
- •Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы
- •Сатып алу сату шартының мазмұны
- •Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
- •Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы
- •Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы
- •13. Сыйға тарту шартының мазмұны:
- •14. Қайырмалдықтың құқықтық ерекшеліктері:
- •15. Рента шарты, жалпы ережелер:
- •16. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:
- •17. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:
- •18. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:
- •19. Мүлікті жалдау шарты ұғымы мен оны құқықтық қамтамасыз ету.
- •20. Мүлік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •21.Мүлікті жалдау шартын орындау, тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі.
- •22.Кәсіпорынды жалдау шарты.
- •23.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.
- •24.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
- •25.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.
- •31. Бас мердігер жәнеқосалқы мердігер
- •32. Мердігерлік шарттын орындаудың ерекшеліктері.
- •34. Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.
- •35. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.
- •36. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.
- •37.Жобалау ж/е iздестiру, ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкциялық ж/е техникалық жұмыстарына мердiгерлiк шарты
- •38. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету
- •39.Тасымалдау шартына жалпы сипаттама
- •40. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны
- •41. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
- •42. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
- •43. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
- •Көлік экспедиция шарты
- •45. Заем шартының ұғымы мен мазмұны
- •46. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •47. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру
- •49. Банк заем шартының ерекшеліктері.
- •50. Факторинг шарты. Жалпы ережелері,
- •51. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлік сипаттамасы.
- •52. Банк салымы шартының ерекшеліктері.
- •53. Банктік шот шартын құқықтық реттеу.
- •54. Сақтау шартының түсінігі мен мазмұны.
- •55. Арнайы сақтау шартына түрлік сипаттама беру.
- •56. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.
- •57. Сақтандыру шартының ұғымы. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- •58. Сақтандырудың нысандары мен түрлері,
- •59. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар
- •60. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.
- •61. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
- •62. Қос, топтық, ортақ, қайта сақтандыру
- •63. Тапсырма шарты түсінігі, маңызы
- •64. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау
- •70. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің ұғымы мен маңызы.
- •71. Зиян келтіргені үшін жауаптылықтын жалпы негіздері.
- •72. Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •73. Жоғары қауып көздері арқылы келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •78. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер:
- •79. Интеллектуалдық меншік құқығы, ұғымы, жалпы ережелері:
- •81. Авторлық құқық, түсінігі, жалпы ережелер:
- •82. Авторлық құқықтың субъектілері мен об.Рі.
- •83.Автордың жеке ж.Е мүліктік құқықтары.
- •85. Интеллектуалдық меншік құқ.Ғы лицензиялық шарттар.
- •86 Сабақтас құқықтарға құқықтық сипаттама беру:
- •87 Өнертабысқа құқық түсінігі, жалпы сипаттама.
- •88 Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •89 Өнеркәсіптік үлгіге құқық түсінігі, сипаттамасы оны пайдалану құқықтары
- •92. Қызметтік өнер табыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер
- •93. Селекциялық жетістік авторының құқықтары:
- •94. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар:
- •97. Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен мазмұны. Мұрагерлік түрлері:
- •99. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар:
- •100. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы:
- •101. Өсиеттің орындалуы. Өсиеттік бас тарту
- •102. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі:
78. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер:
Заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа тұлғаның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы), негiзсiз иеленiп алынған немесе жинақталған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің азаматтық заңнамада белгіленген ережелерi негiзсiз баю мүлiктi иеленушiнiң, жәбiрленушiнiң өзiнiң немесе үшiншi тұлғалардың пиғылының нәтижесi не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамастан қолданылады. Азаматтық заңнамада өзгеше белгiленбесе және тиiстi қарым-қатынастар мәнiнен өзгеше туындамаса, бұл ережелер: 1) жарамсыз мәмiле бойынша орындалғандарды қайтару туралы; 2) меншiк иесiнiң мүлiктi бөгде бiреудiң заңсыз иеленуiнен сұратып алуы туралы; 3) мiндеттемедегi бiр тараптың екiншiсiне осы мiндеттемеге байланысты орындалғандарды қайтару туралы; 4) зиянды, оның iшінде байыған тұлғаның терiс пиғылынан келтiрiлген өтем туралы талаптарға да қолданылуға тиiс. Мүлiктi иеленушiнiң негiзсiз байлығын құрайтын мүлiк жәбiрленушiге заттай қайтарылуға тиiс. Мүлiктi иеленушi баюының негiзсiздiгi туралы ол бiлгеннен немесе бiлуге тиiстi болғаннан кейiн болған, оның iшiнде негiзсiз иеленiлген немесе жинақталған қандай болса да мүлiктiң кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жәбiрленушiнiң алдында жауап бередi. Бұған дейiн ол тек жасырын ниетi мен өрескел абайсыздығы үшiн ғана жауап бередi. Негiзсiз алынған немесе жинақталған мүлiктi заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбiрленушiге осы мүлiктiң оны алған кездегi нақты құнын өтеуi, сондай-ақ егер мүлiктi иеленушi оның құнын баюдың негiзсiздiгi туралы бiлгеннен кейiн дереу өтемесе, мүлiк құнының кейiнгi өзгеруi арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуге тиiс. Басқаның мүлкiн не басқаның қызмет көрсетулерiн негiзсiз уақытша пайдаланған (оны иелену ниетiнсiз) адам жәбiрленушiге пайдалану тоқтатылған кездегi және оның болған жерiндегi бағамен осындай пайдалану салдарынан жинақтағанын өтеуге тиiс. Талаптарын беру арқылы немесе өзiне өзге де түрде тиесiлi құқығын жоқ немесе жарамсыз мiндеттеме негiзiнде басқа тұлғаға берген тұлға өзiнiң бұрынғы жағдайын қалпына келтiрудi, оның iшiнде берiлген құқықты куәландыратын құжаттардың өзiне қайтарылуын талап етуге құқылы. Мүлiктi негiзсiз алған немесе жинақтаған тұлға мұндай баюдың негiзсiздiгi туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi болған уақыттан бастап осы мүлiктен өзi алған немесе алуға тиiстi болған барлық кiрiстердi жәбiрленушiге қайтаруға немесе өтеуге мiндеттi. Негiзсiз ақшалай баюдың сомасына ақшаны иемденушiге ақша алудың немесе жинақтаудың негiзсiздiгi туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi болған уақыттан бастап бөгде ақшаны пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыбы есептелуге тиіс. Негiзсiз алынған немесе жинақталған мүлiктi қайтарған немесе оның құнын өтеген кезде мүлiктi иемденушi өзi алған пайданы есептей отырып, кiрiстi қайтаруға өзi мiндеттi болған уақыттан бастап мүлiктi ұстауға және сақтауға қажеттi шығындарды өтеудi жәбiрленушiден талап етуге құқылы. Шығындарды өтеу құқығы мүлiктi иемденушi қайтарылуға жататын мүлікті қасақана ұстаған жағдайларда жойылады. Негiзсiз байлық ретiнде: 1) егер мiндеттемеде өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындау үшiн оны орындау мерзiмi басталғанға дейiн берiлген мүлiк; 2) талап ету мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi орындау үшiн берiлген мүлiк; 3) азаматқа оның тарапынан терiс пиғыл болмаған жағдайда күнкөрiске арналған қаражат ретiнде (жалақы, авторлық сыйақы, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер және т.б.) берілген және иемденушi пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлiк; 4) егер иемденушi мүлiктiң қайтарылуын талап еткен тұлғаның мiндеттеменiң жоқтығы туралы бiлгендiгiн не мүлiктi қайырымдылық мақсатында бергенiн дәлелдесе, болмаған мiндеттеменi атқару үшiн берiлген ақша сомасы мен өзге мүлiк қайтарылуға жатпайды.