
- •Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы
- •Сатып алу сату шартының мазмұны
- •Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
- •Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы
- •Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы
- •13. Сыйға тарту шартының мазмұны:
- •14. Қайырмалдықтың құқықтық ерекшеліктері:
- •15. Рента шарты, жалпы ережелер:
- •16. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:
- •17. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:
- •18. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:
- •19. Мүлікті жалдау шарты ұғымы мен оны құқықтық қамтамасыз ету.
- •20. Мүлік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •21.Мүлікті жалдау шартын орындау, тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі.
- •22.Кәсіпорынды жалдау шарты.
- •23.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.
- •24.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
- •25.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.
- •31. Бас мердігер жәнеқосалқы мердігер
- •32. Мердігерлік шарттын орындаудың ерекшеліктері.
- •34. Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.
- •35. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.
- •36. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.
- •37.Жобалау ж/е iздестiру, ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкциялық ж/е техникалық жұмыстарына мердiгерлiк шарты
- •38. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету
- •39.Тасымалдау шартына жалпы сипаттама
- •40. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны
- •41. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
- •42. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
- •43. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
- •Көлік экспедиция шарты
- •45. Заем шартының ұғымы мен мазмұны
- •46. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •47. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру
- •49. Банк заем шартының ерекшеліктері.
- •50. Факторинг шарты. Жалпы ережелері,
- •51. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлік сипаттамасы.
- •52. Банк салымы шартының ерекшеліктері.
- •53. Банктік шот шартын құқықтық реттеу.
- •54. Сақтау шартының түсінігі мен мазмұны.
- •55. Арнайы сақтау шартына түрлік сипаттама беру.
- •56. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.
- •57. Сақтандыру шартының ұғымы. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- •58. Сақтандырудың нысандары мен түрлері,
- •59. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар
- •60. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.
- •61. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
- •62. Қос, топтық, ортақ, қайта сақтандыру
- •63. Тапсырма шарты түсінігі, маңызы
- •64. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау
- •70. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің ұғымы мен маңызы.
- •71. Зиян келтіргені үшін жауаптылықтын жалпы негіздері.
- •72. Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •73. Жоғары қауып көздері арқылы келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •78. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер:
- •79. Интеллектуалдық меншік құқығы, ұғымы, жалпы ережелері:
- •81. Авторлық құқық, түсінігі, жалпы ережелер:
- •82. Авторлық құқықтың субъектілері мен об.Рі.
- •83.Автордың жеке ж.Е мүліктік құқықтары.
- •85. Интеллектуалдық меншік құқ.Ғы лицензиялық шарттар.
- •86 Сабақтас құқықтарға құқықтық сипаттама беру:
- •87 Өнертабысқа құқық түсінігі, жалпы сипаттама.
- •88 Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •89 Өнеркәсіптік үлгіге құқық түсінігі, сипаттамасы оны пайдалану құқықтары
- •92. Қызметтік өнер табыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер
- •93. Селекциялық жетістік авторының құқықтары:
- •94. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар:
- •97. Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен мазмұны. Мұрагерлік түрлері:
- •99. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар:
- •100. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы:
- •101. Өсиеттің орындалуы. Өсиеттік бас тарту
- •102. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі:
93. Селекциялық жетістік авторының құқықтары:
Селекциялық жетiстiктiң авторы оның заңдарда белгiленген талаптарға сай келуге тиісті атауын айқындауға құқылы. Қорғалатын селекциялық жетiстiктердi өндiру, ұдайы өндіру, сатуға ұсыну, сату және өткізудің өзге де түрлері кезінде олар үшін тіркелген атауларды қолдану мiндеттi. Өндiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдарға, асыл тұқымды материалға тiркелгеннен өзгеше атау беруге жол берiлмейдi. Тiркелген селекциялық жетiстiктiң атауын оған қатысы жоқ өсiрiлген және (немесе) сатылатын тұқымдар мен асыл тұқымды материалға беру патент иесi мен селекционердiң құқықтарын бұзу болып табылады. Патент иесi болып табылмайтын селекциялық жетiстiктiң авторы патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде патент иесiнен селекциялық жетiстiктi пайдаланғаны үшiн сыйақы алуға құқылы. Селекциялық жетiстiк авторына сыйақы төлеудiң мөлшерi мен талаптары оның өзi мен патент иесi арасында жасалған шартта белгiленедi. Бұл орайда сыйақының мөлшерi лицензияларды сатудан түскен түсiмдi қоса алғанда, патент иесi селекция жетiстiктерiн пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы түсiмдер сомасының кемiнде бес процентi болуға тиiс. Сыйақы авторға, егер автордың патент иесiмен шартында өзгеше көзделмесе, селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл аяқталғаннан кейін алты ай ішінде төленеді. Селекциялық жетiстiк патентi иесiнiң осы жетiстiктi селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы заң актiлерiнде белгiленген шекте пайдалануға айрықша құқығы болады.
94. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар:
Автордың шығармашылық қызметi нәтижесiнде жасалып, материалдық көздерде көрсетiлген интегралды микротәсiмдер мен олардың арасындағы байланыстардың элементтерi жиынтығының кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы интегралды микротәсiмнiң түпнұсқалық топологиясы деп танылады. Осы бөлiмнiң баптарымен берiлген құқықтық қорғау топологияда iске асуы мүмкiн идеяларға, әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе кодтандырылған ақпаратқа қолданылмайды. Интегралды микротәсiмдер топологиясы авторының немесе өзге де құқық иесiнiң бұл топологияны өз қалауы бойынша, атап айтқанда, мұндай топологияны басқа тұлғалардың тиісті рұқсатсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, мұндай топологиясы бар интегралды микротәсiм дайындау жолымен пайдаланудың айрықша құқығы болады. Топологияның бiрнеше авторына немесе өзге де құқық иелерiне тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы шартпен белгiленедi. Автордың рұқсатынсыз мынадай әрекеттердi жасау: 1) интегралды микротәсiмге енгiзу арқылы немесе өзге де түрде, оның түпнұсқа болып табылмайтын бөлiгiн қоспағанда, топологияны тұтас немесе оның бөлiктерiн көшiрiп алу; 2) топологияны немесе осы топология бар интегралды микротәсiмдi қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және өзге де айналымға енгiзу айрықша құқықты бұзу болып табылады. Топологияға құқық иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып табылмайтын әрекеттердiң тiзбесi заң актiлерiнде белгiленедi. Интегралды микротәсiм топологиясының авторы немесе өзге де құқық иесi уәкiлеттi мемлекеттiк органға өтiнiм беру жолымен топологияны тiркетуге құқылы. Тiркеуге өтiнiм беру, егер топология қолданылған болса, оны алғаш рет қолданған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн. Топологияны, сондай-ақ оларға құқықты толық немесе iшiнара беру туралы шарттарды тiркеу тәртiбi заң актiлерiмен белгiленедi.
95. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау: Техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпаратты, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға белгiсiз (ашылмаған ақпарат) өндiрiстiк құпияларды (ноу-хау) заңды түрде иеленетiн тұлғаның, осы ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да болсын шарттылықты орындауға (оны тiркеу, куәлiк алу және т. б.) қарамастан туындайды. Ашылмаған ақпаратты қорғау туралы ережелер, заң актiлерiне сәйкес қызметтiк немесе коммерциялық құпия бола алмайтын мәлiметтерге (заңды тұлғалар туралы мәлiметтер, мүлiкке құқықтар және олармен мәмiлелер туралы мәлiметтер; мемлекеттiк статистикалық есеп беру ретiнде ұсынылуға жататын мәлiметтер және басқалары) қатысты қолданылмайды. Ашылмаған ақпаратты заңсыз негiзде алған немесе таратқан не оны пайдаланушы тұлға осы ақпаратқа заңды түрде иелік етушiге оны заңсыз пайдаланудан келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi. Егер ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланушы тұлға оны таратуға құқығы жоқ тұлғадан алса, ол туралы ақпаратты алушы бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал ниеттi алушы), ашылмаған ақпараттың заңды иесi адал ниеттi алушы оны пайдалану заңсыз екенiн бiлгеннен кейiн одан ашылмаған ақпаратты пайдаланудан келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Ашылмаған ақпаратқа заңды иелiк етушi тұлға оны кiм заңсыз пайдаланса, содан оның пайдаланылуын дереу тоқтатуды талап етуге құқылы. Алайда сот ашылмаған ақпаратты адал ниеттi алушының оны пайдалануға жұмсаған қаражатын ескере отырып, оны айрықша тегiн лицензия талаптарымен одан әрi пайдалануға рұқсат беруi мүмкiн. Ашылмаған ақпараттың мазмұнын құрайтын мәлiметтердi өз бетiнше және заңды түрде алған тұлға бұл мәлiметтердi тиiстi ашылмаған ақпарат иесінің құқықтарына қарамастан пайдалануға құқылы және мұндай пайдалану үшiн оның алдында жауап бермейдi. Ашылмаған ақпаратқа иелiк етушi тұлға осы ақпараттың мазмұнын құрайтын мәлiметтердiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға бере алады. Лицензиат шарт бойынша алынған ақпарат құпиясын қорғауға тиiстi шараларды қолдануға мiндеттi және лицензиар сияқты оны үшiншi тұлғалардың заңсыз пайдалануынан қорғауға да сондай құқығы болады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиялық шарт тоқталғаннан кейiн де, егер тиiстi мәлiметтер ашылмаған ақпарат болып қала беретiн болса, ақпараттың құпиялылығын сақтау мiндетi лицензиатқа жүктеледi.
96. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары: Заңды тұлғаның ресми бланкiлерде, баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажеттi өзге де жағдайларда фирмалық атауды пайдалануға айрықша құқығы бар. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысын бекiткен кезде белгiленедi. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атаумен Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Тiркелiп қойған заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас фирмалық атауды пайдалануға болмайды, өйткенi мұның өзi тиiстi заңды тұлғалардың ұқсап кетуiне, сондай-ақ олар шығаратын тауарлар немесе көрсететiн қызметтер жөнiнде жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкiн. Заңды тұлғаның фирмалық атауы оған тиесілі тауар белгісінде пайдаланылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаны белгiлеу ретiнде Қазақстан Республикасында тiркелген фирмалық атауға айрықша құқық қолданылады. Шет мемлекетте тiркелген немесе кеңiнен танымал фирмалық атауға Қазақстан Республикасының аумағындағы айрықша құқық заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қолданылады. Заңды тұлғаның таратылуына және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты фирмалық атауға құқықтың қолданылуы тоқтатылады. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған және кәсiпорын тұтасымен иелiктен алынған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаның фирмалық атауын құқық иелiгiнен алуға және ауыстыруға жол берiлмейдi. Фирмалық атауға құқықтың иесi басқа тұлғаға шартта келісілген әдістермен өз атауын пайдалануға рұқсат етуі (лицензия беруі) мүмкiн. Бұл орайда лицензиялық шартта тұтынушыны жаңылыстыруға жол бермейтiн шаралар көзделуге тиiс.