Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

59. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар

Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары ҚР АК мен реттеледi.Сақтандыру қызметі ҚР заң талаптарына сәйкес мемлекеттің өкілеттігі органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру уйымының қызметі.Сақтандыру жағдайы сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар , сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемдену қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алу ықтимадылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды.Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық математикалыұқ есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға.Сатып алу сомасы жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.Сақтандыру ережелері белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты. Қайта сақтандырушы (цедент) өзі қабылдаған сақтандыру тәуекедерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.Қайта сақтандыру- сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап , кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыр тәуекедерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты туындайтын қатынастар. Сақтандыру сыйақысы сақтандырушының сақтандару шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыр төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандару сый ақылары сақтанушының меншік құқығына жатады. Сақтандыру сомасы сақтандыр обьектісі сақтандарылған және сақтандыру жағдайның пайда болуындағы жауапкершіліктің шектеулі көлемін ұсынатын ақша сомасы.Сақтандыру төлемі жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандару сомасы мөлшерінде сақтандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы.

60. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.

Сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

ҚР АК нде көзделген мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты мынадай жағдайларда: 1) сақтандыру объектiсi өмiр сүруiн тоқтатқан; 2) сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам қайтыс болғанда, ол ауыстырылмаған 4) өзiнiң кәсiпкерлiк тәуекелiн немесе осы қызметке байланысты азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырған сақтанушы белгiленген тәртiппен кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан; 5) сақтандыру жағдайының басталу мүмкiндiгi жойылған және сақтандыру жағдайынан басқа жағдайлар бойынша сақтандыру тәуекелiнiң болуы тоқтатылған; 6) соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгізілген реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Бұл ретте міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өзі кепілдік берген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындайды;

7) уәкілетті органның сақтандырушының epiкті таратылуына pұқcат бepу туралы шешімі күшіне енгізілген реттерде мерзімінен бұрын тоқтатылады.Аталған жағдайларда шартты тоқтату үшiн негiз ретiнде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап шарт тоқтатылған болып есептеледi, бұл туралы мүдделi тарап дереу екiншiсiн хабардар етуге тиiс. Егер жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтанушы шарт жасасқан күннен бастап он төртінен отызына дейінгі кезеңде оны біржақты тәртіппен бұзса, онда сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақысының сомасынан алынған жиырма проценттен аспайтын, сақтандырушы көтерген шығыстар шегеріле отырып, алынған сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтанушыға қайтаруға міндетті. Сақтанушы сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы.