Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лі-снн аидасы. Шейх ибн Баз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
22.11.2019
Размер:
76.18 Кб
Скачать

Аллаһтың періштелеріне иман келтіру

Періштелерге иман келтіру – оларға жалпылай және жеке-жеке иман келтірумен болады. Мұсылман адам Аллаһтың періштелері бар, Ол оларды Өзіне бой ұсынулары үшін жаратқан және оларды былай сипаттаған деп иман келтіреді:

﴿عِبَادٌ مُّكْرَمُونَ لَا يَسْبِقُونَهُ بِالْقَوْلِ وَهُم بِأَمْرِهِ يَعْمَلُونَ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يَشْفَعُونَ إِلَّا لِمَنِ ارْتَضَى وَهُم مِّنْ خَشْيَتِهِ مُشْفِقُونَ ﴾

«Періштелер Аллаһтың ардақты құлдары, олар Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар Оның әмірін орындайды. Аллаһ олардың өткенін де, келешегін де біледі. Олар Аллаһтың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Сондай-ақ олар Аллаһтан қорыққандықтарынан тітірейді» Әнбия. 26-28

Періштелердің түрлері өте көп, олардан аршыны көтеріп тұрғандары, жаннат пен тозақ сақшылары, пенделердің амалдарын сақтаушылары бар.

Періштелерге Аллаһ немесе Оның елшісі (саллалаһу алейһи уә сәлләм) атын атағандарына жекелей, әр-қайсысына иман келтіреміз, олар: Жебірейіл, Мікәйл сияқты, тозақ сақшысы және сүр үрлейтін Исрафил періштесі сияқты. Періштелер туралы көптеген сахих хадистерде айтылған. Соның бірі: Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм):

"خلقت الملائكة من نور، وخلق الجان من ما رجٍ من نَّار، وخلق آد م مما وصف لكم"

«Періштелер нұрдан жаратылды, жындар оттың жалынынан жаратылды, адам сендерге сипатталған нәрседен (топырақтан) жаратылды,»7 -деген.

Аллаһтың кітаптарына иман келтіру

Періштелерге иман келтірген сияқты кітаптарға да жалпылай және жекелей иман келтіру уәжіп болады.

Аллаһ пайғамбарлары мен елшілеріне хақты баян ету үшін және соған шақыру үшін кітаптар түсірді. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿لَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا بِالْبَيِّنَاتِ وَأَنزَلْنَا مَعَهُمُ الْكِتَابَ وَالْمِيزَانَ لِيَقُومَ النَّاسُ بِالْقِسْطِ﴾

«Расында елшілерімізді ашық белгілерімізбен жібердік және олармен бірге адам баласы әділдікті орнату үшін кітапты, мизанды түсірдік» Хадид. 25

﴿كَانَ النَّاسُ أُمَّةً وَاحِدَةً فَبَعَثَ اللّهُ النَّبِيِّينَ مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ وَأَنزَلَ مَعَهُمُ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ لِيَحْكُمَ بَيْنَ النَّاسِ فِيمَا اخْتَلَفُواْ فِيهِ ﴾

«Адам баласы бір ақ үммет еді. Сонда Аллаһ елшілерді (жаннатпен) қуандырушы және (тозақтан) сақтандырушы қылып жіберді. Әрі адамдардың арасындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ кітапты түсірді» Бақара. 213

Біздер мұсылмандар, Аллаһ атын атаған кітаптардың әр-қайсысына иман келтіреміз. Олар Таурат — Мұса пайғамбарға, Інжіл — Иса пайғамбарға, Забур — Дауд пайғамбарға (барлығына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын) және Қасиетті Құран-Кәрім – пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллалаһу алейһи уә сәлләм) түсірілген.

Бұл кітаптардың ішіндегі ең абзалы және ең соңғысы – Құран Кәрім. Құран ол кітаптарға үстем болған және оларды растаушы кітап. Барлық үмметке осы Құранға және пайғамбардан (саллалаһу алейһи уә сәлләм) жеткен сахих сүннетке еру, сонымен амал қылу және үкім жүргізу міндет. Өйткені Аллаһ Мұхаммедті (саллалаһу алейһи уә сәлләм) барлық адамзат пен жындарға елші қылып жіберді және осы Құранды олардың арасында онымен үкім етуі үшін және оны жүректердің шипасы, әр-нәрсенің баяндаушысы, мүміндерге рақымдылық пен һидаят ретінде түсірді. Аллаһ Құранда былай дейді:

﴿وَهَذَا كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ مُبَارَكٌ فَاتَّبِعُوهُ وَاتَّقُواْ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ﴾

«Осы Біз оны түсірген Құран-Мүбарак кітап. Енді соған еріңдер әрі Аллаһтан қорқыңдар, мархаметке бөленерсіңдер» Әнғам. 155

﴿ وَنَزَّلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ تِبْيَانًا لِّكُلِّ شَيْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً وَبُشْرَى لِلْمُسْلِمِينَ﴾

«(Мұхаммед (саллалаһу алейһи уә сәлләм)) Саған әр-нәрсені ашықтайтын және мұсылмандар үшін тура жол, игілік әрі қуаныш түрінде Құран түсірдік» Нахыл. 89

﴿قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ لا إِلَهَ إِلاَّ هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ فَآمِنُواْ بِاللّهِ وَرَسُولِهِ النَّبِيِّ الأُمِّيِّ الَّذِي يُؤْمِنُ بِاللّهِ وَكَلِمَاتِهِ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ﴾

«Әй адам баласы! Мен барлығыңа Аллаһтың елшісімін, ол сондай Аллаһ, жер мен көктің иелігі оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаһқа және Аллаһтың сөздеріне сенген, жіберілген оқу мен жазуды білмеген Пайғамбарға иман келтіріңдер, әрі оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар» -де» Ағраф.158

Осы мағынадағы аяттар өте көп.