- •Силлабус
- •4. Оқу пәнінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты):
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы.
- •5.2. Пәнді оқытудың мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •5.5. Оқу пәнінің жоспары
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.
- •8. Пән саясаты.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Лексикалық тақырып: Анамның тілі – айбыным менің
- •8. Мына сөздердің қазақша баламасын мәтіннен табыңыз:
- •Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Түркі тілдер тобына енетін тілдер:
- •Студенттік өмір
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Мәтінді пысықтауға арналған тапсырмалар
- •Қазақ елінің рәміздері
- •1. Сөздермен жұмыс істеңіз (сөздікті пайдаланыңыз):
- •Мәтіннен омоним болатын сөздерді теріп жазыңыз.
- •5. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, “көк” сөзімен тіркесетін сөздер қатарын толықтырыңыз. Топ болып талқылаңыздар. Талқылаймыз
- •6. Сіздің пікіріңіз. Келісіңіз немесе қарсылығыңызды білдіріңіз
- •6. Дисскусияның негізгі сұрақтары мыналар деп айтуға бола ма?
- •7. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
- •13. Ақпараттарды топтап, қорытынды жасаңыз.
- •8. Мына сөйлемдерді талқылау мәтініне сәйкес аяқтаңыз:
- •9. Мына сөйлемдерді жазыңыз, оқыңыз. Біреудің сөзін, ойын айтыңыз.
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мазмұндаңыз:
- •3. Астананың қандай көрнекті жерлерін араладыңыздар? Топпен талқылаңыздар.
- •4.Сөздердің синонимдерін жазыңыз.
- •5.Берілген сөздерді орысша аудармасымен жұптастырыңыз.
- •Ойтүрткі. Мына сұрақтарға жауап берейік:
- •3. Мына сөздерді сөздіктен қараңыз:
- •5. Шын немесе жалған
- •14. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.
- •Анықтауыштық қатынасты білдіру
- •Мына етістіктер тобын оқыңыз, аударыңыз.
- •Мына сөйлемдерден анықтауыштық сөз тіркестерін табыңыз.
- •10. Топты полемикаға шақыратын сұрақтар дайындаңыз.
- •11. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
- •12. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:
- •13. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:
- •14. Шақтармен жұмыс істеу. Мына сөйлемдердегі сызықша орнына нақ осы шақ немесе ауыспалы осы шақ тұлғасын қойыңыз.
- •Притча о справедливости
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Төмендегі мақал-мәтелдерді екі топқа бөлініп толықтырыңыздар.
- •8. Айтылым. Жоғарыда айтылған мақал-мәтелдердің біреуіне әңгіме дайындаңыз.
- •9. Жазылым. Жаңадан алған етістіктермен (ұқсайды, тартады, аумайды) мысалдар жазыңыз.
- •10. Сөйлесім. Орысша берілген мәтіндегі (притча) кейіпкерлер арқылы қойылым қойыңыз.
- •«Бәрінен де уақыт қымбат»
- •Уақытыңызды қалай пайдаланасыз
- •Уақытты пайдалана білесіз бе?
- •Уақытты бағалай біл
- •Абай Құнанбайұлы
- •«Ғылым таппай мақтанба»
- •Осөж тапсырмасы
- •Сөж тапсырмасы
- •Ыбырай Алтынсарин
- •2. Сөздік сүйене отырып мәтінді аударыңыз.
- •Себеп-салдарлық қатынастың берілуі.
- •Сөздікпен жұмыс.
- •Әлем тарихынан қандай ұлы тұлғаларды білесіз? (Бір-біріңізбен сұхбаттасыңыз).
- •Оқыңыз. Таныс емес сөздерді сөздіктен қараңыз.
- •11. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •Кім лидер болғысы келеді?
- •Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыз. Таныс емес сөздердің сөздіктен қараңыз.
- •«Басшы келбеті қандай?» деген сұраққа жауап табуға тырысыңыз.
- •«Мен өзім қандаймын?» деген сұраққа жауап табуға тырысыңыз.
- •Себеп-салдар қатынасты білдіру
- •1. А.Сөйлемдерді себебі жалғаулығын пайдаланып, құрмалас сөйлем құраңыз.
- •1. Сөздердің мағынасына, қолданысына мән беріңіз. Сөйлемдердегі сөздерге керек жалғауларды жалғаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •2. Сұрақтарға жауап беру арқылы көршіңізбен сұхбаттасыңыз.
- •Қонақтарды қарсы алу, кәдесыйлықтар ұсыну
- •4. Мәтіннің көмегімен жалғаулар қойып, сөз тіркестерін аяқтаңыздар.
- •6. Жақшадағы сөздерді аударыңыз.
- •1. Мәтінді оқып шығып, мазмұндап беріңіз.
- •Жаңа Жібек жолы бағыты
- •2. Мәтінді оқып шығыңыз. Таныс емес сөздерден сөздік түзіңіз.
- •3. Жаңа сөздерді арнайы сөздік арқылы немесе оқытушының көмегімен аударыңыз. Мәдениет, музыка және ұлттық тағамдар
- •4. Мәтінге қарап сөздерге жалғау жалғаңыз.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерінің қазақша аудармасын мәтіннен табыңыз.
- •7. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •9. Мәтінді мазмұндаңыз. Жоғарыдағы тапсырмалар көмегімен сұхбат құрыңыз.
- •10. Мәтінді оқып шығып, сөздіктің көмегімен аударыңыз және оған тақырып қойыңыз.
- •11. Туған жеріңізде жер асты ескерткіштері бар ма? Жалпы, жер асты ескерткіштері жайлы қандай мәлімет білесіз?
- •12. Ұлттық мұражайлардың біріне саяхат жасап, алған әсеріңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Мынадай лексиканы қолданыңыз:
- •13. Мәтіндерде айтылған ұлттық қолөнері, зергерлік бұйымдар т.Б. Өнер туындыларының суреттерін экспонат ретінде жинап, топ болып көрме ұйымдастырыңыздар.
Қазақ елінің рәміздері
1. Сөздермен жұмыс істеңіз (сөздікті пайдаланыңыз):
Рәміздер, болмыс, мағына, парыз, түс, тұтастық, береке, еркіндік, таным, көркем, құрлық.
-
Мәтіннен омоним болатын сөздерді теріп жазыңыз.
3. Мына сөздердің түбірлес қатарын жазыңыз: мемлекеттік заң, көркем өнер, ресми, бейнеленген, тарих, ұқсас, тіккен, бояуы, мамандар, баға, тамаша.
4. Ойтүрткі
Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
а) Қандай түсті жақсы көресіз?
ә) Қай елдің мемлекеттік туын білесіз?
б) Түсі қандай?
в) Ол түс нені білдіреді?
г) Мысалы, Араб елдері туының түсі жасыл болады, арабша жазулар болады. Неліктен? Ойланып көріңіз.
5. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, “көк” сөзімен тіркесетін сөздер қатарын толықтырыңыз. Топ болып талқылаңыздар. Талқылаймыз
Оқытушы: Виктор, мемлекеттік рәміздердің болмысын, мағынасын жақсы білесің бе?
Виктор: Иә, бұл-азаматтық парызымыз. Мемлекеттік туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.
Қытайлық студент Вэй Чань: Зеңгір көк түс ненің белгісі екенін білесің бе?
Виктор: Зеңгір көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен құрлықтың белгісі. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.
Айжан: Иә, дұрыс айтасың, Виктор. Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті – көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.
Кристина: Тудағы күн бейнесі – геральдика заңы бойынша – байлық пен берекені білдіреді.
Кореялық студент Хан: Дұрыс айтасың, күн бейнесі, тағы да қандай елдердің туларында бар екенін білесіңдер ме?
Оспан: Қырғыз елінің мемлекеттік туында күн бейнесі бар.
Ернұр: Иә, күн бейнесі мемлекеттік туларда жиі кездеседі. Олардың ішіндегі ең атақтысы – Жапонияның «Күн дөңгелегі». Ол «Жапония – күншығыс елі» деген ұғымды білдіреді. Тайвань туында – ақ күн, Филлиппин туында сегіз сәулелі күн, Уругвай туында адамның бет бейнесіне ұқсас «Мамыр күні» бар. Қырғыз туындағы күн 40 сәулелі ғой.
Оспан: Ернұр, бұл ақпараттарды қайдан алдың?
Ернұр: Мемлекеттік рәміздер әлемдік каталогқа енген, арнаулы журналда жарияланған. Мысалы, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері де шетелдік мамандар тарапынан жоғары баға алды. Бонн қаласындағы дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р.Климеш бізге жазған хаттарының бірінде (8.08.1992 ж.) “Мемлекеттік туларыңыз ғажап екен. Мен оны алғаш рет теледидардан, Барселонадағы ойындарды тамашалау кезінде көргенмін” деп жазды. Мамандар, әсіресе, Елтаңбамыздың әлемдік тәжірибеде кездеспеген болмысына қызықты.
Виктор: Ал, тудағы қыран бейнесі еркіндік белгісі екен.
Кристина: Қыран құс бейнесі басқа елдердің рәміздерінде бар ма?
Оспан: Қырғыз елінің елтаңбасында ақсұңқар бейнеленген.
Виктор: Албания туында екі басты бүркіт бейнеленген.
Хан: Мемлекеттік туымыздағы ұлттық өрнек нені білдіретінін айта аласыз ба?
Мақпал: Ұлттық өрнек қазақ халқының поэтикалық және көркем танымын, мәдениетін, өнерін білдіреді.
Асқар: Басқа қай елдердің туларын білесіңдер?
Мақпал: Мен Финляндияның, Испанияның туларының түсі қандай екенін білемін. Испания туының түсі қызғылт сары, меніңше, бұл бояу испан халқының қызу қанды мінезін білдіреді. Ал, Финляндияның туы ақшыл көгілдір түсті. Бұл түс фин халқының бойындағы салқынқандылықты, сабырлылықты білдіреді.
Ернұр: Әлемдегі ең көне туды кім біледі?
Оспан: Мен айтайын, ол – Дания патшалығының туы. «Даннебрь» деп аталады. (Данияның күші) өзіндік тарихы бар.
Ернұр: Дұрыс айтасың. Ені мен ұзындығы бірдей жалғыз шаршы ту қай елдікі?
Хан: Ол Швецариянікі.
Юрий: Түркі тілдес елдердің туын кім суреттеп бере алады?
Вэй Чань: Мен Азербайжан Республикасының туын суреттеп берейін. Мысалы, Әзербайжан туы үш түрлі түстен : жоғарғысы – көк түс, ортаңғысы – қызыл түс, төменгісі жасыл түстен тұрады. Қызыл түсте жарты ай мен сегіз бұрышты жұлдыз бар.