Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиолог сабак сурак ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

АҚ «АМУ» Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология вирусология кафедрасы

Жалпы медицина факультеті

Сабақ №1

Тақырыбы: Бактериологиялық зертхананың құрылысы. Ондағы жұмыс ережесі. Микроорганизмдердің жіктелуі және жүйелілігі. Прокариоттар. Бактериялардың шар тәрізді, таяқша тәрізді және иілген пішіндерінің морфологиясы, жағындыны дайындау техникасы. Қарапайым бояу. Микроскоптан зерттеу техникасы

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Микробиологиялық зертхананың жабдықтары, жұмыс орнын ұйымдастыру. Микробиологиялық зертхананың жұмыс ережесі. Микроб туралы түсінік. Микробтардың жіктелу принциптері. Түр туралы түсінік. Прокариоттар мен эукариоттардың негізгі айырмашылықтары. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Микроскопиялық зерттеу әдісі. Жарықты микроскоп. Иммерсиялық микроскоп. Агарлы және сорпалы дақылдардан жағынды дайындау техникасы. Микробиологиялық зертханада қолданылатын бояулар және оларды дайындау. Қарапайым бояу. Бактериалды жасушаның көлемдерін өлшеу.

Сабақ №2

Тақырыбы: Бактериалды жасуша құрылысы: нуклеоид, цитоплазма, қосындылар, қабықша, капсула, споралар, оларды анықтау әдістері. Жағындыны дайындау техникасы. Жағындыларды күрделі әдістермен бояу. Граммен бояу әдісі.

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Бактерия жасушасының тұрақты және тұрақсыз элементтері. Нуклеоидтың құрылысы, химиялық құрамы және қызметі. Бактериалды хромосома. Цитоплазманың химиялық құрамы мен қызметі. Бактериалды жасушаның қабығы. Протопластар мен сферопластар. L – пішінді бактериялар. Бактериялардың спора түзуі, оның маңызы. Капсула, қосындылар және олардың бактериялардың өмір сүруі үшін атқаратын ролі. Бактериялардың күрделі бояу әдістері. Бактериялардың морфологиялық және тинкториалдық белгілері. Жасуша қабығының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі. Грам (+) және грам (-) бактериялардың жасуша қабығы құрылысының айырмашылығы. Грам әдісімен бояудың техникасы мен механизмі. Ожешко бойынша спораларды бояу. Нейссер бойынша волютин дәндерін бояу. Капсуланы анықтау әдістері. Бурри-Гинс әдісімен бояу.

Сабақ №3

Тақырыбы: Қышқылға тұрақты бактериялар және оларды Циль-Нильсен әдісімен бояу. Бактерияларды тірі жағдайда зерттеу. Спирохеталар, актиномицеттер, риккетсиялар, микоплазмалар, саңырауқұлақтар мен вирустардың морфологиясы

Сабаққа дайындалу үшін қажетті сұрақтар:

Қышқылға тұрақты бактериялар, мысалдары. Циль-Нильсен бойынша бояу техникасы. Талшықтар, олардың орналасуы, химиялық құрамы, қызметтері, талшықтарды бояу әдістері және бактериялардың қозғалғыштығын анықтау. «Ілінген» және «жаншылған» тамшы препараттары, күңгірт өрісте микроскоптау. Спирохетелардың морфологиясы. Спирохеталардың қозғалу ерекшелігі. Риккетсиялардың морфологиясы, оларды бояу әдістері. Микоплазмалар, құрылысының ерекшеліктері. Хламидиялардың морфологиясы. Микроорганизмдердің жүйелілігінде спирохеталардың, риккетсиялардың, микоплазмалардың, хламидиялардың алатын орны. Саңырауқұлақтар, олардың құрылысы және жіктелуі. Мицелия, гиф, псевдомицелия дегеніміз не? Саңырауқұлақтардың көбею әдістері. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың спораларының айырмашылығы қандай? Экзо- және эндоспоралар. Жіпше, ашытқы және ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар морфологиясы. Вирустар морфологиясы. Спирохеталардың, актиномицеттердің, риккетсиялардың, микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы.

«Микроорганизмдер морфологиясы тақырыбы бойынша аралық бақылау сұрақтары.

  1. Медициналық микробиологияның мақсаты.

  2. Медициналық микробиологияның міндеттері.

  3. Микробиология дамуының тарихи кезеңдері.

  4. Микробтар әлемі қандай топтарға бөлінеді ?

  5. Талшықтар. Құрылысы, орналасуы, қызметi. Анықтау әдiсi.

  6. Прокариотты жасуша түрінің айырмашылығы.

  7. Эукариоттарға қанадай микробтар жатады?

  8. Прокариоттар патшалығы қандай бөлімдерге бөлінеді?

  9. Скотобактериялар қандай кластарға бөлінеді?

  10. Прокариоттарға қанадай микробтар жатады?

  11. Бактериялар класына қандай микробтар жатады? Олар қоректік орталарда өседі ме?

  12. Риккетсиялар класына қандай микробтар жатады? Морфологиясының ерекшелігі. Олар қоректік орталарда өседі ме?

  13. Кластар қандай таксондарға бөлінеді? Негізгі таксономдық бірлік.

  14. Түрдің анықтамасы. Түр қалай анықталады? Түр қандай варианттарға бөлінеді?

  15. Жасушаның тұрақты және тұрақсыз құрылымды элементтерi.

  16. Бактериялардын негiзгi пішіндері.

  17. Цитоплазманың химиялық құрамы мен қызметi. Мезосомалар. Нуклеоид. Химиялық құрамы, қызметi және құрылымы.

  18. Жасуша қабырғасы. Құрылысы. Әрбір қабатының қызметi.

  19. Грам бойынша бояудың механизмi және техникасы. Грам терiс және грам оң бактериялардың жасуша қабырғасының химиялық құрамы және құрылысы.

  20. Протопластар. Сферопластар. L – пішіні.

  21. Капсула. Химиялық құрамы. Қызметi. Анықтау әдiсi.

  22. Қосындылар. Химиялық құрамы, маңызы. Волютин дәндерiн бояу.

  23. Кiрпiкшелер, орналасуы, типтерi.

  24. Споралар. Орналасуы. Маңызы. Спора түзілу процесі. Споралардың өсуі. Бояу әдістері. Анықтау әдiсi.

  25. Қышқылға тұрақты бактериялар. Циль-Нильсен бойынша бояу.

  26. Талшықтар, олардың орналасуы, химиялық құрамы, қызметтері, талшықтарды бояу әдістері және бактериялардың қозғалғыштығын анықтау.

  27. «Ілінген» және «жаншылған» тамшы препараттары, күңгірт өрісте микроскоптау.

  28. Микоплазмалардың морфологиясы.

  29. Спирохета морфологиясы. Бояу әдiсi.

  30. Риккетсиялардың морфологиясы.

  31. Хламидиялардың морфологиясы.

  32. Зең саңырауқұлақтардың, ашытқы және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтардың морфологиясы.

  33. Вирустар морфологиясы.

  34. Таза дақыл, штамм анықтамалары.

  35. Жағындыны дайындау техникасы. Қарапайым бояу.

  36. Жағындыны бекiту әдiстері. Бактериялардың тинкториалды қасиетi.

  37. Ожешко бойынша бояу.

  38. Иммерсиялы микроскоптың техникасы. Иммерсиялы микроскоптың артықшылығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]