- •Тақырып: Міндеттемелердің есебі
- •1 Міндеттемелер түсінігі және оның пайда болуы мен түрлері.
- •2 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банктік қарыз
- •3 Салық міндеттемелерінің есебі
- •4 Жеткізушілер мен мердігерлердің қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарының есебі
- •2 Лекция жоспары:
- •2. Еңбекақыдан ұсталымдар және бюджетке аударымдар тәртібі
- •3. Басқа да қосымша еңбекақы төлемдерін есептеу және оларды есепке алу тәртібі
2. Еңбекақыдан ұсталымдар және бюджетке аударымдар тәртібі
Қолданылып жүрген бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек осы заңдарда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Осыған байланысты кәсіпорындарда жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталатын ұсталымдарына тоқталатын болсақ, ол мыналар:
жинақтайтын зейнетақы қорына аударылатын сома;
жеке табыс салығы;
заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл т.б.);
несиеге сатып алған тауарлары, заттары үшін еңбеккерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалары;
әр түрлі жарналарға төленетін төлемдер;
жеке басын, мүлкін т.б. сақтандыруға байланысты жарналар;
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілетін аванс пен артық төленген төлемдер сомасы;
жеке меншік үй салуына банктен алынған ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар;
Ал олардың келісімінсіз:
қайтарылмаған аванстар;
жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін;
ұйымға келтірген зиянды өтеу үшін ұсталымдар ұсталады;
2007 жылдан бастап жеке табыс салығы ставкалары 10% мөлшерінде біріңғай белгіленген ставкасымен ауыстырылды.
Мысалы.
ЖШС «Алан» қызметкері, бас маманына еңбекақы есептелді. Бас маманның еңбекақының сомасы 100000 теңгені құраған. Осында қызметкердің еңбекақысынан ұсталатын ұстамдарды және қолына алатын еңбекақысын табу керек. (Қосымша мәліметтер МЗТ-10%, ЖТС-10%, 2012 жылдың төменгі жалақы мөлшері-17439тг.)
Кесте 3. Еңбекақыдан ұсталатын және есептелетін төлемдерді есептеу.
№ |
Операция мазмұны |
Есептеу жолы |
Бухгалтерлік жазуы |
Сомасы |
|
Дебет |
Кредит |
||||
1 |
Әкімшілік басқарма қызметкерлеріне еңбекақы есептелді |
100000 |
7210 |
3350 |
100000 |
2 |
Міндетті зейнетақы көлемін еңбекақыдан есептеу. Мөлшері 10% |
100000*10% =10000тг. |
3350 |
3220 |
10000тг. |
3 |
Жеке табыс салығын еңбекақыдан есептеу. Мөлшері 10% |
100000-10000 (міндетті зейнетақы төлемі) – 17439 (төменгі жалақы сомасы) *10%=7256тг. |
3350 |
3120 |
7256тг. |
4 |
Кәсіподақ салымы есептеу, егер ол бар болса. Мөлшері 1% |
100000*1%=1000тг. |
3350 |
3240 |
1000тг. |
5 |
Төлемдер ұсталып, жалақы қызметкерге берілді: - кассадан - ағымдағы банктік шоттан |
100000 – 10000 - 7256 - 1000 = 81744 тг. |
3350
3350 |
1010
1030 |
81744 тг.
81744 тг. |
6 |
Әлеуметтік сақтандыру сомасы еңбекақы сомасынан есептелді - 5% |
(100000-10000) (міндетті зейнетақы төлемі)*5%=4500тг. |
7210 |
3210 |
4500тг. |
7 |
Әлеуметтік салық сомасы еңбекақы сомасынан есептелді - 11% |
(100000-10000) (міндетті зейнетақы төлемі)*11%-әлеуметтік сақтандыру=5400тг. |
7210 |
3150 |
5400тг. |
Қызметкерге төленетін еңбекақысының нақты сомасын білу үшін барлық міндетті төлемдердің сомасын еңбекақы сомасынан алып тастаймыз. Сонда бас маман 100000-10000-7256-1000=81744 тг. ақша алады.
Кәсіподақ салығы міндетті төлемге жатпайды. Ол қызметкер мен мекеме арасында жасалған ерікті шарт негізінде ұсталады. Кәсіподақ салығы 1%-ды құрайды.
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі.
Бұл – пассивті шот. Бұл шоттың ай басына және ай соңына қалдық міндеттемесі, еңбекақы бойынша міндеттеменің көбеюі кредит жағында көрсетіледі. Ал, еңбекақы бойынша берешек өтелгенде немесе еңбекақыдан ұсталымдар ұсталғанда дебет бойынша көрсетіледі.
Әлеуметтік салық қаржыландыру көзіне қатысы жоқ тиісті салық ұстауға дейін есептеледі.
Салық төлеушілер мынандай төлем түрлері бойынша әлеуметтік салықты есептемейді:
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын білімі жоқ заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан ұсталатын, жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарнасы;
пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін жұмыс берушінің қызметкерге төлейтін өтемақысы;
қызметтен босату жәрдемақысы;
заңға сәйкес белгіленген өтемақының төлемдері; және т.б
Кесте 4. Еңбекақыдан ұсталынған және есептелген төлемдерді аудару.
№ |
Операция мазмұны |
Бухгалтерлік жазуы |
Сомасы |
|
|
|
Дебет |
Кредит |
|
1 |
Еңбекақы есептелді
|
7210 7110 8110, 8210, 8310, 8410 |
3350 3350 3350 |
100000 |
1 |
Міндетті зейнетақы төлемі (МЗТ) аударылды: - кассадан - ағымдағы банктік шоттан |
3220 3220 |
1010 1030 |
10000тг. 10000тг. |
2 |
Жеке табыс салығы (ЖТС) аударылды: - кассадан - ағымдағы банктік шоттан |
3120 3120 |
1010 1030 |
7256 тг. 7256 тг. |
3 |
Кәсіподақ салығы аударылды: -кассадан - ағымдағы банктік шоттан |
3240 3240 |
1010 1030 |
1000тг. 1000тг. |
4 |
Әлеуметтік салық еңбекақы сомасына есептеліп, аударылды: - кассадан - ағымдағы банктік шоттан |
3150 3150 |
1010 1030 |
5400тг 5400тг |
5 |
Әлеуметтік сақтандыру қорына төлем еңбекақы сомасынан есептеліп, аударылды: - кассадан - ағымдағы банктік шоттан |
3210 3210 |
1010 1030 |
4500тг 4500тг |
6 |
Қызметкердің еңбекақысынан төленді: - кассадан - ағымдағы банктік шоттан |
3350 3350 |
1010 1030 |
81744 тг. 81744 тг. |
