- •1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік»,
- •2. «Адам тіршілігінің қауіпсіздігі» пәніне сипаттама беріңіз.
- •3. «Төтенше жағдайлар» түсінігін ашыңыздар.
- •4. Қазақстандағы «Азаматтық қорғаныс»: құрылымы мен қызметтерін түсіндіріңіздер.
- •5. Табиғи қауіптер: боран, бұрқасын, дауыл, найзағайды сипаттаңыз, қауіптен құтылу шараларын көрсетіңіз.
- •6. Табиғи қауіптер: сел, су тасқыны, сырғыма, опырылма
- •8. Діни секталар жөнінде түсінік, олардың түрлерін сипаттаңыз.
- •9. Лаңкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстау жолдарын көрсетіңіз.
- •10. «Жер сілкіні» ұғымына анықтама беріңіз, пайда болу себептерін атаңыз.
- •11. Жер сілкінісінің сипаттамалары: ошақ, гипоцентр, эпицентр, тектоникалық толқындар ұғымындарына анықтама беріңіз.
- •14. Жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде және сыртында қандай жерлер қауіпті екенін көрсетіңіз.
- •15. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы
- •16. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын келтіріңіз.
- •17.Адам ағзасына әсер етуіне қарай химиялық қарудың жүйелеуін келтіріңіз.
- •18. Радиобелсенді көздерді сипаттаңыз.
- •19,«Дезактивтендіру», «дегаздау»,
- •20.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуін келтіріңіз
- •21.«Шу», «діріл» ұғымдарына анықтама беріңіз, ағзаға әсері, олардан қорғану жолдарын сипаттаңыз.
- •22.Лазер сәулесі, ультрадыбыс, инфрадыбыстың ағзаға әсерін көрсетіңіз.
- •23.Иондаушы сәулелер, олардың ағзаға әсерін, қорғану жолдарын сипаттаңыздар.
- •24.Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау,
- •25.Электромагнитті сәуленің ағзаға әсері және олардан қорғану шараларын сипаттаңыз.
- •26. Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпті, қорғану шараларын бағалаңыз.
- •27.Сәулелі ауруға сипаттама беріңіз.
- •28.Өндірістегі өрт кезіндегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз.
- •29. Өндірісте жарылыс болған кездегі халықтың іс-әрекетін көрсетіңіз.
- •30. Жанартау атқылауы кезіндегі халықтың іс-әрекетін сипаттаңыз.
- •31. Су басу, сел кезіндегі халықтың іс-әрекетінсипаттаңыз.
- •32. Халықтың қар көшкіні, сырғыма, опырылма кезіндегі
- •33. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз.
- •34. Аэс-тегі авария және қоршаған ортаға радио белсенді заттар шығуы туралы хабарланғандағы халықтың іс-әрекетіне алгоритм құрыңыз.
- •35. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс
- •36.Қоршаған ортаға аса қауіпті ауру қоздырғыштар таралғандығы
- •37. Аса қаупті ауру қоздырғыштары ауаға таралғанда карантин мен обсервация қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.
- •38. Бұлшықетке ине шаншу қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.
- •40. Гидросфераны ластаушы заттардан қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •42. Қан кетуін тоқтату әдістерін келтіріңіз.
- •43. «Жара» ұғымын ашыңыз. Жара түрлерін келтіріңіз. Жараны стерильді өңдеу қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріңіз.
- •44. «Десмургия» ұғымын ашыңыз. Таңу түрлерін келтіріңіз. Таңғыш материалдарды, таңу техникасын, ережесін атаңыз.
- •46. Сүйек сынуы кезінде жүргізілетін алғашқы көмекті сипаттаңыз.
- •47. Реанимация тәсілдерін сипаттаңыз.
- •48. Клиникалық және биологиялық өлім белгілерін ажыратыңыз.
- •49. Жүрекке массаж жасау техникасын келтіріңіз.
- •50. Өкпені жасанды үрлеу техникасын келтіріңіз.
- •51. Тж кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуін сипаттаңыз.
- •52. Күйікке ұшырау, үсікке шалыну кезінде көрсетілетін
- •53. Жануарлар тістеген, жәндіктер шаққан кездегі іс-әрекетке алгоритм құрыңыз.
- •54. Тж кезінде қолданылатын қорғаныс құралдарыңың жүйеленуін келтіріңіз.
- •55. Тж кезінде қолданылатын тыныс мүшесін қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдарын сипаттаңыз.
- •56. Тж кезінде қолданылатын теріні қорғайтын жеке бас қорғаныс құралдарын сипаттаңыз.
- •57. Тж кезінде қолданылатын медициналық құралдарды (аи-2 қобдишасы, ипп) сипаттаңыз.
- •58. Радиациялық барлау құралдарының жұмыс істеу принципін келтіріңіз.
- •59. Химиялық барлау құралдарының жұмыс істеу принципін келтіріңіз.
- •60. Тж кезінде қолданылатын ұжымдық қорғаныс құралдарын сипаттаңыз.
1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік»,
Тіршілік дегеніміз - “кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті”. Қауіп дегеніміз – жоғалтудың әлеуетті, сандық өлшеуге болатын мүмкіндігі және табысты дамуға арналған қатерлер. Қауіп түсінігі қолайсыз жағдайлар мен салдардың жұмысында пайда болуы ықтималдығымен байланысты белгісіздікті сипаттайды.
"Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді. Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.
Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады. Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді: - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала); -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бүзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй.
2. «Адам тіршілігінің қауіпсіздігі» пәніне сипаттама беріңіз.
Міндеті:
қауіпті жағдаларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру;
қауіпті және зиянды фаторлардан қорғану және оларды жою жолдарын уйрету;
болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптыстыру;
ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі ұстау және саналы шешім қабылдауға уйрету;
Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру.
Адамзаттың қоршаған ортамен (табиғи, өндірістік, тұрмыстық) қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуде төтенше жағдайлардан қорғануда барлық білім жиының біріктіру.
Қоршаған ортаның негативті факторларының адамның физиологиялық күйіне әсерін, шығу тегі мен мәнін білм жетістігіне сүйіне отырып тереңірек оқыту, қауіптерді сандық және сапалық жақтан талдау.
Тіршілік қауіпсіздігінің принциптері мен жалпы стратегиясын болжау, әр түрлі экспериментальды оқиғалар мен аурулар кезінде сауатты шешім қабылдай білу.
ТҚ нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және тж зардаптарын жою жүйесімен танысу, азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсетуге үйрету
Жеке бастың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауакершілікпен қарау, зерделі көзқарас қатынасын қалыптастыру.
Қоршаған ортаның зиянды, қауіпті факторларын ажыратып оған баға беруіне дағдылану
Олардан қорғануға және зардаптарын жоюға үйрету
Өмір тіршілігіне қауіп төнгенде өз өзіне және басқаға көмек көрсету жолдарын үйрету.