Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

17. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:

      Рента төлемi ретiнде мүлiк берген азаматтың өмiрi кезеңiне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмiрi кезеңiне ғұмырлық рента белгiленуi мүмкiн.       Егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента алу құқығындағы үлестерi тең деп саналған бiрнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлеуге жол берiледi.       Рента алушының бiреуi қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесi тiрi қалған рента алушыларға ауысады, ал соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу мiндеттемесi тоқтатылады.       Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлейтiн шарт жарамсыз болады. Ғұмырлық рента шартта рента алушыға оның өмiр сүруi кезiнде мезгiл-мезгiл төленiп тұратын ақша сомасы ретінде белгiленедi. Тараптар өмiр бойы асырауда ұстау туралы шарт жасасқан жағдайларда шартта мұндай асыраудың ақшалай бағасы белгiленуге тиiс.       Егер ғұмырлық рента шартында өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшері бір айға шаққанда заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиiс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента әрбiр күнтiзбелiк ай аяқталғанда төленедi.  Төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушiден сәйкес талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы.       Егер пәтер, тұрғын үй немесе өзге де мүлiк ғұмырлық рента төлемi ретiнде тегiн иелiктен айырылса, рента төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған кезде рента алушы осы мүлiктi оның құнын рентаның сатып алу бағасына есептей отырып қайтаруды талап етуге құқылы. Ғұмырлық рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлiнуi рента төлеушiнi шартта көзделген талаптар бойынша оны төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.

18. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:

Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.        Өмiр бойы асырауда ұстау шартына негізінен ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады. Рента төлеушiнiң асырауда ұстауға беру жөнiндегi мiндетiне тұрғын үйге, тамақ пен киiмге, күтiм жасауға және қажеттi көмекке деген қажеттерiн қамтамасыз ету енгiзiлуi мүмкiн.       Шартта рента төлеушiнiң салт-жора қызметiн көрсетуге ақы төлеуi де көзделуi мүмкiн.       Шартта жалпы асырауда ұстау көлемiнiң құны айқындалуға тиiс. Бұл орайда жалпы асырауда ұстау көлемi айына заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi екi жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек.       Азаматқа берiлетiн немесе берiлуге тиiстi асырауда ұстау көлемi туралы тараптар арасында туған дауды шешу кезiнде сот адалдық пен парасаттылық принциптерiн басшылыққа алуға тиiс. Шартта асырауда ұстауға заттай берудi ақшалай мерзiмдiк төлеммен ауыстыру мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн. Рента төлеушi өзiне өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыруға, кепiлге беруге және өзге де әдiспен жүктеуге рента алушының алдын ала келiсiмi болғанда ғана құқылы.       Рента төлеушi өмiр бойы асырауда ұстауға берiлген кезеңде аталған мүлiктi пайдалану осы мүлiктiң құнын оның табиғи тозуынан тыс төмендетуге әкеп соқпау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi. Өмiр бойы асырауда ұстау мiндеттемесi рента алушы қайтыс болғанда тоқтатылады.       Рента төлеушi өз мiндеттемелерiн елеулi түрде бұзған кезде рента алушы өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуге берiлген қозғалмайтын мүлiктi қайтаруды немесе өзiне сатып алу бағасын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл орайда рента төлеушiнiң рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.