Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
223.23 Кб
Скачать

2. Агробизнес қызметін талдау.

2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Агробизнеске қызмет көрсетуді негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін керекті қызметтермен қамтамасыз етуші кәсіпорындар немесе ірі кәсіпорынның бөлімшелері жүзеге асырады. Бұған ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуші кәсіпорындар (жабдықтаушы кәсіпорындар), өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар (агросервис), ауыл шаруашылық кәсіпорындарына техникалық және жөн-жобалық (консалтингтік) көмек көрсетуші фирмалар жатады.

Бұл кәсіпорындардың бері, сөз жоқ, бизнес-жоспар негізінде жұмыс істеуге тиіс. Материалдық-техникалық жабдықтаумен айналысатын фирмалар (кәсіпорындар) ең алдымен өздерінің потенциал сатып алушыларын айқындауы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (сатып алушылардың) өндіріс құралдарына деген қажеттілігін анықтауы керек. Бұл — ауыл шаруашылық техникасы, бұларға қосымша бөлшектер, резеңке техникалық және элеклротехникалық материалдар; минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер, мұнай өнімдері мен мұнай жарақтары болуы мүмкін.

Осы ресурстардың потенциал сатушыларын - өнеркәсіптік кәсіпорындарды, толайым саудагерлерді айқындау, бұл тауарлардың бағасын, сапасы мен ассортиментін анықтау, жеткізіп беру шарттарын білу қажет. Көптеген сатушылардың ішінен сіздің бизнес үшін ең қолайлы бір-екеуін таңдаған дұрыс.

Қызметтерді сатып алушылар мүмкіндігінше көбірек болуға тиіс, егер сіз ұзақмерзімді келісімді қатынастар негізінде сіздің қызметтеріңізді тұрақты тұтынушылармен жұмыс істейтін болсаныз, тіпті жақсы.

Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:

- материалдық-техникалық ресурстарды жеткізуге ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алдын ала сұранымдар жинау;

- өнеркәсінтік кәсіпорындармен немесе көтерме саудагерлермен өндіріс құралдарын жеткізу жөнінде шарттар жасасу;

-тұтынушы шаруашылықтар мен оларға өндіріс құралдарын жеткізу шарттарын жасасу;

-орындауға қабылданган, келісімді шарттарға сәйкес тұтынушы шаруашылықтарға өндіріс құралдарын жеткізу.

Жеткізу шартында өндіріс қүралдарын жеткізіп беру тәртібін анықтау керек. Бұл ретте жеткізілетін өндіріс құралдарының атын, номенклатурасын, ассортименті мен санын өнім сапасы мен жинақтылығын жеткізу мерзімдерін; өнім бағасын; сұранымның жалпы сомасын; есептесудің тәртібі мен түрін; өнімді жеткізу жағдайларын: тараптардың төлеу мен пошта реквизиттерін және басқа мәліметтерді керсету қажет.

Шартта сондай-ақ келісімді міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі алдын ала қарастырылуы керек.

Өндірістік қызмет көрсетуді (агросервисті) қамтамасыз етуші кәсіпорындар (фирмалар) ауыл шаруашылық тауар өндірушіге кешенді қызметтерді немесе қызметтердің жекелеген түрлерін мынандай бағыттар бойынша көрсете алады:

- жерге орналастыру;

- көлік қызметтері;

- техникалық қызмет көрсету (СТО);

- жерді жақсарту (мелиорация);

- агротехникалық қызметтер,

Бұл кәсіпорындардың қазіргі өндіріс технологияларына сәйкес қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық өз базасы болуға тиіс.

Олар екі түрлі кәсіпорындарға бөлінеді:

- экономикалық және заңдылық тұрғысынан ауыл шаруашылықтауар өндірушілерге тәуелсіз кәсіпорыңдар;

- бірнеше ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірлесуімен кооперативтік негізде құрылған және шаруашылықаралық кәсіпорын міндеттерін атқарушы фирмалар.

Бірінші түрдегі кәсіпорындар жұмысын агрохимиялық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын (агрохимиялық сервис) үлгісінде көрсетеміз. Мұндай кәсіпорын аймақтың агрохимиялық зертхана (лаборатория) немесе химияландырудың шаруашылықаралық мекені негізінде дербес занды түрде құрылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына агрохимиялық қызмет көрсету меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорылдарында тыңайтқыштар мен пестицидтердің дұрыс және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі нақтылы шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Агрохимиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:

- жер алқаптарында топырақтық-агрохимиялық зерттеулер жүргізу мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін танаптардың агрохимиялық картограммаларын жасау;

- химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөнінде ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірлеу және өңдірісте қолдану;

- нақты шаруашылықтарды химияландырудың болашақ даму жолдарын жете зерттеу;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын химияландыру құралдарымен жабдықтау;

- минерал және органикалық тыңайтқыштарды, жерді жақсартушы химиялық заттар (мелиоранттар) мен өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ мал шаруашылығындағы химияландыру құралдарын ұтымды қолдану жөніндегі кешенді жұмыстарды орындау.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қызмет көрсету ауыл шаруашьшық тауар өндіруші мен "Агрохимиялық сервис" кәсіпорны жасасқан шарттар негізінде жүргізіледі.

Шарттың мән-заты, тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігі, қызметтердің бағасы, орындалған жұмыстарды тапсыру мен қабылдау тәртібі, шарттың әрекет ету мерзімі, заңдылық адрестері мен басқа жағдайлар шартта көрсетіледі.

Ауданның ауыл шаруашылық кәсіпорындары немесе бір топ шаруашылықтар агрохимиялық қызмет көрсету нысындары бола алады.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсететін фирмалар кәсіпорынның ерекше тобын құрайды. Бұл кәсіпорындар потенциалының жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мұнда тауар өндірушілерге жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсететін жоғары білікті мамандар жұмыс істеуге тиіс.

Жөн-жобалық (консалтингтік) фирмалар мамандандырылған болады. Технологиялық заң тұрғысындағы, экономикалық, қаржы-несиелік және басқа қызметтер көрсетеді. Бірнеше бағыттарда жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсету жөніндегі кешенді фирмалар да болады.

Технологиялық қызметтер. Бұл агротехникалық шараларды жүргізу, өсімдіктердің түрлері мен сорттарын іріктеу, ауыспалы егіс тұрпаттары мен өндіріс технологиясын тандау жөнінде агрохимиялық кеңестер болуы мүмкін.

Зоотехникалық қызметтер — мал шаруашылығын жүргізу технологиясы, нақ осы аймаққа және өнім өндіруге сай келетін мал түрлерінің ең жоғары өнімді тұқым-тегін тандау жөнінде кеңестер беру.

Мал дәрігерлік қызметтер — малдарды емдеу мен аурудың алдын алу жөнінде кеңестер беру және басқалар.

Техникалық қызметтер — ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру мен жабдықтау құралдарын іріктеп алу жөніндегі кеңестер.

Сөйтіп, ауыл шаруашылық бағыттары бойынша технологиялық кеңестер беру болмақ.

Заң тұрғысындағы консалтинг кәсіпорындарды ресімдеу мәселелері, шарттар, салық салу, кеден мәселелері бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша жоғары білікті, тәжірибелі заңгерлердің күшімен жүзеге асырылады.

Экономикалық тұрғыдан консалтинг агробизнес кәсіпорындарына іс-әрекет өрісін тандауда, өндіріс құрылымын жасау және басқару ісінде, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуде көмек көрсетуге бағытталған. Яғни кәсіпорындардың бизнес-жоспарларын әзірлеу, басқарудың оңтайлы құрылымдарын таңдау және тағы басқалар.

Кеңес беруші маркетингтік кәсіпорындар өндірісті және кәсіпорындардағы маркетингті басқаруды ұйымдасгыруға оқытып-үйретуші консалтинг саласында қызметтер көрсетеді, экспорт және іс жүргізушілік тұрғысынан кеңес береді.