Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

99. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар:

100. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы:

Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра қалдырушы өзiнiң кез келген мүлкi, оның iшiнде болашақта сатып алуы мүмкiн мүлкi туралы да өкiм бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердiң мұрадағы үлесiн кез келген түрде белгiлеуi мүмкiн, әртүрлi мүлiкке қатысты бiр немесе бiрнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкiне немесе оның қандай да бiр бөлiгiне билiк ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ. Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс. Мыналар:       1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;       2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:       1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;       2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;       3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;       4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;       5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды. Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың осы Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Eгep сот мұра қалдырушының өз еркiн бiлдiруiн түсiнуге әсер етпейдi деп белгiлесе, өсиеттi жасау, қол қою немесе оны растау кезiнде жiберiлген емле қателерi және техникалық сипаттағы басқа да елеусiз қателер өсиеттi жарамсыз деуге негiз бола алмайды. Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.