Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать
  1. Көлік экспедиция шарты

Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және басқа тараптың (клиенттiң - жүк жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасасуға мiндеттенедi. Көлiк экспедициясы шартында қосымша қызметтер көрсету ретiнде экспорт немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк және өзге шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жай-күйiн тексеру, оны тиеу мен түсiру, жөнелтушiге жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондай-ақ өзге де операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткiзу үшiн қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн. Жүк жөнелтушiнiң келiсiмiмен экспедитор жөнелтушiнiң мүддесiн, тарифтер деңгейiн және жеткізу мерзiмдерiн ескере отырып, жөнелтушiнiң жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады. Шарттың нысаны. Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады. Жүк жөнелтушi (алушы) экспедиторға, егер ол оның мiндеттерiн атқаруға қажет болса, сенiмхат беруге тиіс. Жүк жөнелтушi (алушы) экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi. Экспедитор жүк жөнелтушiге (алушыға) алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушiден (алушыдан) қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi. Жүк жөнелтушi (алушы) қажеттi ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқаруы мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды. Экспедитор жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалуға құқылы.

Көлiк экспедициясы шарты бойынша экспедитордың жауапкершiлiгi. Экспедиция шарты жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн экспедитор АК ережелеріне сәйкес белгiленген негiздер мен мөлшер бойынша жауапты болады. Егер экспедитор мiндеттi бұзу тасымалдау шарттарының тиiстi дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың жүк жөнелтушi (алушы) алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиiстi тасымалдаушы жауап беретiн ережелермен белгiленедi. Жүк жөнелтушi (алушы) немесе экспедитор, бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, көлiк экспедициясы шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту кезiнде бас тартуды мәлiмдеген тарап екiншi тарапқа шарттың бұзылуынан келтiрiлген залалды өтейдi.