Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Реферат Айжан эко қауіп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
66.19 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Тақырыбы: Экологиялық қауіпсіздік жүйесінің сипаттамалары.

Орындаған: Құралбекова А.У.

Эк-103к.

Қабылдаған: Басығараев Ж.М.

А лматы 2012 жыл

Экологиялық қауіпсіздік жүйесінің сипаттамалары. Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттіл.................…….…...4

    2. Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі…................................................................................….10

    3. Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiнiң жай-күйі мен проблемалары…………………….………...............…12

    4. Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы………...……………………………………………......…14

    5. Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері..........................................................….........18

  3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен жағдайлары бүгінгі таңда маңызды орын алып отыр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйелерін басқару да бой көтеріп келеді. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкінішке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндірісте табиғи шикізаттарды өндіргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Елімізде экологиялық қауіпсіздікті және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерістер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негізі құрылды. Бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингінің біркелкі жүйесімен іске асыруды ұсынады. Экологиялық қауіпсіздік ол- халық қауіпсідігінің маңызды бір бөлігі.

Экологиялық қауіпсіздік бағытында Мемлекеттік саясаттың мақсаты, ол- табиғи жүйені қолданудың қорғалуы. Адам өміріндегі ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиянын тигізбеу. Өндірісі дамытумен қатар, ғылыми- техникалық зерттеулерді күшейту. Экологиялық қатерді болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндірісті байланыстыра отырып, эколгиялық- экономикалық талдаудың әдістерін пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгеін салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технолгиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экологиялық кодексі қабылдануға тиіс.

Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз»

Экономика және экология проблемаларына, соның ішінде экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістер туралы айтар болсақ, онда отандық ғалым М.С.Тонкопийдің «Экономика и экология» еңбегін атап өтуге тура келеді.

Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылы­ғы­мен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Кас­пийді қорғау бағдарламаларын ха­лықаралық деңгейде ынталанды­руы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын ала­тын қоршаған ортаны залалды әсер­лерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақта­ры болып табылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]