Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ шпор каз.doc
Скачиваний:
194
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
326.66 Кб
Скачать

34. Аэс-тегі авария және қоршаған ортаға радио белсенді заттар шығуы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз.

Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бірқатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарады. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығуының нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. Жалпы авариялар ішінде радиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады. АЭС-да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқы ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті:

1)«Баршаңыздың назарыңызға!» ескеру дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып, радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала, екі нұсқадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқият орындау қажет;Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау.

2)Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қамту жөніндегі жұмыстарды орындау;

3)Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

4)Қозғалысты шектеу;

5)Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;6)Йодтың немесе калий йодының 3-5 % тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу: қолдану схемасы екі жасқа дейінгі балаларды йодтың басымен жеті күн бойы үш рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе шайға калий йодының 3-5 тамшысын қосып беру; екі жасқа дейінгі балаларға жеті күн бойында тәулігіне бір рет тамақтан кейін 40 мл 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 125 мл мөлшерде суға қосып ішкізу; судығ азық-түлікті қорғау, оларды шаң мен өтпейтін ыдысқа сақтау; тағам өнімдерін жуып шайып; мал қораларын қымтау; радио мен теледидарды қосып қою; ықтимал көшуге даярлану; (жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік қорын, дәрі дәрмекті, маусымдық киім мен аяқ киімді, іш киімд, құжаттарды, ақшаны, басқа құнды және аса қажетті) заттарды әзірлеу. Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет. Яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттан шығар алдында көшу үшін мұздатқышты тазалап, барлық электр және газ приборларын ажыратып, қоқыс салғышқа жылдам бұзылатын азық-түлікті, сұйықты, қоқысты апару керек.

35. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс

Авария - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек

-тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);

- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;

- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;

- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;

- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек.

ЙОД – бұл ерекше қасиеттерге ие болып келетін химиялық элемент.». Қарапайым йод микробқа қарсы әрекет етеді, оның ерітінділері жараны зарасыздандыруда кеңінен қолданылады. Теріге тиген кезде сілекейлі қабаттар тітіркену әрекетін көрсетіп, организм әрекетіне рефлексті өзгерістер әкелуі мүмкін. Денеге сіңген кезде йод зат айналымына белсенді әсер етеді, диссимиляция процесін күшейтеді. Адам ағзасында йидтың мөлшері өте аз, бар болғаны: 20-30 мг. Йодтың адам ағзасындағы ең басты қызметі – щитовидная железа гармондарын түзуге ат салысу. Ол гармондар кез келген механикалық процесстерді жүзеге асыру үшін ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге ат салысады, сонымен қатар толыққанды зат айналымын, биосинтез процессінің қалыпты ағысын, ағзаның дамуы мен өсуін, оның тері қабаттарының жаңарып отыруын қамтамасыз етеді. Радиациялық зақым алғанда қалқанша безінің жұмысы бұзылады, бұл зақымның соғында ағзада қалыпты йод бөлінбей қалады. Сол себепті йодты сыртай қабылдау керек. Йод көптеген ішкі ағзаларға қажет заттардың бірі. Сол себепті де оған деген қажеттілік жоғары. Қолдануды арнайны алдын ала анықталған тәртіппен қабылдаған жөн. Йодпен алдын алу 36ж үшін тұрақты йодпен йодты калиий ерітіндісін қолдану керек. Йодты калиийді тамақтан кейін шаймен, компотпен немесе сумен күніне бір рет 7-10 күн арасында қабылдау керек. 2 жасқа толмаған балаларға 1 рет қабылдау мөлшері- 0,04 грамм. 2 жастан асқан жасөспірімдерге- 0,125 грамм. 2 жасқа жетпеген баларға 5% ерітіндісінің 1-2 тамшысын 100мм сумен қабылдау керек. Ересектер үшін- 5% , 3-5 тамшы. 1 апта бойы 1 рет йод ерітіндісін тырнаққа жағып отыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]