Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиолог сабак сурак ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

Сабақ №25

Тақырыбы: Венерологиялық аурулар қоздырғыштары. Спирохеталар. Микоплазмалар. Хламидиялар. Зертханалық диагноз қою принципі. Алдын алуы және емдеуі.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Спирохетаға жалпы сипаттама. Мерездің қоздырғышы. Жіктелуі, морфологиясы, өсіру, сыртқы ортаға тұрақтылығы. Инфекцияның берілу жолы. Туа пайда болған мерез. Мерезден кейінгі иммунитет. Мерезден сақтандыру. Зертханалық диагностика әдістері. Зерттелетін материал. Вассерман реакциясының құрамы, қою және бағалау. Вассерман реакциясының ерекшелігі. Тұнба реакциясының құрамы, қою және бағалау. Осы реакциялардың ерекшелігі. Адам патологиясындағы ролі. Микоплазмалар, құрылысының ерекшелігі. Хламидиялардың морфологиясы. Хламидиялар және микоплазмалар тудырған аурулар кезінде алынатын материалдар және диагностика әдістері.

Сабақ №26

Тақырыбы: Анаэробты инфекциялар қоздырғыштары. Зертханалық диагноз қою принципі. Арнайы алдын алуы және емдеуі.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Патогенді клостридиялардың жалпы сипаттамасы. Газды анаэробты инфекцияның қоздырғыштары. Газды гангренаның пайда болуы үшін қажетті шарттар. Патогенділіктің ферменттеріне және экзотоксиндеріне сипаттама беру. Түрлердің ерекше белгілерін айту. Газды анаэробты инфекцияның диагностика әдістері. Газды анаэробты инфекциядан арнайы емдеу және сақтандыру. Сіреспе қоздырғыштарының биологиялық қасиеттері. Жарақат кезінде адамға егілетін препараттарды атау және гетерогенді сарысулардың егу ережелерін білу. Сіреспеге қарсы сарысуды дайындау. Оның белсенділігінің өлшем бірліктері. Ботулизм қоздырғышының негізгі белгілері. Ботулиндік токсиннің қасиеті және оны анықтаудың зертханалық әдістері. Ботулизм қоздырғышының сероварлары. Ботулизмді емдеу және сақтандыру үшін қолданылатын препараттар.

Сабақ №27

Тақырыбы: Риккетсиялар, боррелиялар. Зертханалық диагноз қою принципі. Алдын алуы және емдеуі. Аралық бақылау: коллоквиум.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар:

Қайталама сүзек қоздырғышының қасиеті және жіктелуі. Қайталама сүзектің көзі және жұғу механизмі. Иммунитет. Зерттейтін материалы. Қайталама сүзектің зертханалық диагностикасы. Риккетсиялардың жіктелуі және олардың негізгі биологиялық белгілері. Здродовский әдәсімен бояу. Өсіру әдістері. Эпидемиялық бөртпе сүзектің қоздырғыштарына сипаттама. Қоздырғыштың экологиясы. Зақымдау механизмі. Патогенезі және клиникасы. Зерттелетін жадығаттар және зертханалық диагностика әдістері. Серологиялық әдіс - зертханалық диагноз қою әдістерінің негізгісі. Эндемиялық бөртпе сүзек. Қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, зақымдау механизмі. Патогенезі және клиникасы. Зертханалық диагностикасы. Ку-безгек қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, жұғу жолдары, патогенезі және клиникасы. Зерттелетін жадығаты, зертханалық диагностика әдістері. Риккетсиоздардан арнайы сақтандыру.

22-27 сабақтар бойынша коллоквиум сұрақтары

  1. Дифтерия қоздырғышының жіктелуі. Оның қасиеттері. Дифтерия коринебактерияларының биоварлары мен сероварлары. Экологиясы.

  2. Дифтерия коринебактерияларының дифтероидтардан айырмашылығы. Дифтерия экзотоксины. Дифтерияның патогенезі.

  3. Дифтерияның зертханалық диагностикасы. Волютин дәндерін Нейссер әдісімен бояу. Токсигендікті анықтау.

  4. Иммунитет. Шик реакциясы. Дифтерияны емдеу үшін қолданылатын сарысулар.

  5. Көкжөтел қоздырғышының қасиеттері. Бронхисептика, паракөкжөтел және көкжөтел бордетеллаларының айырмашылықтары. Зертханалық диагностикасы. Көкжөтелден ерекше сақтандыру.

  6. Микобактериялардың жалпы сипаттамасы. Микобактериоздар қоздырғыштары. Циль-Нильсен әдісімен бояу.

  7. Туберкулез қоздырғышының сипаттамасы. Жұқпалы процестегі аллергияның ролі. Туберкулин. Иммунитет.

  8. Туберкулездің зертханалық диагностикасы. Туберкулездің химиотерапиясы және ерекшелікті алдын алу.

  9. Аалапестің қоздырғышы. Морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері. Алапестің зертханалық диагностикасы. Лепраны емдеу және оның алдын алу үшін қажетті препараттар.

  10. Қандай аурулар антропозооноздарға жатады? Бруцеллалардың жіктелуі, олардың сипаттамасы. Экологиясы. Бруцеллездін патогенезі, иммунитетінің ерекшеліктері.

  11. Бруцелездің зертханалық диагностикасы. Бруцеллезді зерттеу үшін алынатын материал. Бруцеллезді емдеу, анықтау және оның алдын алу үшін қажетті препараттар.

  12. Сібір күйдіргісі қоздырғышының сипаттамасы. Патогендік факторлары. Экологиясы. Күйдіргінің патогенезі. Иммунитет.

  13. Күйдіргінің зертханалық диагностикасы. Күйдіргіні зерттеу үшін материал. Ожешко бойынша спораларды бояу.

  14. Асколи реакциясы, оның маңызы, қою техникасы. Түйнемені емдеу, анықтау, оның алдын алу үшін қажетті препараттар.

  15. Аса қауіпті инфекцияларды зерттеген кездегі зертхана тәртібі. Иерсиния туыстығының бактериялары. Адам патологиясындағы ролі.

  16. Обаның қоздырғышы. Жіктелуі. Қоздырғыштың төзімділігі, морфологиялық, дақылдық, биохимиялық қасиеттері. Жануарларға патогендігі, экологиясы.

  17. Обаның зертханалық диагностикасы. Жедел диагностика әдістері. Обаның ерекшелікті алдын алуы.

  18. Туляремия қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы. Туляремияның патогенезі, иммунитет.

  19. Туляремияның зертханалық диагностикасы. Емдеу, анықтау және алдын алу үшін қажетті препараттар.

  20. Сіреспенің қоздырғышы. Морфологиялық, дақылдық белгілері. Токсині және оның әсері. Экологиясы.

  21. Сіреспенің зертханалық диагностикасы.

  22. Сіреспеге қарсы иммунитет. Сіреспені ерекше емдеу және алдын алу.

  23. Анаэробты газды инфекцияның қоздырғыштары. Сипаттамасы. Газды анаэробты инфекцияның даму шарттары.

  24. Газды анаэробты инфекцияның зертханалық диагностикасы. Ерекше емдеу және алдын алу.

  25. Ботулизм қоздырғышы. Сипаттамасы.

  26. Ботулизмнің зертханалық диагностикасы. Ерекше емдеу және алдын алу.

  27. Спирохетаға жалпы сипаттама. Мерездің қоздырғышы. Жіктелуі, морфологиясы, өсіру, сыртқы ортаға тұрақтылығы.

  28. Инфекцияның берілу жолы. Мерезден кейінгі иммунитет. Мерезден сақтандыру. Зертханалық диагностика әдістері. Зерттелетін материал. Вассерман реакциясының құрамы, қою және бағалау. Вассерман реакциясының ерекшелігі.

  29. Лептоспироздың қоздырғышы. Табиғаттағы резервуары. Лептоспирозбен зақымдалу жолы. Зерттелетін материал. Диагностика әдістері.

  30. Микоплазмалар. Сипаттамасы. Зертханалық диагностикасы.

  31. Хламидиялар. Сипаттамасы. Зертханалық диагностикасы.

  32. Риккетсиялардың жіктелуі және олардың негізгі биологиялық белгілері. Здродовский әдәсімен бояу. Өсіру әдістері.

  33. Эпидемиялық бөртпе сүзектің қоздырғыштарына сипаттама. Қоздырғыштың экологиясы. Зерттелетін жадығаттар және зертханалық диагностика әдістері.

  34. Эндемиялық бөртпе сүзек. Қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, зақымдау механизмі. Патогенезі және клиникасы. Зертханалық диагностикасы.

  35. Ку-безгек қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, жұғу жолдары, патогенезі және клиникасы. Зерттелетін жадығаты, зертханалық диагностика әдістері.

  36. Қайталама сүзек қоздырғышының қасиеті және жіктелуі. Қайталама сүзектің көзі және жұғу механизмі. Иммунитет.

  37. Қайталама сүзектің зертханалық диагностикасы. Зерттеуге алынатын материал.

Тәжірибелік дағдыларды бақылау:

  1. Дифтерия қоздырғышының токсигендігің анықтау үшін агарлы гельде қойылған преципитация реакциясы.

  2. Сарысу қосылған, қан-теллурит қосылған агарларда өскен дифтерия бактерияларының колониялары.

  3. Казеин-көмірлі агар.

  4. Левенштейн-Йенсен ортасы.

  5. Агглютинация реакциясы (туляремияның серодиагностикасы).

  6. Антиденелі туляремиялық эритроцитарлы диагностикуммен қойылған ПГАР.

  7. Райт реакциясы.

  8. Бруцеллезде қойылған КБР.

  9. Бруцеллезде қойылған ПГАР.

  10. Бруцеллез, туляремия, оба көкжөтел, дифтерия қоздырғыштарынан дайындалған микропрепараттар.

  11. Антракоидтан дайындалған, Ожешко әдісімен боялған микропрепарат.

  12. Туберкулез ауруының қақырығынан дайындалған Циль-Нильсен әдісімен боялған препарат.

  13. Анаэробтарды өсіру әдістері (физикалық, химиялық, биологиялық).

  14. Ку-безгекке күдіктенгенде науқастың сарысуымен қойылған КБР.

  15. Бөртпе сүзекке күдіктенгенде науқастың сарысуымен қойылған КБР.

  16. Вассерман реакциясы.

  17. Агглютинация реакциясы және лептоспира лизисі.

  18. Бөртпе сүзекке күдіктенгенде науқастың сарысуымен қойылған ПГАР.

  19. Трепонема, риккетсиядан жасалған микропрепараттар.

  20. Ситуациялық есептер.

  21. Талдау нәтижелері бар қағаздар.

  22. Диагностикалық және емдік - сақтандыру бакпрепараттары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]