Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khimia leksia.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
2.42 Mб
Скачать

Ерітінді концентрациясы және оны өрнектеу әдістері

Ерітіндінің маңызды сипаттамасының бірі – оның концентрациясы. Бұл шама арқылы ерітіндінің көптеген қасиеттері анықталады.

Ерітіндінің концентрациясы деп, ерітіндінің белгілі бір салмақ мөлшерінде, не белгілі бір көлемінде еріген заттың мөлшерін айтады.

Ерітінді концентрациясын сипаттау үшін жиі қолданатын әдістер: масалық үлес, моляльдық және мольдік үлес, титр.

Масалық үлес(ώ) – еріген зат массасының жалпы ерітінді массасына қатынасы: ώ (В)=m(В)/mс

Мұнда: ώ (В) – В заттың массалық үлесі; m (В) – В заттың еріген массасы, г; mс – ерітінді массасы, г.

Массалық үлес - өлшемі жоқ шама. Оны үлес бірлігімен немесе процентпен белгілейді.

Моляльдық концентрация (Сm) – мольмен алынған еріген зат В (моль) мөлшерінің еріткіш массасына (кг) қатынасы:

Сm(В) – еріген зат массасы, кг; М (В) – мольдық масса, кг/моль; m1 – еріткіш массасы, кг.

Мольдік концентрация (См) – мольмен алынған еріген заттың ерітінді көлемінде қатынасы.

См (В) =n(В)/V=m(B) – еріген зат массасы, кг; V – ерітінді көлемі, л.

Эквиваленттің мольдік массасы (нормальдық; С11) – зат эквиваленттінің (моль) ерітінді көлемінде қатынасы:

Сн (В)=nэ(В)/V=m(B)/[Mэ(B)*V]=m(B)/[fэ(B)*M(B)*V]

Эквиваленттің мольдік концентарциясынада моль/л белгілеудің орнына қысқаша «н» деп белгілеуге болады.

1 л ерітіндегі еріген заттың 1 моль эквиваленті бар ерітінді номальдық дейді.

Мольдік үлес (χ) – еріген зат моль санының ерітіндідегі барлық компоненттердің моль санының қосындысына қатынасын айтады.

Х(Вi)=n(Вi)/∑n (ерітінді)

Концентрацияны жиірек титрлеу арқылы анықтайды.

Титрлеу – концентрациясы белгісіз бір ерітіндіні концентрациясы белгілі басқа ерітінді арқылы, әрекеттесуші ерітінділердің көлемін өлшеу жолымен анықтау. Қышқылдар мен негіздерді титрлеу әдісі – нейтралдау реакциясына негізделген.

Титр (Т) – 1мл ерітінді құрамындағы заттың массасы, г/мл:

Т(В)=m(B)/V

Электролиттерге жататын қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділерінің қасиеттерін зерттегенде, олардың осмос қысымы, бу қысымының кемуі, қату температурасының төмендеуі, қайнау температурасының жоғарлауы тәжірибе жүзінде анықталған сандық мәндері, бастапқы концентрациялары бірдей бейэлектролит ерітінділерінің сондай қасиеттерінің сандық мәндерінен әр уақытта жоғары болатынын дәлелденді.

Электролит ерітінділерінде кездесетін мұндай ауытқулар электролиттік диссоциация теориясы негізінде түсіндіріледі. Мысалы:

К ОН К++ОН-

N aCl Na++Cl-

Электролиттік диссоциацияның (ионизация) сандық сипаттамасы – ерітіндідегі электролиттің диссоциациялану дәрежесі. Диссоциациялану дәрежесі – ά процентпен немесе бөлшек санмен белгілінеді.

ά= N/N0

Диссоциациялану дәрежесенің мәні бойынша электролиттер күшті және әлсіз болып бөлінеді.

Электролиттік диссоциациялану процесін, басқа да қайтымды процестер сияқты химиялық реакция тұрақтысы арқылы сипаттау қолайлы. Электролиттік диссоциациялану жағдайында оны – диссоциациялану константасы (тұрақтысы) дейді. Мына реакция үшін:

А В А+-

Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес, диссоцациялану константасы Кд =[ А+] [В-]/[АВ]

Мұндағы: [ А+], [В-], [АВ] – заттардың мольдік концентрациялары.

Бақылау сұрақтары

1. Ертінділердің қасиеттері

2.Электролиттің ертінділері

3.Электролиттік диссоциацияның теориясы

Негізгі және қосымша әдебиет

Негізгі әдебиет

1. Ахметов Н.С. «Жалпы және бейорганикалық химия». Баспа «Жоғары мектеп». М. 2005 г.

2. Глинка Н.Л. «Жалпы химия» - И. Интеграл-пресс. 2003.

3. Некрасов Б.В. «Жалпы химияның негіздері» т.1,2,3. Химия –М 1976 г.

4. Н.Н. Нурахметов, М.Б. Муратбеков, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы, «Қазақуниверситеті», 2009 ж.

5. Н.Н. Нурахметов, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы 2011 ж.

  1. Бiрiмжанов Б., Нұрақметов Н. Жалпы химия. Алматы. Ана тiлi. 1992.

  2. Ақанбаев Қ. Химия негiздерi. Алматы.: Мектеп. 1987.

  3. Бегалиева Ж., Самыратов С., Қолұшпаева А. Химия курсы. Алматы.: ҚазКҚА. 2002, 292 б.

Қосымша әдебиет

2. Кусепова Л.А., Кусепов А.К. «Практикум по общей химии», ЕНУ 2003

3. Нурпейсова Д.Т. Лабораторный практикум по общей химии, Астана 2000 г.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Басылым: бірінші

Дәріс

ЕҰУ

5-бет

Дәріс 10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]