- •Тақырып: Міндеттемелердің есебі
- •1 Міндеттемелер түсінігі және оның пайда болуы мен түрлері.
- •2 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банктік қарыз
- •3 Салық міндеттемелерінің есебі
- •4 Жеткізушілер мен мердігерлердің қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарының есебі
- •2 Лекция жоспары:
- •2. Еңбекақыдан ұсталымдар және бюджетке аударымдар тәртібі
- •3. Басқа да қосымша еңбекақы төлемдерін есептеу және оларды есепке алу тәртібі
3. Басқа да қосымша еңбекақы төлемдерін есептеу және оларды есепке алу тәртібі
ҚР еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:
Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты;
Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу;
Нәрестені тамақтандыруға арналған қосымша үзілістерді төлеу;
Кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу;
Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
Жұмыстан босаған кездегі шығу жердемақысы.
Орташа еңбекақыны анықтау үшін:
Күндік орташа еңбекақыны есепті кезеңде есептелген еңбекақы сомасын (еңбекке қабілетсіз кездеріне алған жәрдемақыларын, бір рет төленген сыйақыларды қоспағанда) жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс күндеріне (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда) бөлу жолымен есептеледі.
Яғни, Орташа күндік еңбекақы=1жылда алған қолына алған еңбекақысын/нақты жұмыс істеген күндеріне
Мысалы. 2012 жылдың қаңтар айында 102000 тг алатын сатушы қызметкер 26 күннің 7 күнін ауырған. Ауырған күндеріне бюллетень анықтамасы бар. Сонда ауырған күндеріне жәрдемақы есептеу керекпіз. Ол үшін орташа жалақы мөлшері анықталады.
Шешуі: жұмыс істеген күндерін есептелген еңбекақы:
Айлар |
Нақты жұмыс істеген күндеріне алған еңбекақы |
Нақты жұмыс істеген күндері |
Қаңтар 2011 |
73500 |
14 |
Ақпан |
89290 |
14 |
Наурыз |
107000 |
23 |
Сәуір |
63400 |
21 |
Мамыр |
85970 |
26 |
Маусым |
98600 |
26 |
Шілде |
102300 |
26 |
Тамыз |
101560 |
26 |
Қыркүйек |
102080 |
26 |
Қазан |
99800 |
26 |
Қараша |
107400 |
25 |
Желтоқсан |
105300 |
26 |
Барлығы |
1136200 |
279 |
102000/26*19= 75308теңге.
Орташа бір күндік еңбекақы:
1 136 200/279= 4072 теңге
Ауырған күндерге есептелген еңбекақы мөлшері: 7*4072=28504
Біздің есептелген жәрдемақымыз 15*1618 = 24260 (15*АЕК) сомадан асып кеткендіктен. Қызметкерге төленетін жәрдемақы 24260 теңге ғана төленеді.
Қаңтар айына есептелген еңбекақы 75308тг + 24260 тг = 99578 тг.
Мысалы, қызметкер 24күнге кезекті демалысқа шыққан, сол демалыс күндеріне төленетін төлемақы анықтау керек. Орташа еңбекақыны анықтау бойынша мәліметтерді алдағы мысалдан алайық.
Шешімі,
Күндік орташа еңбекақы 1 136 200/279= 4072 теңге болады.
Кезекті демалыс күндеріне төлемақы : 24 күн*4072тг.= 97728тг. болады.
Осы есептелінген төлемақыдан барлық ұсталымдар есептелінеді (жоғарыда көрсетілгендей).
