
- •Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы
- •Сатып алу сату шартының мазмұны
- •Сатып алу сату шартын орындау және тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі
- •Бөлшектеп сатып алу сатуды құқықтық реттеудің ерекшеліктері
- •Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, маңызы
- •Тауар жеткізілімі мәмілесін жасау және өзгерту. Тауар жеткізілімі бойынша шарттың қатынастарының құрылымы
- •13. Сыйға тарту шартының мазмұны:
- •14. Қайырмалдықтың құқықтық ерекшеліктері:
- •15. Рента шарты, жалпы ережелер:
- •16. Тұрақты рента шартының құқықтық ерекшеліктері:
- •17. Ғұмырлық рентаның түсінігі мен оны құқықтық реттеу:
- •18. Өмір бойы асырауда ұстау шарты:
- •19. Мүлікті жалдау шарты ұғымы мен оны құқықтық қамтамасыз ету.
- •20. Мүлік жалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •21.Мүлікті жалдау шартын орындау, тараптардың оны бұзғаны үшін жауапкершілігі.
- •22.Кәсіпорынды жалдау шарты.
- •23.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.
- •24.Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.
- •25.Көлік құралдарын жалдау шартының ерекшеліктері.
- •31. Бас мердігер жәнеқосалқы мердігер
- •32. Мердігерлік шарттын орындаудың ерекшеліктері.
- •34. Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.
- •35. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.
- •36. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.
- •37.Жобалау ж/е iздестiру, ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкциялық ж/е техникалық жұмыстарына мердiгерлiк шарты
- •38. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық қамтамасыз ету
- •39.Тасымалдау шартына жалпы сипаттама
- •40. Жүктi тасымалдау шартының түсінігі, мазмұны
- •41. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
- •42. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
- •43. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
- •Көлік экспедиция шарты
- •45. Заем шартының ұғымы мен мазмұны
- •46. Заем шарты б/ша тараптардың құқықтары мен міндеттері
- •47. Заем қатнастарына түрлік сипаттама беру
- •49. Банк заем шартының ерекшеліктері.
- •50. Факторинг шарты. Жалпы ережелері,
- •51. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлік сипаттамасы.
- •52. Банк салымы шартының ерекшеліктері.
- •53. Банктік шот шартын құқықтық реттеу.
- •54. Сақтау шартының түсінігі мен мазмұны.
- •55. Арнайы сақтау шартына түрлік сипаттама беру.
- •56. Тауар қоймасында сақтауды құқықтық реттеу.
- •57. Сақтандыру шартының ұғымы. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
- •58. Сақтандырудың нысандары мен түрлері,
- •59. Сақтандыру құқықтық қатынастарындағы негізгі ұғымдар
- •60. Сақтандыру шартын орындаудың, тоқтатудың ерекшеліктері.
- •61. Сақтандыру шартының жарамсыздығы
- •62. Қос, топтық, ортақ, қайта сақтандыру
- •63. Тапсырма шарты түсінігі, маңызы
- •64. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау
- •70. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің ұғымы мен маңызы.
- •71. Зиян келтіргені үшін жауаптылықтын жалпы негіздері.
- •72. Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат және кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •73. Жоғары қауып көздері арқылы келтірген зиян үшін жауапкершілік.
- •78. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер:
- •79. Интеллектуалдық меншік құқығы, ұғымы, жалпы ережелері:
- •81. Авторлық құқық, түсінігі, жалпы ережелер:
- •82. Авторлық құқықтың субъектілері мен об.Рі.
- •83.Автордың жеке ж.Е мүліктік құқықтары.
- •85. Интеллектуалдық меншік құқ.Ғы лицензиялық шарттар.
- •86 Сабақтас құқықтарға құқықтық сипаттама беру:
- •87 Өнертабысқа құқық түсінігі, жалпы сипаттама.
- •88 Пайдалы модельге құқық, құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
- •89 Өнеркәсіптік үлгіге құқық түсінігі, сипаттамасы оны пайдалану құқықтары
- •92. Қызметтік өнер табыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер
- •93. Селекциялық жетістік авторының құқықтары:
- •94. Интегралды микротәсімдер мен топологияларға құқықтар:
- •97. Мұрагерлік құқықтың ұғымы мен мазмұны. Мұрагерлік түрлері:
- •99. Мұрагерлік құқықтағы негізгі ұғымдар:
- •100. Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет нысандары. Өсиеттің жарамсыздығы:
- •101. Өсиеттің орындалуы. Өсиеттік бас тарту
- •102. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлердің кезегі және оларды мұраға шақыру тәртібі:
41. Жолаушы тасымалдау шартының құқықтық ерекшіліктері
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде - теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен ресiмделедi. Жол жүру билетi мен теңдеме жүк түбiртегiнiң нысаны көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленедi.
Жолаушылардың құқықтары Көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiп бойынша жолаушының:
1) өзiмен бiрге балаларды тегiн немесе өзге де жеңiлдiктi жағдайларда алып жүруге;
2) белгiленген нормалардың шегiнде өзiмен бiрге қол жүгiн ақысыз алып жүруге;
3) теңдеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.
Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кiдiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешiгiп барғаны үшiн (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.
Жолаушы көлiк құралы жөнелтiлуiнiң кiдiруi себебiнен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемiнде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кiдiртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
42. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар
Жүйелi түрде тасымалдауларды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы ұзартылған шарттар жасаса алады.
Жүктердi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы белгiленген мерзiмде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - келiсiлген көлемде тасымалдауға жүк берiп тұруға мiндеттенедi.
Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдау көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы және көлiк құралдарын беру мен тасымалдауға жүктердi берудiң басқа да жағдайлары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың заң актiлерiнде көзделмеген өзге де жағдайлары белгiленедi.
43. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау
Коммерциялық ұйым жүзеге асыратын тасымалдау, егер заң актiлерiнен, өзге нормативтiк құқықтық актiлерден немесе осы ұйымға берiлген лицензиядан (патенттен) бұл ұйым жолаушыларды, жүктердi және теңдеме жүктi кез келген азаматтың немесе заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға мiндеттi екенi туындайтын болса, жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау болып танылады.
Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жария шарт б.т. Бүл шарт тұтыну шарттарына жатады, онда тасымалдау қатынастарына бір жағынан өз теңдеме жұгін бір уақытта өзімен бірге алып жүре алатын жолаушылар түседі. Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты жүктердің де тасымалын камти алады.Бүл қатынастарға тасымалдау шы жағынан шарттық қатынастарға заңнама және тиісті тасымалдауларға берілген лицензия (патент) негізінде түсетін коммерциялық ұйымдар (кәсіпкерлер) түседі. Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау негізінен коммуналды шаруашылықаясына жататын болғандыктан, ол, соның ішінде, жолаушыларды қала көлігімен тасымалдау, көбінесе жергілікті өкілді органдардың актілерімен реттеледі. Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау оларды жолаушылармен аумактық монополияга карсы органдар бекіткен тарифтер бойынша төлеу арқылы жүзеге асырылады.