Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азамат шпоры.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
524.8 Кб
Скачать
  1. Сатып алу сату шартының түсінігі, маңызы

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап сатушы мүлікті екінші тараптың сатып алушының меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.     Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.

Сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Сатып алу-сату шарты консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған болып табылады. Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Кейде сатып алу –сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін. Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Бір-біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады: 1. бұл – сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы. 2. бұл – адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. 3. бұл – азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.

  1. Сатып алу сату шартының мазмұны

Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны. Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Шартта сатып алушыға, осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті. Тауарды үлгісі бойынша және сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай қылып беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңмен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп екеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылады. Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепетең болып келмейді. Тауар сапасына кепілдік, оның барлық құрамдас бөліктерінде де қолданылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі бұйымға берілген кепілдік мерзімгше тең болып табылады. Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды.