- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам
- •Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары
- •1 Зертханалық жұмыс. Айнымалы тоқтың жоғарғы вольтты сақтандырғыштары
- •1.1 Жалпы мәліметтер
- •1.2 Жіктелуі және қолдану облыстары
- •1.3 Балқығыш сақтандырғыштардың негізгі мінездемелері.
- •1.4 Балқитын айнымалы ток қорғағыштарының құрылымдары
- •1.5 Балқығыш сақтағыштарды таңдау
- •1.6 Жұмыс есептеуінің құрамы
- •1.7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •2 Зертханалық жұмыс. 1000 в-қа дейінгі аппараттар
- •2.1 Зертханалық қондырғының сипаттамасы
- •2.2 Жұмысты орындау реті
- •2.3 Жұмыстың есептік мазмұны
- •2.4 Бақылау сұрақтары
- •3 Зертханалық жұмыс. Өлшеуіш ток трансформаторлары. (өтт)
- •3.1 Өлшеуіш ток трансформаторларының векторлық диаграммасы мен сипаттамалары
- •3.2 Жұмыс бағдарламасы
- •3.3 Жұмысқа дайындық
- •3.4 Жұмысты орындау тәртібі
- •3.5 Есептеулер мазмұны
- •4 Зертханалық жұмыс. Өлшеуіштік кернеу трансформаторлары
- •4.1 Өлшеуіштік кернеу трансформаторларының векторлық диаграммасы мен сипаттамалары
- •4.2 Жұмыстың бағдарламасы
- •4.3 Жұмысқа дайындық
- •4.4 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.5 Қателікті және трансформация коэффицентін анықтау
- •4.6 Нтми типті кт оқшауламаны бақылау сұлбасының жұмысын тексеру
- •4.7 Есептеме мазмұны
- •4.8 Бақылау сұрақтары
1.7 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жоғарывольтті сақтағыштардың негізгі параметрлеріне анықтама беру.
2. Жоғарывольтті сақтағыштардың тоқ шектеуші қасиеттерінің себебі неде?
3. Уақыт-тоқтық және тоқ шектеуші сипаттамаларының маңызы және оларды қолдану әдісі.
4. Тоқ шектеуші және қарапайым сақтағыштардың құрылымдық сипаттамаларын түсіндіру.
5. Сақтағыштардың әртүрлі типтеріне салыстырмалы сапалық бағалау жүргізу.
6. Сақтағыштардың көрсеткіштерін таңдау және есептеу кезегі.
2 Зертханалық жұмыс. 1000 в-қа дейінгі аппараттар
Жұмыстың мақсаты: 1000 В-қа дейінгі аппараттардың құрылысын, міндеттерін, қолдану саласын, қосылу тізбектерін оқып білу және олардың техникалық мәліметтеріне сәйкес бірқатар сынақ жұмыстарын жүргізу.
2.1 Зертханалық қондырғының сипаттамасы
Зертханалық құрылғы жұмыс жасайтын стендке құрастырылған. Қорек көзі АП-503-полюсті автоматы көмегімен ортақ таратушы шкафтан беріледі. Кернеу және токты байсалды реттеу үшін ЛАТР-лар орнатылған. Олар өз автоматтарымен қоректенеді.
Құрылғының жүктемесі жүктемелік бірфазалы трансформатор арқылы жасалған, ол стендтің алдыңғы панелінде. Кернеу және ток мәндерін амперметр, вольтметр көрсетулерінен алынады. Стендтің сол жақ жоғарғы бұрышында ПМ-310 реверсивті жүргізгіш (пускатель), ал оң жақ жоғарғы жағында КТ-60 контактор орнатылған. Стендтің орта бөлігінде аппарат элементерінің сыртқа шығыс өткізгіштері орнатылған:
ЛI-С1, Л2-С2, Л3-С3 – бірінші жүргізгіштің бас түйіспелері;
Л'I-C'I, Л'2-С'2, Л'3-С '3 – екінші жүргізгіштің бас түйіспелері;
КI, КI – магниттік жүргізгіштің катушкасының кіріс өткізгіштері;
БКI, БК2 – магниттік жүргізгіштің блок-түйіспелерінің шығыс өткізгіштері;
ТРН – магниттік жүргізгіштің жылулық релесінің қыздыру элементінің шығыс өткізгіштері;
СOI, СО2, СО3 – үшфазалы асинхронды қозғалтқыштың шығыс өткізгіштері;
ПI, П2 – жүргізгіштің «пуск» батырмасының қысқышы;
«С» – жүргізгіштің «стоп» батырмасының қысқышы;
ЛI-СI, Л2-С2, Л3-С3 – контактордың бас түйіспелері;
Б К3 – контактордың блок түйіспелерінің шығыс өткізгіштері;
ФУ – фазакөрсеткіш;
П3, С3 – контактордың «пуск» және «стоп» батырмалары.
2.1 суретте қозғалтқыштың реверсивті емес жүргізгіш арқылы қосылуының принциптік сұлбасы көрсетілген. ЛI-СI, Л2-С2, Л3-С3 бас желілік түйіспелері қозғалтқышты қоректендіретін сымдарға қосылады. Электромагниттің К катушкасы 380 В желіге ИМ-310 ТРК жылулық магнит қжүргізгіштің ажыратқыш түйіспелері және «стоп», «пуск» басқару батырмалары арқылы қосылады. «Пуск» батырмасын басқанда 3,4 түйіспелері тұйықталады, кернеу «стоп» батырмасының 1,2 тұықталған түйіспелері арқылы және ПМ-310 магнитті жүргізгіштің жылулық релесінің түйіспелері арқылы К катушкаға беріледі.
Электромагнит якорінің тартылысынан кейін «пуск» батырмасын шунттайтын БК блок-түйіспелері тұйықталады. Бұл «пуск» батырмасын жіберуге мүмкіндік береді. Жүргізгішті өшіру үшін «стоп» батырмасы басылады. Қозғалтқыш артық жүктелгенде жылулық реле іске қосылады, ол К катушкасының тізбегін үзеді. Электромагнит якорі үзіледі де, жүргізгіш өшеді.