Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mindettemelerdi_1187_esebi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
72.52 Кб
Скачать

2 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банктік қарыз

Соңғы кезде шығын және орта бизнестің белсенді өсу беталысы байқалады, ол ел экономикасына қажеттіикемділік береді және күннен күнге оның дамуының шешуші себеп шарты болып келеді. Сондықтан шығын бизнеске мемлекет жағынан ерекше көңіл бөлінеді: оны қолдау бойынша әртүрлі бағдарламалар әзірленіп, өмірде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қаржы- несие ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі. Мөлшері бойынша аздаған несиелердің өзі кісіпорын құрылуы мен дамуы үшін аса маңызды.

Несие алғанда, кәсіпкер өтімділік кепілінің болуы мәселесімен кездеседі. Несие беруші банкті және және несиелендіру бағдарламасын таңдаған кезде мердігер ең алдымен қаржыландыру мерзімімен мақсатына байланысты өз бизнесіне қаржыландырудың аса қолайлы түрін анықтап алуы тиіс.

Сонымен банктермен берілетін несиелер: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер болып екіге бөлінеді.

Ұзақ мерзімді несиелер (бір жылдан астам) – негізгі қаражат (жылжымайтын мүлік және машина) алғанда, құрылысты инвестициялау, жылжымайтын мүлікті қайта қалпына келтіру бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде беріледі.

Қысқа мерзімді несиелер (бір жылға дейін) – коммерциялық қызмет үшін, тез өтетін тауар шығарғанда, қызмет түрін көрсеткенде.

Бүгінгі күні шағын және орта бизнес субъектілері сауда-делдал қызметін, ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруды, қоғамдық тамақтану қызметін көтеруді бағытқа алып, қысқа мерзімді несиелер алады. Аталған қаржыландыру түрлері қарыз алушыға да, банкке де тиімді.

Өте сирек кездесетін несиелендіру түрі – ұзақ мерзімді несиелер. Оларды барлық ЕДБ бере бермейді. Ұзақ мерзімді қаржылындыруда қарыз алушы таза пайдадан қарыз өтеуі тиіс болғандықтан, бұл несие түрі жаңадан пайда болған, пайдалылығы төмен қызметпен айналысатын компаниялар үшін қолы жетпейтіндей болып келеді.

Қаржыландыру бойынша банктің қосымша қызмет түрлері де бар: құжаттылық несиелік операциялар – банктік кепілдіктер, аккредитивтер, вексельдер.

Кәсіпкер банктен несие алу үшін келесі құжат пакетін дайындауы тиіс, оның құрамында:

● несие алуға өтініш;

● жобаның техникалық – экономикалық дәлелдеуі, негіздеуі (ТЭД) (негізінен, өндірістік несие үшін) немесе бизнес – жоспар (бүгінгі күні бизнес – жоспарды барлық банктер сұрай бермейді);

● ТЭД қоса берілсе, шарттар қоса тіркелуі тиіс (жабдық алу, шикізат сатып алу);

● нақты бір қызмет түрімен айналысу құқығына берілетін лицензиялар, патенттер;

● Шаруашылық шарттары, бірігіп қызмет ету туралы шарттар, келісім-шарттар (мәміле төлқұжаттарымен қоса);

● орынды және көлікті жалдау шарттары, объектіге берілетін құқықты бекітетін құжаттар (кеңсе, пәтер, қойма, гараж, көлік, жабдық құжаттары);

● бюджетке және бюджеттік емес қорларға банкке келген мезетте ағымдағы берешектің болмауы, болуы туралы салық комитетінің анықтамасы;

● қосымшаларымен қоса кәсіпорынның бухгалтерлік балансы;

● соңғы есеп беру күніне берілген дебиторлық және несиелік берешектердің мағынасының ашылуы, мұнда пайда болу күні мен себептері, жоспарланған өтеу күні көрсетіледі;

● баланстық құнының көрсетілуімен қоса негізгі қаражаттың тауар-материалдық қорлары мағынасының ашылуы;

● ағымдағы шот, касса бойынша ақша қозғалысы туралы есеп берілуі;

● басқа қаржылық құжаттар;

● кепілдік міндеттеме.

Кепілгер – сақтандыру компаниялары, мемлекеттік кәсіпорындар, яғни несие алушы үшін кепілдік, кепіл мүлігін бере алатын мекемелер .

Құжат және жоба талдауын қарастыру орташа мерзімін алғанда 5-15 күн құрады. Мерзімдер қаржыландыру сомасына, жобаның мақсаты мен ерекшелігіне, оның күрделілік дәрежесіне, қаржыландыру мерзіміне байланысты нұсқаланады.

Банк өзінің қаржыландыру туралы оңды шешімін клиентке ауызша хабарлайды. Содан соң қарыз алушы банкте ағымдағы шот ашуы тиіс, оған қажетті құжаттар:

● кәсіпорынның жарғысы, құрылтайшылық шарты көшірмелері (нотариуста расталған);

● мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің статистикалық карточканың, СТН көшірмелері (нотариуста расталған);

● қызмет көрсететін банктің несиелік берешек болуы (болмауы) туралы анықтама;

● несие алуға өтініш (кәсіпорын директоры немесе бас бухгалтерін тағайындау туралы бұйрық;

● құжатқа қол қою құқығы бар тұлғалар қолдарының карточкасы (нотариуста расталған).

Банк теріс шешім қабылдағанда, клиентке жазбаша түрде қаржы бермеуі туралы шешімін, оның себептемесімен қоса береді. Жобаны әрі қарай әзірлеу қажет болса, немесе ақпарат жеткіліксіз болса, ол туралы банк клиентке ауызша хабарлайды.

Қарыз алушы банкке несие қаражатын мақсатты түрде пайдалануын растайтын құжаттар (құжат) беруі тиіс (төлеу туралы құжаттар, шот-фактуралар, мүліктік қабылдау – тапсыру актілер, жүкқұжаттар).

Банк несиесі ұлттық және шет ел валютасымен ұсынуына құқ беріледі, егерде шет ел валютасымен несие-қарыз ұсынылғанда оның тенгелік көлемінде анықталып отырады, есеп кезенің қалдықтары, бағамдық ауытқуларда анықталып. Есепте мынадай жазулар болады:

Шаруашылық операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

Банк несиесі қолданып аккредитивтік шот ашылса

1060

3010, 4010

2

Жабдықтаушыға берешек банк несиесінен өтелген

3310

3010, 4010

3

Несиелік шарт көрсетілген процеттік есептелген төлем

7310

3380, 4160

4

Берілген қысқа мерзімді аванстар

1610

3010, 4010

5

Есепті жылдың банктік қарызы қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімдіге аударылды

4010

3010

6

Есепті жылдың банктік қарызы бойынша сыйақы қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімдіге аударылды

4160

3380

5

Алынған несие-қарызды аударып жабу, банктағы есеп шоттан

3010

1030

6

Есептелген проценттік төлемдерді аударылдып, өтелген

3380

1030

Қазіргі уақытта елімізде, банктерден басқа, несиелерді банктен тыс мекемелер бере алады, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес олардың Ұлттық банктің лицензиясы негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуі заңды. Оларға тіркелген ломбардтар, несиелік серіктестіктер, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазнашылық департаменті мен оның 13 областық басқармалары, Астана мен Алматы қалалық басқармалар, акционерлік қоғамдар: «Қазақстандық қорлық биржа», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» және т.б. жатады.

Жоғарыда аталған банктерден тыс мекемелерден алынған несиелерді рәсімдеуде міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде несиелік келісім- шарт, кепілдік келісім- шарт, үшінші тұлғаның кепілдігі және басқалар негіз бола алады.

Кәсіпорындар өзінің ақша қаражаттары табыс табу жолында пайдалануларына құқ берілген. Бұдан несие-қарыз алғанда кепілдік болуы керек, яғни несие залогы шарты, қамтамасыздандыру куәлігі. Кепілдік үшінші тұлға беруді болады, заң бойынша.

Несиенің бұл түрі 3020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар» және 4020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар» атты шоттарда есепке алынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]