Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
223.23 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе. ......................................................................................

1. Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.

    1. Агробизнеске қысқаша сипаттама...................................

2. Агробизнес қызметін талдау.

2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру................

2.2. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.....

2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және

негізгі тәсілдері................................................................

3. Агробизнес қызметін жетілдіру.

3.1. Агробизнес қызметінің болашағы.......................................

Қорытынды................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................

КІРІСПЕ

Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдары Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық бабын табуға бағыттала бастады.

Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына "Агробизнесті ұйымдастыру" деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ.

"Агробизнесті ұйымдастыру" деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.

Біз аграрлық бизнесті ауыл шаруашылық тауарын өндіру және өткізу үрдісінде бизнес субъектілері арасында, сондай-ақ тауар өндірушілер мен нарыктық инфрақұрылым кәсіпорындары арасында қалыптасатын іскерлік қатынастар жүйесі ретінде қарастырамыз.

Кез келген басқа бизнес тәрізді аграрлық бизнестің субъектілері:

- кәсіпкерлер;

- тұтынушылар;

- жалдамалы қызметкерлер;

- мемлекет болып табылады.

Кәсіпкерлер өндіріс кұралдарына жеке меншік негізінде, меншіктің топтық, ұжымдық коопвративтік, акционерлік және үлестік секілді түр-түрімен жұмыс істейді.

Олар іс-әрекеттің мынаңдай түрлерімен айналысады:

- егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімін өндіру;

- ауыл шаруашылық өнімін өткізу мен саудаға салу;

— коммерциялық делдалдық;

— ауыл шаруашылық тауарын ендірушілерді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау.

Кәсіпкерлердің іскерлік мүддесі кіріс алу арқылы орындалады.

Тұтынушылардың (сатып алушылардың) іскерлік қатынастар жүйесіне қатысуы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілермен және сатушылардың өздігінен байланыстар орнату жолымен жүзеге асырылады. Тұтынушылардың пайдасы, олардың мұқтажын қанағаттандырарлықтай тауарды немесе қажет қызметті ең жақсы түрде иемдену болмақ.

Тұтынушылар өндірістің ақырғы нәтижелеріне мүдделі, олар белгілі бір тауарларға сұраныс қалыптастырады, сондықтан кәсіпкерлер тұтынушылардың талап-тілектерімен санасуға Мәжбүр болады, яғни бизнестің бұл субъектісі агробизнестің жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Тұтынушьшар тұтыну заттары мен көрсетілер қызметтерге жекеменшік иелері болып табылады.

Кәсіпкерлік құрылымдардың жалдамалы қызметкерлері және келісім-шарттар негізінде кеңес беру (консалтинг) қызметтерін көрсетуші әртүрлі мамандар агробизнесте құқықтық серіктестер болуға тиіс.

Агробизнестің бұл қатысушыларының іскерлік мүддесі өзінің жұмысынан кіріс кіргізу жолымен, жұмыс күшіне жеке меншіктің болуы және жұмысқа еркін түрде орналасу құқығы негізінде орындалады.

Мемлекет іскерлік қатынастарға қатысушы тұрғысынан нарықтық қатынастарды экономикалық және құқықтық механизмдер арқылы реттеуді жүзеге асырады.

Мемлекеітік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар береді. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады, бұл үшін іскерлік қатынастарды заңдылықпен және нормативті реттеушілер бар.

Нақты өмірде бизнестің бүкіл осы субъектілері, бір-біріне тікелей ықпал ете отырып, өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, яғни бизнес — оның құрамдас бөліктерінің кешенді іс-әрекеті.

"Агробизнесті ұйымдастыру" курсының негізгі міндеті — өнеркәсіптің жекелеген түрлерін жете зерттеу, сондай-ақ бүкіл кешенінің өзін жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімін өндіруді; нарықтық тауар алмасуды зерттен білуді, қаржылапдыруды басқару ісін ұйымдастыруды (менеджментті), кәсіпорынның іс-әрекетін есептеу мен талдауды мұқият ұштастыру болып табылады. Нақ осы пәннің мазмұны осындай міндеттерді тірек етіп құрылған.

Ұсынылып отырған оқулық басқа оқулық құралдардан өзінің мазмұнымен ерекшеленеді. Оған мынандай тараулар кіреді:

— кәсіпорындардың ұйымдастырушылық негіздері;

— агробизнесті жоспарлауды ұйымдастыру;

— нарықтықтауар алмасуды ұйымдастыру;

— ауыл шаруашылық өнімін өңдіруді ұйымдастыру;

— ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен өткізуге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

— кәсіпорынның ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;

— қаржы ресурстарын ұйымдастыру;

— кәсіпорындардағы менеджмент;

— кәсіпорында талдау, есеп және тексеруді ұйымдастыру;

— агробизнесте шешімдер қабылдаудың математикалық әдістері.