
- •Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы
- •Сатып алу сату шартының мазмұны
- •Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
- •Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы
- •Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы
- •13. Сыйға тарту шартының мазмұны:
- •14. Қайырмалдықтың құқықтық ерекшеліктері:
- •15. Рента шарты, жалпы ережелер:
- •16. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:
- •17. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:
- •18. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:
- •19. Мүлікті жалдау шарты ұғымы мен оны құқықтық қамтамасыз ету.
- •20. Мүлік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •21.Мүлікті жалдау шартын орындау, тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі.
- •22.Кәсіпорынды жалдау шарты.
- •23.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.
- •24.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
- •25.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.
- •31. Бас мердігер жәнеқосалқы мердігер
- •32. Мердігерлік шарттын орындаудың ерекшеліктері.
- •34. Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.
- •35. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.
- •36. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.
- •37.Жобалау ж/е iздестiру, ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкциялық ж/е техникалық жұмыстарына мердiгерлiк шарты
- •38. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету
- •39.Тасымалдау шартына жалпы сипаттама
- •40. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны
- •41. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
- •42. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
- •43. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
- •Көлік экспедиция шарты
- •45. Заем шартының ұғымы мен мазмұны
- •46. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •47. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру
- •49. Банк заем шартының ерекшеліктері.
- •50. Факторинг шарты. Жалпы ережелері,
- •51. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлік сипаттамасы.
- •52. Банк салымы шартының ерекшеліктері.
- •53. Банктік шот шартын құқықтық реттеу.
- •54. Сақтау шартының түсінігі мен мазмұны.
- •55. Арнайы сақтау шартына түрлік сипаттама беру.
- •56. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.
- •57. Сақтандыру шартының ұғымы. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- •58. Сақтандырудың нысандары мен түрлері,
- •59. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар
- •60. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.
- •61. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
- •62. Қос, топтық, ортақ, қайта сақтандыру
- •63. Тапсырма шарты түсінігі, маңызы
- •64. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау
- •70. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің ұғымы мен маңызы.
- •71. Зиян келтіргені үшін жауаптылықтын жалпы негіздері.
- •72. Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •73. Жоғары қауып көздері арқылы келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •78. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер:
- •79. Интеллектуалдық меншік құқығы, ұғымы, жалпы ережелері:
- •81. Авторлық құқық, түсінігі, жалпы ережелер:
- •82. Авторлық құқықтың субъектілері мен об.Рі.
- •83.Автордың жеке ж.Е мүліктік құқықтары.
- •85. Интеллектуалдық меншік құқ.Ғы лицензиялық шарттар.
- •86 Сабақтас құқықтарға құқықтық сипаттама беру:
- •87 Өнертабысқа құқық түсінігі, жалпы сипаттама.
- •88 Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •89 Өнеркәсіптік үлгіге құқық түсінігі, сипаттамасы оны пайдалану құқықтары
- •92. Қызметтік өнер табыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер
- •93. Селекциялық жетістік авторының құқықтары:
- •94. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар:
- •97. Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен мазмұны. Мұрагерлік түрлері:
- •99. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар:
- •100. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы:
- •101. Өсиеттің орындалуы. Өсиеттік бас тарту
- •102. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі:
102. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі:
Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi. Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды. Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, мұрагерлiк құқығын алады. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлiк құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегi мұрагерлерiне жатпайтын, үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады. Туыстық дәрежесi туыстарды бiр-бiрiнен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзiнiң дүниеге келуi бұл қатарға жатпайды. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлiкке: төртiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде үшiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелерi; бесiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде төртiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының туған немере iнi-қарындастарының, жиендерiнiң балалары (шөбере iнi-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерiнiң туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi); алтыншы кезектегi мұрагерлер ретiнде бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының шөбере iнi-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары және оның екi атадан қосылатын аталары мен әжелерiнiң балалары шақырылады. Егер алдыңғы кезектердегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде мұра қалдырушымен кемiнде он жыл бiр отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесiне не өгей шешесiне ерiп келген аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесi және өгей шешесi шақырылады.
103. Мұрадағы міндетті үлес: Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болған, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн азаматтар заң бойынша осы кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады. Заң бойынша осы Кодекстiң баптарында көрсетiлген мұрагерлер тобына кiрмейтiн, бiрақ мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады. Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегiзiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде өз бетiнше мұра алады. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске есептеледi. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады. Ерлi-зайыптыларға өсиетке немесе заңға орай тиесiлi мұрагерлiк құқықтың мұра қалдырушымен некеде тұру жағдайына байланысты оның басқа да мүліктік құқықтарына, оның ішінде мүліктің некеде тұрғанда бірге тапқан бөлігіне меншiк құқығына қатысы жоқ. Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейiн iс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешiмiмен ерлi-зайыптылар заң бойынша мұрагерлiктен шеттетiлуi мүмкiн.
104. Мұра алу. Мұрадан бас тарту: Мұрагер мұраны алу үшiн оны қабылдауға тиiс. Иесiз қалған мүлiктi алу үшiн мұраны қабылдау талап етiлмейдi. Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi. Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиесiлi мұраны қабылдай алады. Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берiлмейдi. Мұраны бiр немесе бiрнеше мұрагердiң қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердiң қабылдағанын бiлдiрмейдi. Қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады. Мұрагер өзiнiң мұрагерлiкке шақырылғандығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады. Егер сенiмхатта бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкiл арқылы бас тартуға болады. Мұрадан бас тартуды кейiннен күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды. Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлiктi iс жүзiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк етсе, не оның осы мүлiкке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтiнiш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзiм өткенге дейiн де жоғалтады. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына, оның iшiнде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы. Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердiң пайдасына мұрадан бас тартуға жол берiлмейдi. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiкке шақырылса, ол осы негiздемелердiң бiреуi бойынша немесе екi негiздеме бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы. Мұрагер мұраның басқа бөлiгi мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бiр бөлігінен бас тартуға, мұрадан Ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берiлмейдi. 105. мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу. Мұрагерлік мүлікті қорғау: Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi. Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн. Мүлiктiң бiр бөлiгi өсиет бойынша мұраға қалдырылған жағдайда мұра қалдырушы тағайындаған өсиеттi орындаушы мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiн де қоса алғанда, барлық мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асырады. Егер заң бойынша мұрагерлер мұраның заң бойынша мұрагерлiк тәртiбiмен ауысатын бөлiгiне қатысты көрсетiлген мiндеттердi атқару үшiн мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындауды талап етпесе, тұтас алғанда бүкiл мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi мiндеттердi Кодекстiң бабына сәйкес өсиет бойынша мұрагерлер немесе сот тағайындаған өсиеттi орындаушы жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң өтiнiшiмен мұраның ашылған жерi бойынша нотариус тағайындайды. Мұраны басқарушыны тағайындаумен немесе оны таңдаумен келiспеген заң бойынша мұрагер сотта мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының тағайындалуына дау айтуға құқылы. Егер заң бойынша мұрагерлер болмаса не белгiсiз болса, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты мұраны сенiмгерлiкпен басқарушыны тағайындау туралы нотариусқа жүгiнуге тиiс. Заң бойынша мұрагерлер келген жағдайда, олардың талап етуi бойынша мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұраның есебiнен оған қажеттi шығындар өтелiп, қисынды сыйақы төлене отырып керi шақырып алынуы мүмкiн. Мұраны сенімгерлiкпен басқарушы заңды мұрагерліктiң ерекшелiктерiнен өзгеше туындамағандықтан, өсиеттi орындаушыға қатысты Кодекстiң бабында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асырады. Мұраны сенiмгерлiкпен басқарушының мұра есебiнен мұраны қорғау және оны басқару жөнiндегi қажеттi шығындарды өтеттiруге, ал егер оның мұрагерлермен келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, сыйақы алуға да құқығы бар.