Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сячсячсяс.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
96.8 Кб
Скачать

2.Қоғам,оның негізгі белгілері.

Қоғам-нақтылы мүддесі мен тілегіне сәйкес біріккен адамдардың жиынтығы.Қ-жеке адамдардың өзара қарымқатынасы,олардың арасындағы қалыптасқан байланыстар мен қатынастардың жиынтығы. Егер әлем картасына осындай байланыстардың жиынтығын енгізсек,онда қ-адамдардың тәжірибелік шаруашылық процесінде қалыптасқан байланыстары мен өзара байланыстарының жиынтығы. Белгілері:1)террито-

рия-индивидтер арасында қатынастар мен өзара әрекеттердің қалыптасқан,дамитын әлеуметтік кеңістігінің негізі болады.2)ішкі өзара байланыстарының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы өндіру қабілеті. Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне «ұжымдық сананы», ортақ жігердің болуын алады.Р.Мертон қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын «келелі құндылықтар» арқасында болады деп есептейді.Э.Шилз қоғам бүкіл территорияға бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана «ортақ биліктің» ықпалымен өмір сүреді деген сенімде болған.3)Қ-ның автономдығы және өзінөзі жоғары деңгейде реттеущілік. Қ өз іщінде пайда болған және жасалған нормалар мен принциптердің негізінде,институттар мен ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады.Өзін-өзі реттеушілік қ-ның маңызды қасиеті,себебі ол оның дербес өмір сүруіне толық мүмкіндік береді.4)қоғамның үлкен интеграциялық күші. Ол әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады,оларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады.

3. Қоғамның түрлері және қызметі

Үстірт қарағанның өзінде қазіргі қоғамдардың әр апуандығы байқалады. Қоғамдардың айырмасы анық (тілі, қатынаста болуы, мәдениеті, саяси құрылысы және т.т.), не онша анық емес (тұрақтылық деңгейі, әлеуметтік тұтастыққа бірігу деңгейі) білі-неді. Қоғам аса күрделі, көп деңгейлі құрылым болғандықтан, мұнда қандай да болсын әмбебапты топтастыру мүмкін емес. Көп таралған таптастыру бойынша қоғамдар дәстүрлі және индустриялды түрлеріне бөлінеді.

Бірінші тарихи қоғамды олар аңшылар мен жинаушылар қоғамы деп көрсетті. Осындай қоғамдардың басым көпшілігі көшпелі тұрмыс қалпында өмір сүреді, аңшылықпен айналысады.

Екінші қоғамның түрін олар бақ өсірушілік деп атады.

XVIII гасырдың аяғынан бастап өнеркәсіптік қоғамдардың негізін Үлыбританиядағы индустриялық даму қалады.

Қоғамдардың төрт түрінің өзгешіліктерін (экономикалық, әлеуметтік, саяси, туысқандық тұрғысынан) суреттеу әлеуметтік институттардың өзара байланысты екенін көрсетуге, бір-бірімен өзгеше келісушілікте болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Ф. Теннистің "қауым" және "қоғам" деген ұғымдары дәстүрлі қоғам мен қазіргі қоғамның айырмасын көрсетеді

Қазіргі ең тараған таптастыруда (Д. Белл, А. Турен, У. Ростоу, Р. Арон және басқалары) қоғамдарды дәстүрлі және өнеркәсіптік деп бөледі. Дәстүрлі қоғамға ауыл шаруашылық, эко-номика, көп қозғалмайтын әлеуметтік құрылым, дәстүрге негізделген әлеуметтік-мәдени реттеушілік тән.

Индустриялды (өнеркәсіптік) қоғамдар тікелей ғылыми техникалық дамудың деңгейімен анықталады. Қазіргі дүниедегі ең елеулі тарихи өзгерістер аграрлық дәстүрлі қоғамдардан өнеркәсіптік қоғамдарға өтумен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]