Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать
  1. Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы

      Кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу сату шарттарынан және қарапайым тұрмыстық сатып алу сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келген салаларында үйлестіруге мүмкіншілік береді. Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, экспортталған, импортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие қылады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады. Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады. Тауар жеткізілімі шартын құқықтық реттеудің қайнар көздеріне тікелей Азаматтық кодекс нормалары жатады. Олармен қатар ҚР-ң министрлер кабинетінің 1993 жылғы 8 шілдедегі №481 қаулысы жұмыс істейді. Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып келеді. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап 30 күн ішінде , егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.

  1. Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы

Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып келеді. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап 30 күн ішінде , егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.

Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайлардан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек.

Құрылымы: Тауар жеткізілімі шартының тараптары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер келеді. Сатушы тауар беруші жағында тауар жеткізілімі шартында ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан әрбір коммерциялық заңды тұлғалар және заңды тұлға құрамаған, жеке мен ұжымдық кәсіпкерлер қатысады.Тауар беруші коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Сатып алушы болып тауарды өзіне пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кез келген субъектілер табылады. Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Тауар жеткізілім шарты кейбір жағдайларда азаматтық айналымда шектелген мүлікті өтеулі түрде өткізуді көздейді. Шарт пәні заты алғашқы шарт жасасқан кезде жеке сипаттарымен айқындалатын зат бола алады. Тауар жеткізілімі шартының нысаны – жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар. Радиограммалар арқылы жасалады.