгі зерттеудің маңызы. Анаэробтарды өсіру әдістері. Анаэробтардың таза дақылын тәулік бойынша бөлу.

Сабақ №6

Тақырыбы: Бактериялардың биохимиялық қасиеттері. Ферменттілік белсенділікті зерттеу (зерттеудің III күні). Бактерияларды анықтау. Саңырауқұлақтарды құрылысы, жіктелуі, өсіру әдістері.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Бактериялардың биохимиялық белсенділігі. Ферменттер. Ферменттердің жіктелуі: экзоферменттер және эндоферменттер, конституитивті және адаптивті ферменттер. Бактериялардың қандай белгілерінің жиынтығы арқылы түрін анықтайды? «Ала қатар» және «Гисс ортасы» деген не? Протеолитикалық белсенділікті қалай анықтайды? Күкіртсутегі мен индолдың түзілуін қалай анықтайды. Эндо, Плоскирев, Левин дифференциалды диагностикалық орталарының тағайындалуы. Микроорганизмдердің пигменттері. Бактериялардың жұпар иісті заттары. Аэробтардың таза дақылдарын бөліп алуда зерттеудің 3-ші және 4-ші күнінің маңызы. Саңырауқұлақтар, құрылысы және жіктелуі. Саңырауқұлақтарды өсіру тәсілдері. Саңырауқұлақтарды өсіретін қоректі орталар.

Сабақ №7

Тақырыбы: Вирусологиялық зерттеу әдістер. Вирустарды өсіру. Тіндік дақылдар. Біріншілік – трипсинмен өңделген жасушаларды дайындау. Бактериофагтарды зерттеу әдістері. Микроорганизімдердің физиологиясы бойынша коллоквиум.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Вирустар туралы түсінік. Вирустардың химиялық құрамы, морфологиясы, ультрақұрылымы. Вирустардың өлшемдерін анықтау әдістері. Вирион туралы түсінік. ДНҚ – және РНҚ құрамды вирустардың репродукциясы. Вирусологиялық зерттеу әдісінің кезеңдері. Вирустарды өсіру әдістері. Тіндік дақылдардың типтері. Тіндік дақылдарды сақтау үшін қажетті тұзды ерітінділер және арнайы орталар. Вирустарды тіндік дақылдарда анықтау (индикация) әдістері (вирустардың цитопатикалық әсері, гемадсорбция реакциясы, түсті сынама, агардағы бляшка әдісі). Тауық ұрығын зақымдау тәсілдері. Вирустарды тауық ұрығында анықтау әдісі (гемагглютинация реакциясы). Зертханалық жануарларды зақымдау әдістері. Зертханалық жануарда вирустарды анықтау. Бактериофагтар жөнінде түсінік. Фагтардың морфологиясы және оның түрлері. Фагтардың ерекшелігі. Фаговарлар. Бактерия жасушасымен фагтардың қарым-қатынасы. Әлсіз және вирулентті фаг. Профаг. Лизогения. Лизогенді конверсия. Фагтарды бєліп алу және титрлеу. Аппельман және Грациа әдісімен фагтарды титрлеу. Емдеуге, сақтандыруға және диагноз қою үшін фагтарды тәжірибеде қолдану. Фаголизис сынамасы. Фаготиптеу тәжірибесі. Фагтардың титрінің өсу реакциясы.