Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

87 Өнертабысқа құқық түсінігі, жалпы сипаттама.

Өнертабысқа құқықтар - инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады. Жаңа, өнертапқыштық деңгейi бар және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiм құқықтық қорғау берiлетiн өнертабыс болып танылады. Жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болатын өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады. Бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсiпте қолдануға болатын көркемдiк-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады. Инновациялық патент және патент алу құқығы туындайтын өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге қойылатын талаптар, мемлекеттiк уәкiлеттi органның оларды беру тәртiбi заң актiсiмен белгiленедi. Патентке қабiлетi жоқ техникалық шешiмдердiң, өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындаулардың, бұйымдардың көркемдiк-конструкторлық шешiмдерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi. Патент иесiнiң өнiмдi қорғалған шешiмдердi қолдану арқылы өндiру, инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалған технологиялық процестердi өз өндiрiсiнде қолдану, қорғалған шешiмi бар бұйымдарды сату немесе сатуға ұсыну, тиiстi бұйымдарды импорттау құқықтарын қоса алғанда, инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалған өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады. Азааттық заңнамаға немесе басқа заң актiлерiне сәйкес патент иесiнiң құқықтарын бұзу болып табылмайтын пайдалану жағдайларын қоспағанда, басқа адамдардың өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi патент иесiнiң рұқсатынсыз пайдалануға құқығы жоқ. Патенттелген өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi қолданып жасалған бұйымдарды рұқсатсыз жасау, қолдану, импорттау, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзгедей енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ өнертабысқа инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалатын әдiстi қолдану немесе тiкелей өнертабысқа берiлген инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалатын әдiс арқылы дайындалған бұйымды азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау патент иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады. Өзгеше дәлелденбейiнше бұйым патенттелген әдiспен жасалған болып саналады.  Патентті және инновациялық патентті алуға құқық, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, патенттi және инновациялық патенттi иеленуге құқық, және патент пен инновациялық патенттен туындайтын құқықтар басқа тұлғаға толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.

88 Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.

Өнертабысқа құқықтар - инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады. Жаңа, өнертапқыштық деңгейi бар және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiм құқықтық қорғау берiлетiн өнертабыс болып танылады. Жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болатын өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады. Бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсiпте қолдануға болатын көркемдiк-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады. Инновациялық патент және патент алу құқығы туындайтын өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге қойылатын талаптар, мемлекеттiк уәкiлеттi органның оларды беру тәртiбi заң актiсiмен белгiленедi. Патентке қабiлетi жоқ техникалық шешiмдердiң, өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындаулардың, бұйымдардың көркемдiк-конструкторлық шешiмдерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.   Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң тең авторларының өзара қатынасы олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi жасауға шығармашылық емес жәрдем (техникалық, ұйымдастырушылық немесе өзге де көмек, құқықтарды ресiмдеуге жәрдемдесу және т.б.) тең авторлыққа әкеп соқпайды.      Қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындаған кезде жасаған (қызметтiк өнертабыс) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге инновациялық патентке, патентке берiлетiн құқықты, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушi иеленедi.     Авторға қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi, төлеу талаптары және тәртiбi оның және жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiммен белгiленедi. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы автор мен жұмыс берушiнiң үлесiн мөлшерлестiру мүмкiн болмаса, автордың жұмыс берушi алған немесе алуға тиісті пайдасының жартысына құқығы танылады.