Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

21. Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі

Тапсырыстық калькуляциялау әдісі – өндірістік шығындар әрбір өнім түріне немесе қызметке есептелетін өзіндік құнды есептеу әдісі. Ол өнімді арнайы тапсырысы бойынша орындау немесе уникалды өнімді даярлау кезінде қолданылатын жеке өнімнің бірлігінің орташа емес тек қана дербес өнім бірлігінің өзіндік құны туралы ақпаратты беретін әдіс.Бұл әдіс жеке және аз сериялы күрделі бұйымдарды өндіретін машина жасау кәсіпорындарында кең тараған. Сондай-ақ тапсырыстық өндіріс мысалына кеме жасау, ұшақ жасау, құрылыс, турбина өндірісі, ғылым, интеллектуалды қызметтерді, яғни аудиторлық және кеңес беру қызметтерін, баспасөз, жөндеу жұмыстарын жүргізетін өндірістерді айтсақ болады. Бұл типтес өндірістердің ерекшелігі – аз партиялы немесе шектеулі бұйымдардың маркісін жеке түрлерін шығару болып табылады. Олар жыл ішінде бұйымның жеке түрлерін шығармауы да мүмкін. Шығындарды есептеу үшін әрбір тапсырысқа коды көрсетілген жеке талдамалы шот ашылады. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.

Тапсырыс – шығындар есебінің ерекше объектісі болып табылады. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерге операциялы жоспарлаудың және өндірісті басқарудың күрделі жүйелері сай боп келеді. Негізінен жоспарлы-есептік бірлік үлкейтіліп көрсетіледі. Олар: өндірістік тапсырыс және тауарлар тобы. Өндірістік тапсырыс жоспарлы есептік тапсырыс ретінде бүкіл жұмыстар көлемін қамтиды. Нәтижесінде тапсырыс орындалады. Оның құрамына:

Құрастырушы бюролар бөлімі;

Технологиялық бөлімдер;

Өндірістік цехтардың, сондай-ақ сынақ жұмыстары қарастырылады.

Бұйым немесе жұмыс жасалып біткесін, тапсырыс жабылады. Тапсырыс жабылды деген хабарлама келгесін оған материалдар жіберу және еңбекақы есептеу тоқтатылады. Өнімнің өзіндік құны тапсырыс жасалып біткен соң шығындар сомасын тапсырыс санына бөлу арқылы есептеледі.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялауда ең басты элементі – тапсырыстың калькуляциялау карточкасы б.т. әр тапсырушының әрбір тапсырысына жеке карточка ашылады. Онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

Осы тапсырысты жүзеге асыру үшін арнайы сатып алынған материалдар.

Тапсырыс беру негізінде қолда бар қорлардан алынған материалдар.

Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы. Егер мерзімді еңбекақы есептелсе -жұмыс уақытын есептеу табелі. Кесімді еңбекақы есептелсе – нарядтар қолданылады.

Басқа да тікелей шығындар.

Тапсырыс орындау барысында калькуляциялық карточкада тікелей шығындардың жалпы сомасы шығарылады. Содан кейін қабылданған әдіс бойынша үстеме шығындар бөліп таратылады. Егер есепті кезең соңында тапсырыс аяқталмаған болса, онда калькуляцияның карточкада жинақталған сома аяқталмаған өндірісті білдіреді.

Тапсырыстық әдіске тән бухгалтерлік жазулар:

Мазмұны

Дт

Кт

Жабдықтаушылардан алынған негізгі және көмекші материалдар-

1310, 1350

3310

Негізгі және көмекші материалдарды өндіріске жіберу-

8110, 8410

1350, 1350

Негізгі Еңбекақы есептелді ж\е еңбекақыдан аударымдар есептелді

8110, 8410

3350, 3150

еңбекақының төленуі-

3350

1010, 1040

Басқа да өндірістік үстеме шығындарды жазу-

8410

2420, 3310

Өндірістік үстеме шығындар тапсырыстар бойынша бөліп таратылды-

8110

8410

Дайын өнімнің алынуы немесе тапсырыстың аяқталуы-

Тапсырысты сату-

1320

7010

8110

8110

Дайын өнімді сату және өзіндік құнды есептен шығару-

7010

1210

1320

6010