Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

46. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері

Заемшының құқықтары мен міндеттері:

  • заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.

  • заем нысанасын пайдаланғаны үшiн заемшы шартта белгiленген мөлшерде заем берушiге сыйақы төлейдi.

  • заемшы заем берудiң шартта белгiленген мерзiмiне дейін заем берушiнi бұл туралы хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.

  • заемшы алынған заем нысанасын өз қалауы бойынша пайдаланады.

  • заемшы заем берушiнiң заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

  • Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.

  • Заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы.

Заем берушінің құқықтары мен міндеттері:

  • заем берушi заемшының меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi

  • заем берушiнiң заемның нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар

  • заем берушi заем нысанасының берiлмеген бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

  • заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

  • сыйақыны төлеу үшiн белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

47. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру

Мемлекеттiк заем шарты

Мемлекеттiк заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады. Мемлекеттiк заемдар ерiктi болып табылады. Мемлекеттiк заем шарты заем игерушiнiң шығарылған мемлекеттiк облигацияларды, сондай-ақ заем берушiнiң заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгiленген сыйақыны немесе өзге де мүлiктiк құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында көзделген мерзiмде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттiк бағалы қағаздарды алу жолымен жасалады.

Мемлекеттiк заем шартынан туындайтын өз мiндеттемелерi бойынша, заемшы тиiстi қазынаның мүлкiмен жауап бередi. ҚР мемлекеттiк заем қатынастарына қатысу ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.Банк заемы шарты Банк заемы шарты бойынша заем берушi заемшыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге мiндеттенедi.

Ислам банкі заем беруші болып табылатын банк заемы шарты бойынша ақша заемы мерзімділік және қайтарымдылық талаптары бойынша және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алынбай жүзеге асырылады.

Банк заемы шартына АК 728-бабында көзделген ерекшелiктерiмен қоса заем шартына қатысты ережелер қолданылады.Банк заемы шартының мынадай ерекшелiктерi бар: 1) заем берушi ақша нысанында заем беруге уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға болады;

2) шарттың нысанасы алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша болып табылады. Соңғы жағдайда шарт, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, оның жасалған кезiнен бастап күшiне ендi деп есептеледi;

3) шарт жазбаша түрде жасалуы тиiс. Жазбаша түрдi сақтамау банк заемы шартының жарамсыздығына әкеп соғады; 4) банктiк заем шартына, банк заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, АК 722-бабы 2-тармағының ережелерi қолданылмайды.Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген заемдар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған заемдар беруге тыйым салынады.

48.Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету

Заем нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау АК көзделген әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда заемшы, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заем берушiге заемның қамтамасыз етiлуiн бақылауға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

Заемшы нысанасын қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ заем берушi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етудi жоғалтқан немесе оның шарттарын нашарлатқан жағдайда заем берушi заем нысанасының тиiсiнше ұсынылмаған бөлiгiне қатысты шартты орындаудан бас тартуға және заемшыдан заем нысанасын және ол бойынша сыйақыны мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.