
- •Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы
- •Сатып алу сату шартының мазмұны
- •Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
- •Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы
- •Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы
- •13. Сыйға тарту шартының мазмұны:
- •14. Қайырмалдықтың құқықтық ерекшеліктері:
- •15. Рента шарты, жалпы ережелер:
- •16. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:
- •17. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:
- •18. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:
- •19. Мүлікті жалдау шарты ұғымы мен оны құқықтық қамтамасыз ету.
- •20. Мүлік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •21.Мүлікті жалдау шартын орындау, тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі.
- •22.Кәсіпорынды жалдау шарты.
- •23.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.
- •24.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
- •25.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.
- •31. Бас мердігер жәнеқосалқы мердігер
- •32. Мердігерлік шарттын орындаудың ерекшеліктері.
- •34. Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.
- •35. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.
- •36. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.
- •37.Жобалау ж/е iздестiру, ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкциялық ж/е техникалық жұмыстарына мердiгерлiк шарты
- •38. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету
- •39.Тасымалдау шартына жалпы сипаттама
- •40. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны
- •41. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
- •42. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
- •43. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
- •Көлік экспедиция шарты
- •45. Заем шартының ұғымы мен мазмұны
- •46. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •47. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру
- •49. Банк заем шартының ерекшеліктері.
- •50. Факторинг шарты. Жалпы ережелері,
- •51. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлік сипаттамасы.
- •52. Банк салымы шартының ерекшеліктері.
- •53. Банктік шот шартын құқықтық реттеу.
- •54. Сақтау шартының түсінігі мен мазмұны.
- •55. Арнайы сақтау шартына түрлік сипаттама беру.
- •56. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.
- •57. Сақтандыру шартының ұғымы. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- •58. Сақтандырудың нысандары мен түрлері,
- •59. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар
- •60. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.
- •61. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
- •62. Қос, топтық, ортақ, қайта сақтандыру
- •63. Тапсырма шарты түсінігі, маңызы
- •64. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау
- •70. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің ұғымы мен маңызы.
- •71. Зиян келтіргені үшін жауаптылықтын жалпы негіздері.
- •72. Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •73. Жоғары қауып көздері арқылы келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •78. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер:
- •79. Интеллектуалдық меншік құқығы, ұғымы, жалпы ережелері:
- •81. Авторлық құқық, түсінігі, жалпы ережелер:
- •82. Авторлық құқықтың субъектілері мен об.Рі.
- •83.Автордың жеке ж.Е мүліктік құқықтары.
- •85. Интеллектуалдық меншік құқ.Ғы лицензиялық шарттар.
- •86 Сабақтас құқықтарға құқықтық сипаттама беру:
- •87 Өнертабысқа құқық түсінігі, жалпы сипаттама.
- •88 Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •89 Өнеркәсіптік үлгіге құқық түсінігі, сипаттамасы оны пайдалану құқықтары
- •92. Қызметтік өнер табыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер
- •93. Селекциялық жетістік авторының құқықтары:
- •94. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар:
- •97. Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен мазмұны. Мұрагерлік түрлері:
- •99. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар:
- •100. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы:
- •101. Өсиеттің орындалуы. Өсиеттік бас тарту
- •102. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі:
63. Тапсырма шарты түсінігі, маңызы
Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады. Бұл шарт азаматтық құқықта әмбебап маңызға ие. Ол белгілі бір субъект өзіне қажетті әрекеттерді жеке өзі емес, басқа тұлғалардың қызметіне жүгінетін өте көп өмірлік жағдайларды реттеу үшін бейімделген. Тапсырма өзі арқылы өкілдік қатынастары қамтамасыз етілетін негізгі құқықтық нысандардың бірі болып табылады. Тапсырма өкілдікпен қатар қызмет көрсету бойынша міндетті туындата алады. Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi.
Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс. Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкіл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi. Тараптардың келiсуiмен коммерциялық өкiл осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындаудан босатылуы мүмкiн. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады.Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.
64. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау
Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс.Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдар басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.Егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады. Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделi тұлғаның мақұлдамағандығы белгiлi болған соң жасаған бөтен мүдделердегі iс-әрекеттер осы iс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да, үшiншi бiр тұлғаға қатысты да соңғысына мiндеттер жүктемейдi. Қатерге ұшыраған адамның өмiрiне төнген қауiптi жою мақсатындағы iс-қимылға осы адамның еркiне қарсы, ал бiреудi асырау жөнiндегi мiндеттердi орындауға - осындай мiндетi бар тұлғаның еркiне қарсы жол берiледi.Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткiзбеген жағдайда да қажеттi шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. Алайда басқа тұлғаның мүлкiне залал келтiрудi болдырмау жағдайында өтеу мөлшерi мүлiктiң құнынан аспауы тиiс.Егер мұндай құқық заң актiлерiнде, мүдделi тұлғамен жасалған келісімде немесе іскерлік айналым дағдысында көзделсе, басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттерi мүдделi тұлға үшiн оң нәтижеге жеткiзген тұлға сыйақы алуға құқылы. Басқаның мүддесiне жасалған мәмiле бойынша мiндеттер, ол осы мәмiленi мақұлдаған жағдайда және басқа тарап мұндай ауысуға қарсы болмаса не мәміле жасаған кезде мәміле басқаның мүддесіне жасалғандығын бiлген болса немесе бiлуi тиiс болса, мүддесiне мәмiле жасалған адамға ауысады.Мәмiле бойынша мiндеттер мүддесiне осы мәмiле жасалған адамға ауысқан кезде, соңғысына осы мәмiле бойынша құқықтар да берiлуге тиiс.