Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
236
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар

Жорық қиындығын бағалау.

  • Туристік жорықтың 6 қиындық дәрежесі болады (1-6)

  • Жорықтың қиындық дәрежесі кедергілердің техникалық қиындығымен анықталады

  • Туризмнің әр түрінде жорық қиындығын анықтайтын кедергілері болады

  • Спорттық дәреже жорықтардың қиындығына, санына және жорықтарда атқарған міндетіне байланысты беріледі

Туристік жорықтар қиындығы (күрделілігі) бойынша алты дәрежеге бөлінеді. Жорықтың күрделілік дәрежесі (категория сложности похода) үш классификациялық көрсеткіштер жиынтығымен анықталады: 1) ұзақтығы; 2) қашықтығы;

3) маршруттың техникалық күрделілігі.

Маршрут ұзақтығы дегеніміз маршрутқа сәйкес дайындығы бар топқа, демалыс күндері мен ауа райы әсеріне қалдырылған қосымша күндерін есептемегенде ең кемінде алынған уақыт. Демалыс күндері (дневки) нормативті ұзақтыққа кірмейді, және олардың саны жорықтың жалпы ұзақтылығынан 20 % аспайды. Жорықтың ұзақтығын ережелер шектемейді, бірақ, егер күндер саны нормативті минимумнан дәлелсіз, себепсіз (мысалы,

кедергілердің мөлшері мен санының көбеюінсіз) түрде 25-30% асып кетсе, МКК жорық күрделілігін жүктеме қарқындылығы төмен болғандықтан бір категорияға төмендетуге қақысы бар. Саяхат күрделілігі нормадан асып тұрса, оны ұзартқан жөн.

Маршрут жолының арақашықтығы – саяхат күрделілінінің белгілі дәрежесінің ең кіші мөлшеріндегі. арақашықтығын тек қана асқан техникалық қиындығы болса ғана азайтуға болады, оның өзінде азайту мөлшері 25% аспайды.

Күрделілік дәрежені анықтағанда белгілі нүктелерден өтетін жол

есептеледі, кейбір объектілерге радиалдық маршруттар арқылы жетуге болады. Маршруттың негізгі бөлігі сызықтық немесе айналма, және ережеде нұсқауланған қашықтықтың 75 % кем болмауы тиіс, тау маршруты болса, осы күрделілікке нұсқауланған ең қиын екі асудан кем асулар саны болмауы тиіс. Радиалдық маршрут дегеніміз маршруттық кітапшада белгіленген, жолдың бастапқы нүктеге қайтатын кесіндісі. Айналмалы (басқа жолмен

қайту) радиалдық шығуларда өткен қашықтықтар мен кедергілер толығымен, сызықтық радиалдық шығулардікі – жартылай есептеледі. Кедергілер қиындығы өзгермесе, маршрут арақашықтығының ұзартылуы маршрут күрделілігін көбейтпейді.

Күрделілігі 3-6 дәрежедегі саяхаттар үзіліссіз өткізілуі тиісті.

Маршруттың үзілуі дегеніміз – төтенше жағдай болмаған кезде елді мекенде екі тәуліктен артық уақыт болуы және маршрут ішінде механикалық көлік қолдану болып табылады.

43.Қозғалу техникасы және табиғи кедергілерден өту

Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:

1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2. Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки» деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)

10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.

11. Көлбеуі 30аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады – өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.

Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады.

Мұздықтың үстінде қар жатпаса оны ашық мұздық дейді. Мұздың үстінде қар жамылғысы болса ол жабық мұздық. Мұздық үстімен жүріп келе жатқанда қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.

Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын байқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.

Егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе, еңбектеп өту керек. \

Судан өту. Ең алдымен өткелдер, көпірлер орналасқан жерлерді анықтау қажет.

Судан өтудің үш негізгі әдісі болады: су үстімен өту, суды кешіп өту, жүзу құралдарын қолданып өту.

Су үстімен өту – ең сенімді әдіс. Тас үстімен, жағадан сақтандырып, ағаш діңінің үстімен немесе арқан қолданып өту керек.

Сүды кешіп өту. Бір бірден, топпен, тірекпен және тірексіз өтеді.

Арқан қолданып өтсе, карабин немесе сақтандыру белбеуіне келетін қысқа шалу қолданылады. Ұстап қалушы (схватывающий) бауды қолдануға болмайды. Өтетін адам өзен бойымен арқаннан төмен болуы керек.

Жағада екі жерден сақтандыру жасайды, қиын жағдайда өзеннің бойымен төмендеу жерде ұстап қалу постын ұйымдастыру қажет.

Тәжік әдісі. Қауіпті емес өзендерден өту үшін, сақтандырусыз қолданылады. Ең күштілері жан-жағында, бірін бірі иығынан, рюкзак бауларынан ұстап өтеді.

Қаүіпті өзеннен өткенде 3-4 адам негізгі арқанмен байланады, баулары арқасында.

Жүзіп өту. Жақсы жүзе білетін туристер, жүзуге келетін өзендерде осындай әдісті қолдана алады.

Қар көпірімен өту қаүіпті әрекет. Өткен кезде қар көпірі қирап суға құлап қалу қауіпі бар. Егер өту керек болса, алдымен қардың тығыздығын мұзшапқышпен байқау керек. Ұстап тұрса, сақтандыру қолданып бірте-бірте өтуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]