- •9.Сақтар археологиялық ескерткіштері
- •10.Ғұндардың тарихы
- •11. Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
- •17. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •18. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •20. Қыпшақ хандығы
- •22. Көне түрік жазуының ескерткіштері.
- •23. Түркі тайпаларының наным- сенімдері мен салт-дәстүрлері.
- •25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •30. Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы.
- •31. Қазақстан аймағы монғол ұлыстарының құрамында
- •40. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •48.Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өт
- •49. 17Ғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.
- •50.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерін атап көрсете аласыз.
- •51. Қазақ хандығының 16 ғ 2-ші жартысындағы сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерді атап өт
- •73. Бөкей Ордасы
- •74.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
- •77.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
- •81.Әкімшілік –сот реформасын аяқтау1886 – 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •83.XiXғ.Аяғы- xXғ. Басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару
- •84.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы.
- •87. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы және т.Б, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы.
- •88. Хх ғ басындағы қ-ң әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •89. 1905-1907Жж бірінші орыс революциясының қ-ға әсері.
- •91. ХХғ басындағы қазақ баспасөзі
- •92. Қазақстан Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •95. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •96. 1917 Жылғы Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы
- •97. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесі.
- •98. 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •99. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы
- •100. «Соғыс коммунизм» саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •109. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
- •110. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және салдары нәтижелері.
- •110.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
- •124. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •125. Хх ғ. 30-40жылдарында қазақстанға кейбір халықтардың жер аударылуы,оның мақсаты, көлемі және салдары
- •127. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
- •129. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •130. Ғылым мен білімнің дамуы(1946-1964жж)
- •131. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
- •140 Қ.Р егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср –нің мемлекеттік егемендігітуралы декларация. Қ.Р –ның мем-к тәуелсіздігі туралы заң.
- •141. Қр мемлекеттік рәміздері
- •142. Тәуелсіз Қазақстанның 1993 ж Конститутциясы
- •143. 1995 Ж қр –ның Конститутциясы және қос палаталы парламентке сайлау
- •146. Қаазақстанның халықаралық аймақтық ұйымдарға қатысуы
- •147. Қазақстан халқы ассамблеясы мен форумдары
95. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – ХХ ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған [10].