Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

34. Тұрмыстық мердігерліктің ерекшеліктері.

Жалпы, тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.       Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады. Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзгеде стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшығы түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі. Тұрмыстық мердігіерлік шартының ерекшелігі мердігер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға. Тапсырыс беруші кез келген азамат немесе заңды тұлға. Құрылыс мердігерлік шартының шартының обьектісі тұрмыстықтың және жеке қажеттенетін қанағаттандыруға арналынған белгілі бір жұмыс.

35. Құрылыс мердігерлігінің шарты түсінігі, мазмұны және ерекшеліктері.

Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.      Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелерi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.      Егер мұның өзi шартта көзделген болса, мердiгер объектiнi пайдалануға берудi тапсырысшы объектiнi қабылдағаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қамтамасыз етуге мiндеттеме алады.       Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс.      Аяқталмаған құрылыстың иесi оны тапсырысшыға тапсырғанға дейiн және оған төлем жасалғанға дейiн мердігер болып табылады.     Құрылыс, мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары туралы ережелер қолданылады. Жалпы осындай негіздер арқылы ерекшеленеді.

36. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері.

Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi. Сонымен қатар міндеттерімен құқықтарына тоқталатын болсақ. Обьектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазыргі заңға сәйкес, салынатын обьектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп алу керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті. Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындақ жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б міндеттер міндеттерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шығаратының элементтерімен күрделенеді немесе мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша ақы төлеуге байланысты міндеттеме, шарттағы тараптардың арасында тәуекелді бөлумен тығыз байланысты. Тапсырысшы жұмыс обьектісі жұмысты өткізудің шартта белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін дүлей күштін салдарынан қирағаны немесе бүлінгеніне байланысты тәуекел атқарады. Құрылыс мердігерлік шарты бойынша, бір немесе өзге саладағы міндетті талаптарға сәйкес келуі тиіс күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты, мердігер жұмысты өзінің қамқорлығымен орындауымен бірге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуге міндетті болып табылады,