Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
16 Жәй ақуыздар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

Хромопротеидтер

Түсті күрделі ақуыздары, хромопротеидтер деп аталады. Оларға жатады: хлорофиллпротеидтер (ақуыздық емес бөлігі — хлорофилл), флавопротеидтер (ақуыз емес бөлігі - флавиндер), кобамидпротеидтер (акуыз емес бөлігі — В12 витамині), ретинальпротеидтер (ақуыз емес бөлігі - А витаминінің альдегидтік түрі), гемпротеидтер (ақуыздық емес бөлігі - гем).

Хлорофиллпротеидтер

Өсімдіктердің құрамына кіретін магнийпорфириндік жинақтық құрылым өсімдік жапырақтарына жасыл түс береді. Осы пигменттік жинақты хлорофилл деп атайды. Өсімдік жапырақтарында хлоро-филлдің а және в түрлері бар, ал балдырларда солармен қатар с және д түрлері де кездеседі. Кейбір бактериалардан өсімдік хлорофилліне ұқсас хлорофилл бөлініп алынады, оны бактериохлорофилл деп атайды. Хлорофилл (магний-порфирин) ақуыздармен бірлесіп, өсімдіктердің фотохимиялық активтілігін қамтамасыз етіп, күн сәулесінің энергиясын фотосинтездеу процесстеріне жүмсауға мүмкіндік туғызады.

Флавопротеидтер

Ақуыздар мен простетшсалық топтардың (ақуыз емес топтардың) арасында мықты байланыстар түзілуі арқылы құрылған құрылымды флавопротеидтер деп атайды. Флавопротеидтердің простетикалық топтары изоалоксазиндік туындылардан, яғни, тотыққан флавин-мононуклеотидтен (ФМН) жөне флавинадениндинуклеотидтен (ФАД) түрады. Кейбір флавопротеидтердің құрамьнда металл иондарьща бар. Құрамында гемдік емес темірі бар флавопротеидтерге жатады: ксантиноксидаза, альдегидоксидаза, сукцинатдегидрогеназа, дигидро-ортатдегидрогеназа, ацил—КоА—дегидрогеназа және электрондарды тасымалдайтын флавопротеин. Соңғы екі флавопротеидтер митохон-Дрийлік флавопротеидтердің 80% құрайды, олар жасушалардың биоэнергетикалық процесстерінде маңызды қызмет атқарады. Флавопротеидтердің ақуызының цистеинінің күкірт атомымен темір коваленттік байланыспен байланысқан. Осындай ақуыздарды қыш-Қьілдық гидролизге үшыратқанда темір және H2S бөлініп шығады.

Гемпротеидтер

Гемпротеидтерге гемоглобин және оның туындылары, миоглобин цитохромдар, каталаза және пероксидаза жатады. Осы ақуыздардың ақуыз емес бөлігі гемнен тұрады. Металлопорфириндік комплексті гем деп атайды. Макросақинадағы орынбасарлардың орналасу ретіне байланысты, порфириндердің көптеген изомерлері болады. Осы изомерлердің ішінен табиғатта көп тарағаны протопорфирин IX жатады. Протопорфирин-ІХ-дың 1, 3, 5, 8 жағдайларында метил, 2, 4 жағдайында винил және 6,7 жағдайында пропионильдік топтар бар. Төрт пиррольдік сақиналар, метиндік (- СН =) көпір арқылы байланысқан.

Протопорфирин ІХ-дың темір ионымен (Ғе2+) түзген комплексін гем немесе протогем деп атайды. Темірдің координациялық саны алтыға тең. Гемде темір екі коваленттік байланыспен екі пиролльдік сақинасының азотымен, ал екі координациалық байланыстармен басқа пиррольдік сақиналардың азотымен байланысқан. Пайдаланылмаған екі координациялық байланыстардын біреуі ақуыздармен байланыстыру үшін жұмсалады. Екіншісі әр түрлі лигандтарды (табиғи - оттегіні, суды және табиғаты бөлек - көміртек оксидін, цианидтерді ж.т.б.) байланыстыру үшін қолданылады.

Гемоглобиндерден басқа ақуыздардың да простетикалық бөлігін гем құрайды: миоглобиннің, каталазаның, пероксидазаның, в, с жәні с1 цитохромдарының. Ал, а жөне а3 цитохромдарының құрамына гем а немесе формилпорфирин кіреді. Гем а-ның 8-ші жағдайынді метилдің орнына формил тобы, ал екінші жағдайындағы винилдің орнына изопреноидтық тізбек орналасқан. Сонымен қатар цитохрондардың құрамына енетін гемдердің иондары алтыншы координациялық байланыстар арқылы ақуыздың құрамына кіретін метиониннің бүйірлі радикалымен байланысқан.

Гемпротеидтердің әрбірінің өзіне тән биологиялық қызметін атқаруы олардың ақуыздарының бірінші реттік қүрылыстарының ерекшелігіне және гемдердегі темір иондарының ақуыздарымен байланысу ретіне тәуелді.

Каталаза мен пероксидаза организмде пайда болатын сутегінің асқын тотығын (Н2О2) залалсыздандырады, ал цитохромдар митохондрийдіің мембранасында орналасқан тыныс алу тізбегінің негізін құрайды.