Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать

22.Кәсіпорынды жалдау шарты.

Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға, оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және айрықша құқықтар кешенiн беруге мiндеттенедi.   Жалға берушiнiң тиiстi қызметпен айналысуға берiлген лицензия негізінде алған құқықтары, жалға алушыға берiлмеуге тиiс. Шарт бойынша берiлетiн кәсiпорынның құрамына осындай арнаулы рұқсаты (лицензиясы) болмаған жағдайда жалға алушының орындауы мүмкiн болмайтын мiндеттемелердi енгiзу жалға берушiнi кредит берушiлер алдындағы тиiстi мiндеттемелерден босатпайды. Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға берушi өз кредит берушiлерiн жалдау шарты жасалғанға дейiн жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi, олар осындай аударумен келiспеген жағдайда хабарлама алған күннен бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті мiндеттемелердi тоқтатуын немесе мерзiмiнен бұрын орындауын және залалды өтеуін талап етуге құқылы. Егер көрсетiлген мерзiмде осы талаптардың ешқайсысы қойылмаса, кредит беруші тиiстi борышты жалға алушыға аударуға келiсiм бердi деп танылады. Кәсiпорынды мүлiк кешенi ретiнде жалға бергеннен кейiн жалға берушi мен жалға алушы берiлген кәсiпорынның құрамына енгiзілген, жалға алушыға кредит берушiнiң келiсiмiнсiз аударылған борыштар бойынша бiрдей жауапты болады. Кәсiпорынды жалдау шарты тараптар қол қойған бiрыңғай құжат жасау жолымен жазбаша түрде жасалады. Кәсiпорынды жалдау шартының нысанын сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Кәсiпорынды жалдау шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс және ол осындай тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледi.  Кәсiпорынды жалға алушыға беру өткiзу актiсi бойынша жүзеге асырылады. Өткiзу актiсiн жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда, кәсiпорынды беруге дайындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң мiндетi болып табылады және соның есебiнен жүзеге асырылады. Кәсiпорынды жалға алушы шарттың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде, егер шартта өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi қоса алғанда, кәсiпорынды тиiстi техникалық күйде ұстауға мiндеттi.    Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алынған кәсiпорынды пайдалануға байланысты шығындар жалға алушыға жүктеледi. Жалға алушы жалға берiлген кәсiпорын мүлкiнiң құрамына кiретiн материалдық қазыналарды, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушiнiң келiсiмiнсiз сатуға, айырбастауға, уақытша пайдалануға не қарыз етiп беруге оларды қосалқы жалға өткiзуге және шарт бойынша осындай құндылықтарға қатысты өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге құқылы.

23.Лизингтік қатынастардың құқықтық ерекшеліктері.

ҚР Азаматтық Кодексінің мүлік жалдау туралы жалпы ережелерінен кейін лизингке арналған нормалар көзделген. Себебі қазіргі нарықтық инфрақұрылымда лизинг қатынастарының маңызы өте жоғары болып келеді. Лизинг қатынастарының артықшылығы тұтышушы жабдықтарды алдын ала көп қаражаттарды жұмсамай ақ ала алады. Тағы бір артықшылығы, пайдалануға алынған жабдықтар үшін мерзімді төлемдердің кезегі әдетте жабдықтар нақты пайдалануға берілгеннен кейін келеді.

Азаматтық құқықтық әдебиетте басқа мүлікті жалдау шарттарының арасында лизинг шартына, әдетте ерекше орын бөлінеді. Осымен келісуге л.ш.ң ерекше мәні іс жүзінде бар болып келетінін айтуға болады. Осы пікірді л.ш.ң көлемінде басқа мүлік жалдау шарттарына қарағанда қатынастардың күрделілеу жүйесі болып келетіні растайды. Лизингтің инвестициялық қызмет ретінде бағалануы да оның ерекшелігіне өз үлесін қосады, тағы басқа да бұның себептері орын алып келеді. Ең алғаш лиз.г АҚШта өткен ғасырдың орта шенінде п.б. Қазіргі уақытта ол негізінен бүкіл елдерде қолданылады. Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.Сондықтан л.г мақсаттары үшін екі құқықтық қатынас ж.ас.:Л.б.ң сатушының қатысуымен сатып алу сату; л.б.ң және л.а.ң қатысуымен мүлік жалдау. Л.ш.да қатысушылардың құқықтық байланыстары шектелмейді, белгілі құқықтар мен міндеттер л.б.ң ж.е л.а.ң араларында п.б. Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн. Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.       Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Л.ң тағы бір ерекшелігі л.б. тарап қаржылық қызметті жүзеге асыруды көздейтінінде болып келеді.