Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mindettemelerdi_1187_esebi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
72.52 Кб
Скачать

Тақырып: Міндеттемелердің есебі

1 Лекция жоспары

1 Міндеттемелер түсінігі және оның пайда болуы мен түрлері.

2 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банктік қарыз

3 Салық міндеттемелерінің есебі

4 Жеткізушілер мен мердігерлердің қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарының есебі

Сабақтың мақсаты - бұл тақырып бойынша қысқаша міндеттемелер түсінігіне тоқтап кету керек, оларды есепте дұрыс есепке алынуын меңгеру. жеткізушілер мен мердігерлердің қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарының есебін есепте дұрыс есепке алынуын меңгеру.

Шешу сөздері – міндеттемелер, салықтар, борыштар.

1 Міндеттемелер түсінігі және оның пайда болуы мен түрлері.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша міндеттеме – бір қарыз алушы тұлғаның басқа тұлға (кредитор) пайдасына белгілі бір іс-әрекетті орындау міндеті, яғни мүлікті беру, жұмысты орындау, ақшаны төлеу және тағы да басқа іс-әрекеттер, ал кредитор қарыз алушыдан өз міндеттерін орындауды талап етуге құқығы бар.

Міндеттеме – ұйымның өткен оқиғалардан пайда болатын бар қарызы, оның орындалуы кәсіпорыннан экономикалық пайданы құрайтын ресурстардың шығарылуына әкеледі.

Міндеттемелер «Бағаланатын міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» деп аталатын № 37 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен (ХҚЕС) реттеледі.

Міндеттемелер келесі сипатты белгілермен анықталады:

  • міндеттеме нақты осы мерзімде орындалуы міндетті және шаруашылық өмірдің өткен фактілерінің нәтижесі болып табылуы керек;

  • міндеттемелер ұйымның шаруашылық байланысын сақтау мақсатымен немесе кәсіпкерлік қызметтің қалыпты жүргізілуімен сәйкес болашақ төлемдердің қажеттілігімен байланысты болса, кредиторлық берешек ретінде болады;

  • міндеттемелер міндетті түрде орындалуы тиісті, бірақ бұл олардың дәл бағасын алуды білдірмейді;

  • міндеттемелердің орындалу мерзімі анықталуы тиісті, бірақ нақты мерзімі белгісіз болуы мүмкін. Ол жаңа міндеттердің қабылдануына байланысты ұзартылуы немесе акцияда конвертациямен жойылуы мүмкін. Бұл кредиторлық берешек ретінде міндеттеме квалификациясына әсер ете алмайды;

  • қарыздық міндеттеме пайда болған субьекті жеке тұлға немесе тұлғалар тобы ретінде теңестірілуі тиіс.

Міндеттемелер (кредиторлық берешек) әдетте қарызды төлеу үшін қажетті ақша сомасымен немесе нарық шартында әкелуге тиісті тауарлар мен қызметтер құнымен бағаланады. Көптеген міндеттемелер сомасы әрқашан белгілі, бірақ кейбіреулері үшін ол есептелген болуы керек. Міндеттемелер бойынша қарыз пайда болған жағдайда есепте тіркеледі. Бұл ережені қолдану қиын, себебі қысқа мерзімді міндеттемелердің маңызды бөлігі есептелген еңбекақы, сыйақы, төленуге тиісті салық түріндегі жинақталған сомалар болып табылады. Басқа жағынан, ұйым алдағы болашақ келісімдер туралы келісім-шарт бекітуі мүмкін.

«Бағаланатын міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» деп аталатын № 37 ҚЕХС-на сәйкес міндеттемелердің маңызына байланысты келесідей жіктелуі қабылданған:

  • стандартты міндеттемелер (кредиторлық берешек);

  • резервтер (бағаланатын міндеттемелер);

  • шартты міндеттемелер.

Стандартты міндеттемелер (кредиторлық берешек) – шығынға жатқызылған, бірақ төленбеген, кейде құжаттық рәсімделмеген шығындарды есептеуден пайда болатын ұйымның әдеттегі міндеттемелері. Кредиторлық берешектің мысалы болып бюджетке төлемдер бойынша міндеттемелер, сауда кредиторлық берешегі, банк несиесі бойынша қарыздар және тағы басқасы табылады.

Резервтер – бұл бұлар үшін уақытша белгісіздік болатын немесе міндеттемелер сомасында белгісіздік болатын бағаланатын міндеттемелер.

Бағалау міндеттемелері келесі жағдайларда танылады, егер:

  • ұйымның өткен оқиғалар нәтижесінен ағымдағы міндеттемелері бар болса;

  • міндеттемені өтеу үшін экономикалық пайданы бекітетін ресурстардың есептен шығарылуы қажет болатын ықтималдылық мұндай есетен шығарылуы қажет етілмейтін ықтималдылықтан жоғары болған уақытта;

  • міндеттемелердің сомасының сенімді есептеу жасалған болса.

Шартты міндеттемелер – бұл:

  • өткен оқиғалардан пайда болатын мүмкін міндеттемелер, олардың бар болуы болашақта кәсіпорынның бақылауында жатпайтын белгісіз оқиғалардың пайда болуымен бекітіледі немесе:

  • өткен оқиғалардан пайда болатын, бірақ есеп және есеп беруде танылмайтын бар міндеттемелер, себебі:

а) берілген міндеттемені өтеу үшін экономикалық пайданы әкелетін ресурстардың шығыны қажет етілетін ықтималдылық жоқ.

б) міндеттеменің сомасы жеткілікті сенімділікпен өлшеуі мүмкін емес.

Шартты міндеттемелер баланста міндеттеме ретінде танылмайды, есеп беруге қосымшаларда көрініс табады.

Шаруашылық субьектілерінде міндеттемелердің бірнеше түрлері болады, олар қысқа және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді болып ұйымның қарыздары мен басқа да міндеттемелері табылады, олардың орындалуы, ұйымдағы нақты осы мерзімде бар айналым құралдарын осы мақсатта қолдануды қажет етеді.

Ұйымның айналым құралдарын жабуды талап етпейтін, өтеу мерзімі бір жыл ішінде болмайтын міндеттемелер – ұзақ мерзімділер категориясына жатады. Бұл жерде айта кету керек, кез келген міндеттемелер қысқа да, ұзақ мерзімді де болуы мүмкін. Бұл жердегі негізгі критерий – міндеттемелердің өтелу мерзімі болып табылады.

Кредиторлық берешегі – ұйымның шаруашылық қызметін жүргізу барысында өткен оқиғалардың нәтижесі болып табылатын есепті мерзімдегі бар міндеттемелерді және экономикалық пайда әкелуге тиісті ұйым ресурстарының шығынына әкелуі бойынша есеп айырысуларды көрсетеді. Яғни, кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).

Кредиторлық берешектер шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өз қызметін жүргізу барысында пайда болады. Яғни, өнім өндіру, қызмет көрсету сияқты негізгі қызметін жүргізу барысында ұйымның өз жұмыскерлері алдында, сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар үшін жабдықтаушыларға, сол өнімін өндіру үшін қажетті ғимаратты жалдау бойынша жал беруші алдында белгілі бір кредиторлық берешек пайда болуы мүмкін.

Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.

Қалыпты кредиторлық берешек пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыра санаған жөн.

Бұларға мысалға айтатын болсақ, төлеу мерзімі келмеген акцепттелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек жатады.

Ақталмаған кредиторлық берешек болып еңбекті өтеу бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төлемеген есеп-қисап құжаттары бойынша жеткізушілер мен мердігерлерге және тағы да басқа мерзімі өтіп кеткен қарыздар саналады.