- •«Химия» пәні бойынша Глоссарий Әдістемелік нұсқау
- •1 Ағымдағы бақылауға арналған сұрақтары.
- •Химиялық периодтылықтың физикалық мағынасы
- •2 Ағымдағы бақылауға арналған сұрақтары
- •Атомдар құрылымы. Атом құрылымының моделдері. Планк гипотезасы.
- •Атомның квантты-механикалық моделі. Кванттық сандар.
- •Электрондардың кванттық саны
- •3. Негізгі және қоздырылмаған жағадайы: Мысалы - Be 1s22s2 – негізгі жағдайы; 1s22s12p1 – қоздырылған жағдайы.
- •Менделеевтің периодтық жүйесі мен заңы.
- •Химиялық периодтылықтың физикалық мағынасы
- •Химиялық байланыстар туралы түсінікті дамыту. Валентті байланыстың әдістері. Гибризидация теориясы. Еселенген байланыс.
- •Химиялық термодинамика. Термодинамиканың 1 заңы.
- •Термодинамиканың 2 заңы. Энтропия. Гиббс энергиясы.
- •Химиялық кинетика. Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары.
- •Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсері.
- •Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі
- •Массаның әрекеттесу заңы. Химиялық тепе-теңдік.
- •Катализатор тепе-теңдік жағдайына әсер етпейді.
- •Химиялық тепе – теңдік.
- •Химиялық тепе-теңдік .
- •Ертінділердің қасиеттері. Электролиттің ертінділері. Электролиттік диссоциацияның теориясы. Сутегілік көрсеткіш.
- •Ерітінді концентрациясы және оны өрнектеу әдістері
- •Электролит еместердің ертіндісі. Освальд қосу заңы.
- •Тотығу-тотықсыздану үдерістері. Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар
- •Электрохимия. Галваникалық элементтер. Электролиз.
- •Металдардың, қорытпалардың, балқымалардың, бетондардың тоттануы (коррозиясы) және тоттанудан қорғану әдістері
- •Металл құрылымы және оның коррозиялық процеске әсері
- •Бейэлектролиттердегі металл коррозиясы
- •Металдар химиясы мен олардың қосылыстары
- •Оксотұздардың термиялық тұрақтылығы (тт)
- •Металдар еместердің химиясы және олардың қосылыстары
Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі
Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері Вант-Гофф ережесімен анықталады: температураны әр 10 градусқа арттырғанда химиялық реакция жылдамдығы 2-4 есе артады.
Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін дәлірек Аррениус теңдеуі арқылы табуға болады:
Мұнда , К-жылдамдық тұрақтысы, А-температураға тәуелді емес тұрақты, е- натурал логарифмнің негізі(е=2,71828) , Е- активтеу энергиясы, R- газ тұрақтысы,Т- абсолют температура.
Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғатына әсер етуі. Заттың табиғатының химиялық реакцияның жылдамдығына әсері үлкен. Бүрын айтып кеткеніміздей кейбір реакциялар өте тез өтеді, басқалары тіпті баяу, айлап, жылдап өтеді. Мысалы:
а) 2Rb + 2Н30 = 2RbOH + 3H2 (қопарылыс болады)
б) Ag + Н20 -> реакция өте баяу жүреді, айлап, жылдап
өтеді
Әрекеттесуші заттардың табиғаты. Химиялық байланыстар мен реагенттер молекуларының құрылымының сипаттары үлкен роль атқарады. Реакциялар заттардың әлсіз байланыстарын бұзу және өте берік байланыстар құру бағытында жүреді. H2 және N2 молекуларында байланыстарды бұзуға арнап, үлкен энергияны қажет етеді, ондай молекулалардың реакцияға қабілеттілігі аз. Ал күшті полярлы молекулалардағы байланысты (HCl, H2O) үзуге арнап, аз энергияны қажетсінеді және реакцияның жылдамдықтары өте жоғары. Электролит ертінділеріндегі, иондар арасындағы реакциялар өте тез жүреді.
Мысалдар:
Фтор сутегімен бөлме температурасында жарылыспен әрекеттеседі, бром сутегімен жай ірекеттеседі, соның өзінде қыздыру кезінде. Кальций оксиді сумен қуатты түрде ірекеттеседі, ал мыс оксиді әрекеттеспейді.
Концентрация. Концентрацияның көбеюімен (көлем бірлігіндегі бөлшек саны), әрекеттесуші заттар молекулаларының жиі соқтығысуы болады – реакцияның жылдамдығы артады.
Химиялық реакциялар жай және күрделі болып екіге жіктеледі.
Жай реакциялар стехиометрлік теңдеуге сәйкес бір сатыда жүреді.
Күрделі реакциялар жай реакциялардың жиынтығы. Оларға қайтымды параллель, сатылы, ілеспелі, тізбекті реакциялар жатады.
Қайтымды реакциялар — реакция өнімдері бір-бірімен әрекеттесіп, бастапқы заттарды қайтадан түзетін реакциялар.
Ілеспелі реакцияларда бірінің қатысуынсыз екіншісі жүрмейді.
Ең көп таралған реакциялар — тізбекті реакциялар. Оларға тотығу, галогендеу, полимерлену, т.б. гомогенді реакциялар жатады.
Тізбекті реакциялар үш сатыда жүреді: тізбектің туындауы, өрістеуі және үзілуі. Тізбек жарық, жылу, радиоактивті сәулелердің әсерінен туындауы мүмкін. Бұл кезде түзілген бос радикалдар немесе атомдар бастапқы зат молекуласымен әрекеттесіп, реакция өнімін және жаңа активті бөлшек түзеді. Ол тағы да бастапқы зат молекуласымен әрекеттеседі. Осының нәтижесінде реакция жылдамдығы еселеп өсіп, қопарылыс береді. Кейде бір актив бөлшек өзінен басқа бірнеше актив бөлшектерді тудыруы мүмкін, оларды тармақталған тізбекті реакциялар деп атайды.
Тізбекті реакциялар бос радикалдар немесе атомдар қатысуымен жүзеге асады.
Бұлардан басқа жүру механизміне қарай молекулалық және иондық реакциялар болады. Валенттілігі қаныққан молекулалар арасындағы химиялық реакциялар өте қиын жүреді, өйткені молекуладағы атомдар арасындағы байланысты үзу үшін энергия жұмсау керек.
5.1.-Сурет.
Газ
молекулаларының
Т1
және Т2
температуралардағы
кинетикалық энергиясы
бойынша таралуы
Оттек молекуласы үшін орташа жылдамдық 461 м/сек тең болған кезде 22%-дай молекуланың жылдамдығы 300-400 м/сек аралығыңда және 8%-дай молекуланың жылдамдығы 700 м/сек шамасында болады. Сондықтан соңғы молекулалардың жылдамдығы максимальды болады. Мұндай молекулалар белсенді молекулалар деп аталады. Молекулаларды активті күйіне айналдыру үшін жүмсалатын қосымша энергия белсендіру энергиясы деп аталады. Белсенді молекулалардың соқтығысуы кезінде химиялық реакция жүруі мүмкін. Жүйенің энергетикалық өзгеруі нәтижесінде активті молекулалардың жалпы саны өсуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары
1. Химиялық кинетика
2. Реакция жылдамдығы
3. Концентрация
4. Жай және күрделі реакциялар
5. Ілеспелі және тізбекті реакциялар
6. Гомогендік реакция
7. Гетерогендің реакция
8. Вант-Гофф ережесі
Негізгі және қосымша әдебиет
Негізгі әдебиет
1. Ахметов Н.С. «Жалпы және бейорганикалық химия». Баспа «Жоғары мектеп». М. 2005 г.
2. Глинка Н.Л. «Жалпы химия» - И. Интеграл-пресс. 2003.
3. Некрасов Б.В. «Жалпы химияның негіздері» т.1,2,3. Химия –М 1976 г.
4. Н.Н. Нурахметов, М.Б. Муратбеков, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы, «Қазақуниверситеті», 2009 ж.
5. Н.Н. Нурахметов, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы 2011 ж.
Бiрiмжанов Б., Нұрақметов Н. Жалпы химия. Алматы. Ана тiлi. 1992.
Ақанбаев Қ. Химия негiздерi. Алматы.: Мектеп. 1987.
Бегалиева Ж., Самыратов С., Қолұшпаева А. Химия курсы. Алматы.: ҚазКҚА. 2002, 292 б.
Қосымша әдебиет
2. Кусепова Л.А., Кусепов А.К. «Практикум по общей химии», ЕНУ 2003
3. Нурпейсова Д.Т. Лабораторный практикум по общей химии, Астана 2008
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Күні: _______ 2011 ж. |
Басылым: бірінші |
Дәріс |
ЕҰУ |
5-бет |
Дәріс 8