Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mindettemelerdi_1187_esebi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
72.52 Кб
Скачать

3 Салық міндеттемелерінің есебі

Салықтар дегеніміз, мемлекеттік бюджетке (республикалық және жергілікті) мемлекетік органдар өкілеттілігі арқылы заңды және жеке тұлғалардан (шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтан) тұрақты түрде алынатын және мемлекет табысына, яғни меншігіне аударылатын, мемлекеттік жоғары билік органдарының (парламент) заңдарымен белгіленген және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарымсыз төлемдер болып келеді.

Салық кодексіне сәйкес мекемелер тиісті қаржы органдары арқылы салықтар мен басқа міндетті төлемдердің келесі түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулар жүргізеді: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; жер салығы; көлік құралдары салығы; мүлік салығы және т.б.

Салық салу объектісіне байланысты:

Тікелей салықтар - табысқа немесе мүлікке салынады: корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы және т.б.

Жанама салықтар – субъектісі тұтынушы болып келеді, бірақ салық сомасы тауардың құнында болғандықтан салықты бюджетке сатушы аударады, оларға жатады: қосылған құн салығы, акциздер;

Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай:

Жалпы салықтар – бюджетке түскен соң жалпы мақсаттарда қолданылады. Оларға корпоративті табыс салығы, қосылған құн салығы және т.б. жатады.

Арнайы салықтар – бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген нақты шараларға бағытталады.

Экономикалық белгісіне байланысты:

Табысқа салынатын салықтар – салық төлеушінің кез-келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады, оларға табыс салығы мен пайдаға салынатын салық жатады.

Тұтынуға салынатын салықтар – салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын төлеген кезде төлейді, мысалға қосылған құн салығы және акциздер.

Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай:

Нақтылы салықтар – салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы белгісіне қарай салынады, мысалға жер, мүлік салығы.

Дербес салықтар – салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алынатын табыс мөлшеріне байланысты салынады, оларға корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығын жатқызуға болады.

Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.

Салық салу элементтері:

      • салық субъектісі – салық төлеуге міндетті заңды және жеке тұлғалар

      • салық объектісі – субъектінің салық төлеуге негіз болатын заңдық фактілері және әрекеттері мен нәтижелері

      • салық салу заты – сәйкесінше салық алуға негіз болатын материалдық негіз

      • салық салу базасы – салық салу затының сандық формасы

      • салық төлеу мерзімі – салық төленуі тиіс мерзімі

      • салықтық период – салықтық базаның қалыптасу процесінің аяқталатын мерзімі

      • салық жеңілдіктері

      • салық ставкасы – салық базасынан алынатын салық нормасы

      • салықтың бірлігі – салық өлшем бірлігі

Салықтар мен жиындарды және басқа да бюджетке төленетін төлеушілерді есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленентін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі) белгіленген.

Бюджетпен есеп айырысуды есепке алу 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімінің келесі шотарында жүргізіледі:

3110 «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы»

3120 «Жеке табыс салығы»

3130 «Қосылған құн салығы»

3140 «Акциздер»

3150 «Әлеуметтік салық»

3160 «Жер салығы»

3170 «Көлік құралдары салығы»

3180 «Мүлік салығы»

3190 «Өзге салықтар»

Бюджеттің кірістер бөлімін толықтыратын негізгі салықтардың бірі- корпоративтік табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері болып заңды тұлғалар табылады, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар.

Корпоративтік табыс салығы заңды тұлғалармен олардың тапқан табыстың салық салынатын үлесінен бюджетке төленеді. Салық салынатын табыс болып есепті кезеңнің табыс сомасынан Салық кодексіне сәйкесті табылған сома есептеледі КТС ставкасы: 20% - негізгі – салық салынатын табыстан, 10% - ауылшаруашылық өндірістерге, 15% - резидент емес кәсіпорындарға

7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шоты бойынша талдамалы есеп №14 журнал – ордерінде жүргізіледі, мұнда аталған шоттың кредиті бойынша операциялар көрсетіледі де, кредиттік оралымын есептеліп шығарылады. Журнал – ордерде екі кесте берілген: «Есептілік кезең үшін таза табысты есептеу» және «Корпоративтік табыс салығын есептеу». Кестелер осы есептеулерге қажетті көрсеткіштер көрсетілген тиісті бастапқы құжаттар мен есептік тізілімдердің негізінде толтырылады.

Салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi. Корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.

Таза табысты және корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі 1 «Қаржы есептілігін ұсыну» және 12 «Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарымен анықталады.

Жеке табыс салығы. Мекемелерде жеке табыс салығын төлеушілері болып төлеу көзінде салық салынатын табысы бар жұмыскерлер мен қызметкерлер табылады. Салық төлеушінің төлеу көзінде салық салынатын табысына жұмыскерлер мен қызметкерлердің табысы мен әртүрлі төлемдерден түсетін табыс жатады.

Жеке табыс салығын есептеу және ұстау төлем көзінен салынатын табысты беретін күнінен кешіктірмей жүргізіледі. Мекеме есепті айдың табысын берудің соңғы күнінен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде салықты төлеуді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. ЖТС ставкасы: 10%

Жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуды есепке алу 3120 «Жеке табыс салығы» шотында жүргізіледі.

Әрбір тоқсан үшін мекеме салық мекемесіне төлем көзінде салық салынатын төленген табыс бойынша жеке табыс салығын есептеуді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15- і күнінен кеш қалдырмай өткізуге міндетті.

Есепті жылдың аяғына қарай мекеме жеке табыс салығы туралы декларацияны салықты тіркейтін жердегі салық органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырады.,

Қосымша құнға салынатын салық дегеніміз – тауар өңдіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналысы процесінде қосылған құн өсімінің бюджетке аударылатын бір бөлігі, сондай – ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сомасы сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін есептеліп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады.

Қосымша құнға салынатын салық нысандарына салық салынатын оралым мен салық салынатын импорт жатады. Сондай –ақ еңбекақы заттай түрінде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.

Салық салынатын оралым деп қосымша құнға салынатын салықты төлеуші жасаған тауарларды сату, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету бойынша оралымды айтады. Мұнда келесі оралымдар қосылмайды:

  • Салық кодексіне сәйкес қосымша құн салынатын салықтан босатылған;

  • өткізілетін орны Қазақстан Республикасы емес.

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізетін орын Салық кодексімен анықталады.

Салық салынатын импорт деп Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін немесе әкелінген және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларацияға жататын тауарларды (қосымша құнға салынатын салықтан босатылғандарды қоспағанда) айтады.

Қазіргі кезде қосымша құнға салынатын салық мөлшері салық салынатын оралымның (қосылған құн салығы салынбайтын оралымды қоспағанда) 12 пайызына тең болады. Тауарларды экспортқа сату бойынша анықталған оралымға «0» мөлшер (ставка) бойынша салық салынады. Тауарлардың экспорты деп Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүргізілген кедендік аймақтан тауарларды шығаруды айтады.

Бюджетке төленетін қосымша құнға салынатын салық сомасын анықтаған кезде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алушы алынған тауарлар, негізгі құралдарды қосқанда, жұмыстар, қызметтер үшін төлеуге жататын қосымша құнға салынатын салық сомасын есепке (зачетқа) алуға құқығы бар, егер олар салық салынатын оралым мақсатына пайдаланса, немесе пайдаланатын болса.

Салық салынбайтын оралым мақсатына пайдалынған тауарлар (жұмыстарды, қызметтерді) бойынша жабдықтаушыларға және импорт бойынша төлеуге жататын қосымша құнға салынатын салық есепке (зачетка) алуға жатқызылмайды.

Салық салынатын және салынбайтын оралымдар болған кезде есепке (зачетқа) алуға жатқызылатын қосымша құнға салынатын салық сомасы салық төлеушінің таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек есептелетін әдіспен анықталады.

Пропорционалды әдіс бойынша есепке алуға жатқызылатын қосымша құнға салынатын салық сомасы оралымның жалпы сомасындағы салық салынатын оралымның үлес салмағына қарай анықталады да, сол деңгейде есепке алынады. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізген кезде сату бойынша оралымға бағалы қағаздарды сатуда алынған өсім қосылады.

Бөлек есептеу әдісі бойынша есепке (зачетқа) жатқызылатын қосымша құнға салынатын салық сомасын анықтау кезінде салық төлеуші шығындар бойынша және салық салынатын және салық салынбайтын оралымдардың мақсаттарына пайдалануға алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қосымша құнға салынатын салық сомалары бойынша бөлек есеп жүргізіледі.

Есепке (зачетқа) жатқызылатын қосымша құнға салынатын салық сомасын анықтауға таңдап алынған әдіс күнтізбелік жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.

Қосылған құнға салық салынатын, жөнелтілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер салық төлеуші аталған тауарларды алатын, орындалған жұмысты, көрсетілген қызметті қабылдайтын тұлғаға тауарларды (жұмыстардың, қызметтердің), құнымен бірге қосылған құнға салынатын салық сомасын көрсетілген шот - фактураларын ұсынуға міндетті.

Қосылған құнға салынатын салық сомаларды есепке алу келесі екі шоттарында жүргізіледі:

1420 «Қосылған құн салығы»

3130 «Қосылған құн салығы»

1420 «Қосылған құн салығы» шотында жабдықтаушылар мен мердігерлерге алынған тауарлар, қабылданған жұмыстар мен пайдаланған қызметтер бойынша аударуға және салық заңдарына сәйкес есепке (зачетқа) жатқызылатын, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құнға салынатын салық сомаларын көрсетумен байланысты операцияларды есепке алады.

3130 «Қосылған құн салығы» шотында сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген және есепке (зачетқа) алынған, сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есептелген, сондай – ақ бюджетке төленетін қосымша құнға салынатын салық сомасын есептеу және төлеумен байланысты операцияларды есепке алады.

Алынған тауарлық – материалдық қорлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша жабдықтаушылар мен мердігерлердің шот – фактураларында көрсетілген қосымша құнға салынатын салық сомасына төлеу мерзімдеріне (бір жылға дейінгі немесе бір жылдан асатын мерзімдеріне) қарай бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

Дт 1420 Кт 3310, 3390, 4110, 4170, 1250

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге алынған қорлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төленген және есепке (зачетқа) алынған қосылған құнға салынатын салық сомасына келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

Дт 3130 Кт 1420

Сатылған қорлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге жазылған шот – фактураларда көрсетілген қосылған құнға салынатын салық сомасын төлеу мерзімдеріне (бір жылға дейінгі немесе бір жылдан асатын мерізмдеріне) қарай келесі бухгалтерлік жазбалар жазылады:

Дт 1210, 2110 Кт 3130

Сатып алушылар өздері төлеген қорларды қайтарып бергенде бұрын есептелген қосылған құнға салынатын салық сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жазылады:

Дт 3130 Кт 3390

Сатып алушылар қосылған құн салығы сомаларын аударғанда келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

Дт 3390 Кт 1030

Есепке (зачетқа) жатқызылған қосылған құнға салынатын салықтың салық кезеңіне есептелеген салық сомасынан асатын сомасы бюджетке қосылған құнға салынатын салық бойынша келешектегі төлемдер есебіне енгізіледі де, оны аудару банктің жазбаша үзіндісі негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар көрсетіледі:

Дт 3130 Кт 1030

«Қосылған құнға салынатын салық жөніндегі декларациясы» әрбір салық кезеңі үшін одан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей салық органдарына табыс етіледі.

Акциздер- бұл сатып алушы төленетін тауардың бағасына немесе тарифке қосылған жанама салық. Акциздер Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін және импортталатын, тізбесі Салық кодексімен анықталған тауарлар мен қызметтер түрлеріне салынады.

Салық кодексіне сәйкес акциздер келесі тауарлар мен қызметтерге салынады: спирттің барлық түрлері; алкогольды өнімдер; темекі өнімдері; құрамында темекі бар басқа да өнімдер; бензин (авиация бензинінен басқа), дизельды отын; жеңіл автомобильдер (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқасы); өңделмеген мұнай, газ конденсаты; сондай – ақ акцизделетін қызметтер түрлері: ойын бизнестері, ұтыс лотереяларын ұйымдастыру және өткізу.

Акциздердің мөлшерлері (ставкалары) – Қазақстан Үкіметімен бекітіледі және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және (немесе) заттай көрсетілген өлшем бірлігіне абсолюттік сома түрінде белгіленген.

Акциздің сомасы бастапқы тауарлық құжаттарда (шот - фактураларда, тауар–көлік құжаттарында және т.б.) және есеп айырысу-төлем құжаттарында (төлем тапсырмаларында, төлем талап – тапсырмаларында) жеке бағанда немесе жеке жолмен көрсетіледі. Акциз бойынша бюджетпен есеп айырысуды есепке алу 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі.

Сатылған акцизделген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге есептелген акциздердің сомалары көрсетілген тауарлық ілеспе құжаттарының негізінде дебиторлық берешектің мерзімдеріне (бір жылға дейінгі немесе бір жылдан асатын мерзім) қарай бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулармен көрсетіледі:

Акциздер бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады. Әрбір салық кезеңі аяқталуына қарай салық төлеуші өзінің тіркелген жері бойынша салық органдарына салық кезеңінен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей акциз жөніндегі декларация тапсыруға міндетті.

Әлеуметтік салық. Салық төлеушілер үшін әлеуметтік салық нысандары болып олардың еңбеккерлерге ақшалай және (немесе) заттай түрінде төленген табыстарына (еңбекақы) жасалған шығындары, сондай – ақ жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайдалары танылады.

Әлеуметтік салық - Салық кодексінде қарастырылған мөлшерлер (ставкалар) бойынша төленеді, оның есебі 3150 «Әлеуметтік салық» шотында жүргізіледі.

Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің тіркелген жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15- інен кешіктірмей жүргізіледі де, банктің жазбаша үзіндісі негізінде келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

Мекемелер тоқсан сайын салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 – інен кешіктірмей әлеуметтік салық бойынша декларация тапсыруға міндетті.

Жер салығы. Жер салығы салынатын нысаны мекемелерге қаржылық – шаруашылық қызметтерін жүргізу үшін берілген жер телімі (учаскесі) болып табылады.

Жер салығы олардың меншік құқын, тұрақты жер пайдалану құқын, уақытша тегін жер пайдалану құқын растайтын құжаттардың, сондай – ақ жер ресурстарын басқаратын өкілетті органдардың әрбір жылдың 1 қаңтарында ұсынған жердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің мәліметтері негізінде есептеледі. Жер салығын анықтау үшін салық негізі болып жер телімінің (учаскесінің) алаңы алынады.

Заңды тұлғалар жер салығының сомасын әрбір жер телімі (учаскесі) бойынша жеке салық негізіне тиісті салық мөлшерін (ставкасын) қолдану арқылы дербес есептейді. Жер салығы салық төлеушіге жер телімі (учаскесі) берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

Жер телімін (учаскесін) иемдену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер телімін (учаскесін) нақты пайдаланған мерзімі үшін есептеледі.

Бірнеше салық төлеушілердің пайдаланудағы үйлер, ғимараттар және құрылыстар орналасқан жер учаскісі үшін жер салығы әрбір салық төлеуші бойынша жеке олардың пайдаланудағы ғимараттар мен құрылыстардың алаңдарына пропорционалды есептеледі.

Жер салығының мөлшері жер иемденушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтерінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

Мекемелер - салық төлеушілер ағымдағы жер салығы төлемдер сомасы ағымдағы жылдың 20 ақпанында, 20 мамырында 20 тамызында және 20 қарашасынан кешіктірмей тең үлеспен төлеулері керек.

Жаңадан пайда болған салық төлеушілер бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі салық төлеушінің құрылған күнінен кейінгі кезекті мерзімі болып танылады.

Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 «Жер салығы» шотында жүргізіледі.

Мекемелер жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай – ақ ағымдағы төлемдер есебін жоғарыда көрсетілген (20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада) мерзімдерде салық салынатын нысандарының орналасқан жері бойынша салық органдарына жер салығы бойынша «Жер салығы» жөніндегі декларацияны өткізеді.

Салық төлеушілер соңғы есеп айырысу және салық кезеңі үшін декларация өткізу мерзімі келгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуді жүргізеді.

Көлік құралдарына салынатын салық. Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері мемлекет есебінде тұрған меншік иесі, меншікті сенім білдіріп басқару, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көлік құралдары бар мекемелер мен кәсіпорындары болып табылдаы. Салық салынатын нысандары Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге және (немесе) өкілетті органда есепке жатқызылатын көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) болып саналады.

Салық төлеушілер көлік құралдарына салынатын салық сомасын салық мерзімі үшін дербес салық салынатын нысандар, салық мөлшері және әрбір көлік құралдары бойынша түзету еселік (коэффициент) енгізілуіне қарай есептейді.

Есепті жылдың аяғында мекемелер салық салынатын нысандардың тіркелген жері бойынша салық органдарына көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердің есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдеден, ал декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей өткізулері керек.

Мүлікке салынатын салық. Мекемелер мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салынатын нысандары болып негізгі құралдар (оның ішінде пәтер –үй қорларындағы нысандар) және материалдық емес активтер танылады.

Салық салынбайтын нысандарына жатады:

  • жер салығы салынатын нысандар;

  • көлік құралдарының салығы салынатын нысандар;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияға жатқызылған негізгі құралдар;

  • жалпы пайдалыныстағы мемлекеттік автомобиль жолдары және жол құрылыстары;

  • инвестициондық жобаның аясындағы жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар;

  • жаңадан салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстар түрінде аяқталмаған құрылыс нысандары, сондай-ақ көрсетілген нысандарындағы монтажды қажет ететін жабдықтар.

Мекемелер мен жеке кәсіпкерлердің салық салу нысандары бойынша салық негізі (базасы) бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша анықталған салық салынатын нысандарының орташа жылдық қалдық құны болып саналады. Салық салынатын нысандарының орташа жылдық қалдық құны салық салынатын нысандарының ағымдағы салық кезеңінің кейінгі айдың бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніндегі қалдық құндарын қосудан алынған соманың он үштен бірі ретінде анықталады.

Мүлікке салынатын салық сомасы салық салынатын нысандарының орташа жылдық қалдық құнына берілген пайыздық мөлшер (ставка) бойынша есептеледі.

Салық төлеушілер салық салынатын нысандарының тұрған жері бойынша салық органдарына мүлікке салынатын салық бойынша салық кезеңінің 15 ақпаннан, ал декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей өткізеді.

3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» кіші бөлімнің шоттары бойынша талдамалы есеп №5 журнал – ордерінде жүргізіледі де, мұнда жоғарыда қарастырылған шоттар бойынша айдың басындағы қалдық, одан кейін шоттардың дебеті мен кредиті бойынша тиісті корреспондірлеуші шоттардың кодтарын көрсетіп, ай бойына жүргізілген операциялардың сомалары көрсетіледі де, айдың соңында шоттардың дебеті мен кредиті бойынша оралымдарын есептеп, айдың аяғындағы қалдықтарды шығарады. Көрсетілген жинақтамалы шоттар бойынша дебеттік және кредиттік оралымдардың жиынтық сомалары және айдың аяғындағы қалдықтар сомалары Бас кітапқа көшіріледі.

Бухгалтерлік есепті компьютеризациялағанда 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» кіші бөлімінің жоғарыда қарастырылған шоттар бойынша талдамалы деректер №5 журнал – ордерге ұқсас нысандағы тізілімдеме (машинограмма) автоматты түрде қалыптасады. Мұнда әрбір салықтар мен төлемдер бойынша тиісті шоттарында айдың басындағы қалдықтар (сальдо), дебеті мен кредиті бойынша оралымдар және айдың аяғындағы қалдықтар (сальдо) сомалары көрсетіледі.Алынған тізілімдеме қағазы (машинограмма) төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы және есепті кезеңде бюджетке есептелген және аударылған басқа да салықтар, корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер сомалары, т.б. туралы мәліметтерді алуды қамтамасыз етуге тиіс.

Мекемелер бюджетке оған тиісті салықтар мен төлемдер сомаларын қатал белгіленген мерзімде аударуға міндетті, өйткені бұл қаражаттар мемлекеттік және жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптастыруының негізігі көздері болып табылады, кейін олар негізгі жалпы мемлекеттік және регионалдық шараларды қаржыландыру үшін пайдалынады. Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер уақытында аудармағанда салық органдары салық төлеушінің салық бойынша міндеттерін орындауды келесі тәсілдермен қамтамасыз ете алады:

  • бюджетке төленбеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомаларына өсімдер есептеу;

  • банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату;

  • мекеменің салық бойынша берешектері есебіне мүлікті пайдалануды шектеу.

Cалық есептелгенде келесі корреспонденциялар беріледі

Негізгі бухгалтерлік жазулар:

Дт

Кт

1. Бюджетке корпоративтік табыс салығы есептелді

7710

3110

2. Жеке табыс салығы есептелді

3350

3120

3 Акциз есептелді

1210, 2110

4.Әлеуметтік салық сомасы бюджетке есептелді

1620, 7210, 7110, 8410, 8110, тб

3150

5. ҚҚС есептелді

1210, 2110

3130

6 Жер салығы есептелді

7210

3160

7 Мүлік салығы есептелді

7210

3170

8 Көлік салығы есептелді

7210

3180

Бюджетке салықтарды төлеген кезде 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты шоты» кредиттелініп, салықтар түрлері бойынша шоттар дебиттелінеді:

Негізгі бухгалтерлік жазулар:

Дт

Кт

1. Бюджетке корпоративтік табыс салығы аударылды

3110

1030

2. Жеке табыс салығы аударылды

3120

1030

3 Акциз аударылды

3140

1030

4.Әлеуметтік салық сомасы бюджетке аударылды

3150

1030

5. ҚҚС

3130

1030

6 Жер салығы есептелді

3160

1030

7 Мүлік салығы есептелді

3170

1030

8 Көлік салығы есептелді

3180

1030

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]