- •9.Сақтар археологиялық ескерткіштері
- •10.Ғұндардың тарихы
- •11. Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
- •17. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •18. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.Ғ)
- •20. Қыпшақ хандығы
- •22. Көне түрік жазуының ескерткіштері.
- •23. Түркі тайпаларының наным- сенімдері мен салт-дәстүрлері.
- •25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, м.Қашқари, а.Иассауи, ж.Баласағұн және т.Б.
- •30. Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы.
- •31. Қазақстан аймағы монғол ұлыстарының құрамында
- •40. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •48.Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өт
- •49. 17Ғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.
- •50.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерін атап көрсете аласыз.
- •51. Қазақ хандығының 16 ғ 2-ші жартысындағы сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерді атап өт
- •73. Бөкей Ордасы
- •74.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
- •77.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
- •81.Әкімшілік –сот реформасын аяқтау1886 – 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер.
- •83.XiXғ.Аяғы- xXғ. Басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару
- •84.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы.
- •87. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы және т.Б, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы.
- •88. Хх ғ басындағы қ-ң әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •89. 1905-1907Жж бірінші орыс революциясының қ-ға әсері.
- •91. ХХғ басындағы қазақ баспасөзі
- •92. Қазақстан Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •95. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •96. 1917 Жылғы Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы
- •97. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесі.
- •98. 1917 Ж. Екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
- •99. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы
- •100. «Соғыс коммунизм» саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •109. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
- •110. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және салдары нәтижелері.
- •110.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
- •124. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.
- •125. Хх ғ. 30-40жылдарында қазақстанға кейбір халықтардың жер аударылуы,оның мақсаты, көлемі және салдары
- •127. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
- •129. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
- •130. Ғылым мен білімнің дамуы(1946-1964жж)
- •131. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.).
- •140 Қ.Р егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср –нің мемлекеттік егемендігітуралы декларация. Қ.Р –ның мем-к тәуелсіздігі туралы заң.
- •141. Қр мемлекеттік рәміздері
- •142. Тәуелсіз Қазақстанның 1993 ж Конститутциясы
- •143. 1995 Ж қр –ның Конститутциясы және қос палаталы парламентке сайлау
- •146. Қаазақстанның халықаралық аймақтық ұйымдарға қатысуы
- •147. Қазақстан халқы ассамблеясы мен форумдары
11. Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жканьжуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады.Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. ҚараЕскеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553–572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553–554 жж) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғызтатар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі.571 жылы Естемі қаған Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582–593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581–618 жж.) шабуылы күшейді. Бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді.Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.