- •Тақырып: Міндеттемелердің есебі
- •1 Міндеттемелер түсінігі және оның пайда болуы мен түрлері.
- •2 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банктік қарыз
- •3 Салық міндеттемелерінің есебі
- •4 Жеткізушілер мен мердігерлердің қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарының есебі
- •2 Лекция жоспары:
- •2. Еңбекақыдан ұсталымдар және бюджетке аударымдар тәртібі
- •3. Басқа да қосымша еңбекақы төлемдерін есептеу және оларды есепке алу тәртібі
2 Лекция жоспары:
1. Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері
2. Еңбекақыдан ұсталымдар және бюджетке аударымдар тәртібі
3. Басқа да қосымша еңбекақы төлемдерін есептеу және оларды есепке алу тәртібі
1. Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері
Еңбекақы дегеніміз – бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай, еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Жұмыс берушімен қызметкердің арасындағы қарым-қатынасы сонымен қатар еңбекақымен нормалау сұрақтары ҚР 15.05.07 жылы шыққан №251-3 Еңбек кодексімен реттеледі.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлер жұмысын еңбек шарты бойынша орындайды, сыйақылық жіктеуге сәйкес еңбек тәртібін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек шарттарын қамтамасыз етеді, уақытылы қызметкердің толық көлемде еңбекақысын және басқа да төлемдерін төлейді, яғни еңбектік, ұжымдық келісімдер, екі жақтың келісімімен ҚР еңбек кодексінде қарастырылған.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1. Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен еңбекақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2. Субъектінің әрбір қызметкеріне еңбекақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
3. Еңбекақыдан дер кезінде және дұрыс ұсталымдарды ұстап қалу;
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
5. Есептелген еңбекақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
6. Өндірістік процесске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен еңбекақы туралы деректерді алу;
7. Еңбек және еңбекақы бойынша статистикалық есептемені жасау;
Жалақы екіге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша;
Негізгі - бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді:
- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа кірістер бойынша есептелген жалақы;
- қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
- кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
- мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
- жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
- балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
- жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
- негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
- шыққанда берілетін жәрдем ақы;
Қызметкерлер жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады.
Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Кәсіпорынның жоспарымен (болжамымен) белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.
Негізгі бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:
1-нысаны – мерзімдік;
2-нысаны - кесімді;
Мерзімді еңбекақы – бұл жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақыта төленеді. Мерзімді еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтауға мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды;
2. Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;
5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Тәжірибеде осы кірістерді есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
- Сағаттық;
- Күндік ақы;
- Айлық ақы;
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
Кесімді еңбекақы – бұл жұмысшылар мен қызметкердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбекақы уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімнің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
1. Тікелей кесімді жүйе;
2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;
3. Үдемелі – кесімді жүйе;
4. Жанама – кесімді жүйе;
5. Аккордық жүйе;
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.
Үдемелі – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).
Жанама - кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрсететін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.
Аккордық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда кірістің жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.
Кесімді, сондай - ақ мерзімді еңбекақылар жеке түрде және ұжымдық (бригада) түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бригадалық нысан әдетте кәсіптерді қоса атқару және орындаушылар бірін бірі ауыстыруы қажет болғанда қолданылады. Бригада ұжымының жалақыны және жұмыстың жалпы нәтижесіне бригаданың әрбір мүшесінің шынай үлесін есекере отырып сыйақыны анықтауға құқығы бар. Кәсіби шеберлігі мен кәсіптерді қоса атқарғаны үшін қосымша ақылар мен үстемелерді белгілеу жөнінде айталық. Бригадалық кірісті бөлу КТУ ескерілген тариф бойынша жалақыға пара – пар жүргізіледі. Тарифтік ставкалар мерзімдік ақы алатындар үшін және бір сағат жұмыс үшін кесімді ақы алатын үшін қызметкерлер разряды бойынша белгіленген. Жұмысшылардың қызметіне ақы төлеу тарифтік ставкалардың негізінде, ал қызметкерлер үшін лауазымдық қызметақы негізінде жүргізіледі.
Қосымша еңбекақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифтік емес және аралас жүйе негізінде қалыптасады.
Тарифтік еңбекақы төлеу жүйесі өзіне мыналарды енгізеді, тарифтік ставка, тарифтік сетка, тарифтік коэффициенттер
Тарифтік емес еңбекақы төлеу жүйесі еңбекақы құралдардың бөлу үлесу негізінде еңбекақы төлеуге арналған кәсіптенген жұмысшылардың сапасының бағасы кретерийлер мен принциптерге тәуелді және олардың салымдарының соңғы көрсеткіші.
Аралас еңбекақы төлеу жүйесі өзіне тарифтік сонымен қатар тарифтік емес еңбекақы төлеу жүйесін эмитенттерін негіздейді. Жұмыскердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген қызығушылық және жұмыс берушінің жұмыстары сапалы орындалуы сыйақының жүйеге енгізілуі және басқа да еңбекке деген ынтасы болуы мүмкін қызметкерлердің төлемақы жүйесі мен еңбекке деген ынтасы ұжымдық келісіммен, жұмыс берушінің актісімен және еңбек келісім шарттарымен анықталады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім - шарт жасайды. Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісім шартында тіркеледі.
Еңбек келісім - шарты бойыша тараптардың жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Еңбек келісім - шартта өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, жалпы шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім — шартқа "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің" 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс.
Жұмыс берушімен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар ұжымдық келісім - шартпен реттелуі мүмкін. Бұндай келісім-шарттарды әзірлеу, жасау және орындау 26.07.07ж. №312-ХІІ шыққан ҚР "Ұжымдық келісімшарт туралы" заңымен анықталады.
Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай - ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін "Жұмыс уақыты есебінің табелінде" жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық парағы, Мемлекеттік не қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар т.б) негізінде ғана табельге белгі қойылады. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген - келмегендерін шарт тіркеу әдісімен, немесе тек ауытқуларын (келмегендерді, кешіккендерді т.б.) тіркеу әдісімен жүзеге асырылады.
Мамандар бөлімінде мынандай алғашқы құжаттары пайдаланылады:
жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгі түрі Т - 1
адам құрамын есепке алу Т - 2
ғылыми қызметкерлер үшін Т - 3
басқа жұмысқа ауысу жайлы Т - 5
демалыс берілуі жайлы бұйрық Т - 6
жұмыстан шығарылуы жайлы Т - 8.
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады. Ол кадрлар бөлімінде сақталады. Кәсіпорындағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір - еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі яғни, уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет.
Еңбек шартын тоқтату туралы № Т-8 нысанындағы бұйрық қызметкер жұмыстан кеткен кезде қолданылады және еңбек ктапшасына жазулар жазуға, және кәртішкесін жабуға және түпкілікті есеп айырысуға негіздеме болады. Өз еркімен жұмыстан кеткен кезде қызметкер № Т-8 нысанының кері жағына өтініш жазады. Материалдық жауапты адам қабылданған, ауысқан және жұмыстан кеткен жағдайда толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалып, жаңадан тағайындалған адамдарға құндылықтарды берудің тәртібі мен мерзімдері белгіленуі тиіс. Қызметкердің жұмысқа қабылдану мерзіміне қарай былайша бөлінеді: тұрақты -жұмысының аяқталу мерзімі көрсетілмеген, уақытша - 2 ай шамасындағы мерзімге, маусымдық - жұмыстарды орындау кезеңіне. Жалдау бойынша жұмыс жасайтындардың саны мен жалақысы туралы Нұсқаулыққа сәйкес қызметкерлердің өндірістік — шаруашылық қызметіне қатысуына қарай персонал:
өнеркәсіптік -өндірістік;
өнеркәсіп емес болып бөлінеді.
Жұмыс уақыты деп еңбек шарты және ішкі тәртіп ережелерімен келісілген еңбеккердің өз міндеттемелерін атқару уақыты аталады.
Жұмыс уақытының есебі. Жұмыс уақытының есебін табельдерде жүргізеді. Табельді есептік деректері еңбек тәртібін сақтауға, жұмысқа келу мен кетудің уақтылығына бақылау жасауға, жұмыспен өтелген уақыт туралы және жұмысқа себепті және себепсіз келмеу туралы еркін деректермен қамтамасыз етуге, жалақы есебін жүргізуге қажет. Кәсіпорында табельдің мынандай түрлері қолданылады:
Т-12 нысаны, жұмыс уақытын пайдалануды есепке алуға
Т-13 нысаны, жұмыс уақытының есеп табелінде
Табель - бұл жұмыс жасаушылардың санаттары бойынша қызметкерлер тізімі. Табель есебінің маңызы еңбеккерлердің күнделікті жұмысқа шығуын, қайтуын, кешігудің барлық жағдайларын және себептерін көрсете отырып, келмей қалу себептерін, сондай-ақ бос тұрып қалу сағаттары мен мерзімінен тыс жұмыс сағаттарын тіркеуден тұрады. Келмеу және кешігу туралы белгілер табельде тиісті құжаттар - уақытша еңбекке жұмыссыздық парақшасы, іс сапар куәлігі, бұйрықтар, әскери комиссариатқа шақыру туралы анықтама және т.б. негізінде жасалады. Сондай - ақ табельде демалыс пен үзіліс түрлері, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты есепке алынады.
Табельде жұмыс уақытын пайдалану есебі қызметкердің жұмысқа келгенін, келмегенін тіркеп отыруы арқылы (күн сайын) тіркеу әдісімен, не қызметкердің жұмыс уақытында жұмысқа келмегенін (жұмыстың болмай қалуы, қызметкердің жұмысқа келе алмауы, кешігуі, мерзімнен тыс келуі) тіркеу жолымен жүргізіледі. Табельдік есепті жүргізу әдісі кәсіпорынның ыңғайына қарай іріктеледі. Табельге қызметкердің жұмысқа келмеу себебін немесе жұмыс уақытын толық істемеу себебін, мезгілден тыс жұмыс істеу туралы және қалыпты жұмыс уақытында жұмыста болмау себептері тиісінше ресімделген құжаттар (еңбекке жарамсыздығын растайтын қағаз, мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыстарды орындағаны туралы анықтама және т.б.) негізінде белгіленеді. Мезгілден тыс жұмысқа кеткен уақыт есебі бұл жұмысты орындаған тұлға тізімінде жүргізіледі.тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды және оған қол қояды. Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса (тұрып қалулар), осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге жазылады. Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебінен бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжат негізінде енгізіледі. Сондай - ақ табельдік есепті табельдік таңбаны қолданып (жетондар), кәртішкелік әдіспен - бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық әдіспен – топтастыру және беру жолымен; бақылау - рұқсаттамалық құрылғының көмегімен және т.б. жүргізуге болады.
