Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баскару дайын.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

15.Жауапкершілік орталықтары бой-ша есеп.

Біздің елімізде жауапкершілік орталықтары бойынша шығындардың есебі туралы идеясы 70-ші жылдардың басында туындады. Ол ішкі фирмалық басқаруды жақсарту қажеттілігінен пайда болды.Жауапкершілік орталықтары бой-ша есеп д/з-ол жауапкершілік орталықтарының шығуындағы және кіруіндегі нақты және жоспарлы ақпаратты бақылау,өңдеу және бейнелеу жүйесі.Бұл жүйенің ұғымы-ол шығындар орталығы.Шығындар орталығы д/з-ол активтердің сатып алуына кеткен шығындар және басқадай шығындар туралы ақпаратты мақсатқа сәйкес жинақтайтын ұйымдастыру бірлігі.Бәрінен жиі шығындар орталықтары ретінде бригада,өндірістік участкесі,цех сияқты төменгі деңгейдегі құрылымдық бөлімшелер қарастырылады.Жауапкершілік орталықтары бой-ша шығындар есебі жүйесінің маңызды сипатты белгісі-ол әр жеке жетекшінің жұмысының тиімділігі болып жауап беретін участкесінің жеткен нәтижелері бой-ша бағалануы табылады.Мысалы,цехтің бастығы кәсіпорын директорының еңбекақысы мөлшерін қоя алмайды,сондықтан осымен бай-ты шығындарды оның цехына жатқыза алмайды. Жауапкершілік орталықтары бой-ша шығындар есебі жүйесін жүзеге асыру негізінде бақыланатын және бақыланбайтын шығындар принципі бар.Ж-к орталықтары бой-ша шығындарды басқару көбінесе ірі кәсіпорындарда іске асырылады.Ж-к орталықтары келесі белгілер бой-ша классификациялауға болады:-ж/к орталықтары орындайтын функциялар;-жауапкершілік және өкілдік көлемі.

Жауапкершілік орталықтары орындайтын функциялар принципі бойынша негізгі және қосалқы болып бөлінеді.

Негізгі жауапкершілік орталықтары тікелей өнім шығарады, тұтынушыларға қызмет көрсетеді және жұмыс атқарады. Олардың шығындарын тікелей өнімнің өзіндік құнына апарады.

Қосалқы жауапкершілік орталықтары өндірісте тұтынушыларға емес, негізгі жауапкершілік орталықтарына арналған қызметтерді атқарып, өнімді дайындап немесе жұмыстарды орындап қосымша қатысады. Қосалқы жауапкершілік орталықтарының шығындарын өнімнің өзіндік құнына тікелей ӨӨҚ-на тікелей апаруға болмайды, сондықтан оларды алдымен негізгі орталықтардың жиынтық шығындар құрамы ретінде өзіндік құнға қосады.

16.Өндірістік үстеме шығындардың есебі

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010 ”Негізгі өндіріс”, 8020 “Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар”, 8030 “Көмекші өндіріс”, 8040 “Үстеме шығындар” бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша 3 категорияға бөлінеді:

  • материалдарға кеткен тікелей шығындар;

  • жұмыс күшіне кеткен тікелей шығындар;

  • үстеме шығыстар.

Материалдарға кеткен тікелей шығындарға соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) кіретін материалдар жатады (болат, ағаш)

Жұмыс күшіне кеткен тікелей шығындар- бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар мен өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығындардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру, уақытша тоқтап қалудың шығыстары т.б жатады.

Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі, көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығындары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.

Үстеме шығындар (ҮШ) біршама жалпы сипатқа ие болады:

  • кешендік сипаты – шығындар құрамында барлық экономикалық элементтер шығындары көрініс табады;

  • екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығындарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өніммен АӨ-тің арасында таратылады.

8030 “ҮШ” бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

8030 “ҮШ”, онда 8031-8038 транзиттік бір элементтік шоттарда есепке алынған шығындар жинақталады;

8031 “Материалдар”- негізгі және көмекші өндіріске, сондай-ақ өз өндірісіндегі шалафабрикаттар жұмсалған материалдық барлық түрлері есепке алынады;

8032 ”Жұмыскерлердің еңбекақысы”;

8033 “Еңбекақыдан аударылатын аударымдар”;

8034 “Негізгі құралдарды жөндеу”;

8035 “Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы”;

8036 “Коммуналдық қызметтер”;

8037 “Жал ақысы”;

8038 “Басқалары” (сақтандыр шығындары).

Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекешелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес көрініс табады.